Дүйсенбі, 31 Қазан 2022 17:25

Кредиттік тарих қаншалықты жиі жаңартылады?

2022 жылғы 1 қазаннан бастап заңнамаға енген түзетулер күшіне енді, осыған сәйкес қарыз алушылар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беру және жаңарту мерзімдері өзгерді. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

Бұл өзгерістер 2022 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының күшіне енуінің нәтижесі болды. Мәселен, 2022 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік серіктестіктерді және коллекторлық агенттіктерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік бюроларға берілген жаңа қарыздар туралы мәліметтерді бір жұмыс күні ішінде, ал кредиттік тарих субъектілері туралы кез келген ақпаратты кейіннен жаңартуларды 10 жұмыс күні ішінде беруге міндетті. Бұрын олар ақпаратты айына екі рет – 15 жұмыс күні ішінде жаңартып отыратын.

Бұл ретте кредиттік бюроларға 10 жұмыс күні ішінде:

- коллекторлық агенттіктерді;

- тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке беретін не төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынатын, жүйеленген белгілерін Үкімет айқындайтын ДК немесе заңды тұлғаларды;

- коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерді қоспағанда, барлық ақпарат берушілер мәлімет береді.

Олар үшін кредиттік бюроларға ақпарат беру мерзімі кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап 30 күнді құрайды.

Қазақстанда екі кредиттік бюро – Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) және Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жұмыс істейтінін еске саламыз, олар кредиттік тарихты қалыптастырады, бірақ дербес кредиттік есептерге өзгерістер енгізбейді. Мұны ақпарат жеткізушілер, яғни банктер, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және тауарларды кредитке немесе бөліп-бөліп сататын өзге де тұлғалар жасайды.

Сіз өзіңіздің жеке кредиттік есебіңізді:

- МКБ-дан – id.mkb.kz сайты арқылы;

- БКБ-дан – www.1cb.kz порталы және мобильдік қосымша арқылы;

- www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы;

- тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) ала аласыз.

Заңнамалық жаңалықтар кімге тиімді?

Ең алдымен, өзінің кредиттік тарихын үнемі қадағалап отыратын қарыз алушыларға тиімді. Олар жеке кредиттік есепте алаяқтық кредитті уақтылы тауып, дер кезінде оны даулауы мүмкін. Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау жөніндегі қызмет қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі www.fingramota.kz. медиа порталында қолжетімді. Кредиттік тарихыңыздағы ақпаратты даулауға өтініш беру үшін өзіңіздің деректеріңізді арнайы нысанда: ЖСН және телефон нөмірін көрсетуіңіз керек. Өтініштерді өңдеу заңнамада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың негізінде өтініш берушіге кредиттік бюролардан тиісті жауап жіберілетін болады.

Жаңа түзетулер алдап соғу арқылы қазақстандықтардың дербес және төлем деректерін иемденіп, жалған кредиттер ресімдеуі жиілеп кеткен қаржы алаяқтарының әрекеттерінен қорғануға қосымша көмек болады. Бір адамның бірнеше кредиттік ұйымдардан бір мезгілде қарыз алу алаяқтық тәуекелі төмендейді. Ақпарат жеткізуші кредиттік бюро базасынан қарыз алушының қысқа мерзімде бірден бірнеше кредит ресімдегенін көріп, күдіктеніп, оған қарыз беруден бас тарта алады.

Сондай-ақ, кейбір қарыз алушылар бір күн ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарында бірден бірнеше қарыз ресімдей алатын. Нәтижесінде олардың борыш жүктемесінің коэффициенті заңнамада белгіленген шекті мәннен асып кететін. Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек және қарыз алушы үшін басқа да жағымсыз салдар туындады.

Естеріңізге сала кетейік, борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) – бұл қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары бойынша төлемдердің оның ай сайынғы кірістеріне қатынасы. Кредиттік ұйымдардың БЖК-ны міндетті есептеу жөніндегі талапқа сәйкес, қарыз алушының барлық кредиттері бойынша ай сайынғы төлемдер оның ай сайынғы кірісінің 50%-нан аспауы тиіс. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, азаматтардың кредит алуға мүмкіндігі де соғұрлым аз болмақ және сәл қаржылық қиындықтар туындаса олардың қарызға бату ықтималы жоғары болады.

Төлемге қабілетсіз адамдарға кредит беруге жол бермеу үшін Агенттік БЖК-ны есептеуге қойылатын талаптарды күшейтті. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап БЖК-ны есептеу кезінде пайдаланылатын қарыз алушының кірістерін анықтаудың 12 өлшемшартынан қарыз алушының кірісінің барын дәйекті растамайтын 6 көрсеткіш алынып тасталды.

Осылайша, қаржы нарығы мен қарыз алушыларды берілген қарыздар туралы жедел хабардар ету үшін кредиттік бюроларда ақпаратты жаңартуға қатысты жаңалықтар кредиттік ұйымдарға қарыз алушының төлемге қабілеттілігін бағалауға, кредитке өтінімді қараған кезде қарыз алушының борыштық жүктемесі туралы жаңа ақпаратты көруге және жаңа қарыз беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Fingramota.kz сайтымен бірге өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

 

 

 

 

 

Оқылды 362 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет