Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 10:50

Дүниежүзілік кәсіподақтар Федерациясы Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын қолдады

Дүниежүзілік кәсіподақтар Федерациясы (WFTU) Қазақстан Республикасының Президент сайлауына кәсіподақ ұйымдарының өкілі ұсынылуын қолдады. Федерация қарапайым жұмысшылардың мүдделерін білдіретін саяси емес ұйымның жоғары деңгейдегі күреске қатысуға ниет білдіргенін оң қабылдады.

Бұл туралы WFTU Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«We have been informed that in the election for the President of the Republic that will take place on November 20, the Commonwealth of Trade Unions of Kazakhstan “Amanat” nominated its candidate for the post of President. This is the first time in the history of Kazakhstan that trade unions participate independently in the political struggle. We stand by the workers of Kazakhstan and their just struggle.

«Бізге 20 қарашада өтетін Президент сайлауында «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығы» бірлестігі өз кандидатын ұсынғаны туралы хабарланды. Қазақстан тарихында тұңғыш реет кәсіподақтар саяси күреске қатысуда. Біз Қазақстан қызметкерлерін және олардың әділ күресін қолдаймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік «Аманат» кәсіподақтар Достастығы» бірлестігі Орталық Атқару комитетінің мүшелері 2022 жылғы 28 қыркүйектегі отырыс барысында 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің кандидатурасын ұсынды.

14 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы М.Қажыкенді Республика Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, тіркеу үшін үміткерлерге кемінде 118,2 мың қол жинау қажет болды. Мейрам Қажыкенді қолдап 122 184 қол жиналды, оның ішінде 120 055 қол сенімді деп танылды.

Дүниежүзілік кәсіподақтар Федерациясы - бұл 1945 жылы 3 қазанда Парижде құрылған Халықаралық демократиялық кәсіподақтар бірлестігі. Сол кезде ДКФ жарғысы қабылданды. Құжат Федерация жұмысының негізгі міндеттерін нақтылайды. Әсіресе  нәсілін, ұлтын, дінін немесе саяси нанымдарын ажыратпай әлемдегі барлық жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Штабтың баспасөз қызметі.

Оқылды 420 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет