Дүйсенбі, 31 Қазан 2022 10:02

Талпынған жан табысқа жетеді

Бәйдібек би ауылдық округіндегі кәсіпкер үшінші топ мүгедегі болғанымен, бүгінде өз ісіне белсене кірісіпті. Назерке Тоқтарбекова түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, өзінің шағын бизнесін де дөңгелетіп отыр. Биылғы жылы мемлекеттік  бағдарлама  аясында қолдау алған Назерке өзінің жетістіктерімен бөлісті.

Өмірінде ауру-сырқаудан хабары болмаған 24 жастағы Назерке бір сәтте-ақ тағдыр тәлкегіне ұшыраған. 7 сынып оқып жүргенде болған қайғылы жағдайдың кесірінен, жас қыз мүмкіндігі шектеулі жанға айналыпты. Дегенмен қайсар қыздың қимыл-қозғалысының шектелуіне қарамастан, өзін-өзі дамытып, алға ұмтылуы айналасындағыларды таң қалдырғаны сөзсіз. Өз бизнесін жолға қою жолында бар қиындықтармен күресе білген Назерке мақсатына біртіндеп қадам басып келеді. Бүгінде ол мемлекет тарапынан 500 мың теңге көлемінде  қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, құрал-жабдығын түгендеп, іске кірісуде. Қазір Назерке үйінде тігін тігіп, тоқыма тоқиды. Қолы қалт етсе, жақсы дүние жасауға әуес.  Қазір Назерке тоқыма бұйымдарын, қыз жасауын, құрақ көрпешелер, түрлі моншақтардан бұйымдар, қалыңдық гүлін, түрлі ойыншықтар мен өзге де дүниелерді жасайды.

– Мүгедек атанған сәттегі ішкі күйзелісімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Ол уақытта арманыма жететін мүмкіндік жабылды деп те ойлағанмын. Бірақ өмір сүруді жалғастырып, барлығын қайта үйренуге тура келді, – дейді Назерке Тоқтарбекова. Әрине, дені сау адамға қарағанда мүмкіндігі шектеулі жанның өз идеясын жүзеге асыру әлдеқайда қиынға түседі және қолдауды қажет етеді. Назеркенің барлық идеялары мен бастамаларын отбасы мен туғандары демеп, оған қамқорлық көрсетті.

Назерке бала күнінен өзіне ұнаған көйлекті тігіп, болмаса тоқып киеді екен. Ол кілем тоқуды тез үйреніпті. Тіпті мультфильм кейіпкерлері бейнеленген қуыршақтарды да тоқиды екен. Оның сөзінше, бастысы ынта болуы керек. Шындап іске кіріскен Назеркенің жасаған туындыларына көпшілік қызыға қарап, тіпті сатып ала бастапты.

Бір мезетте үлкен табысқа жетем деп айта алмаймын, себебі күн сайын тәжірибе аздығынан әртүрлі кедергілерге кезігем. Бірақ арманға бастайтын жол жеңіл болмайды, табысқа жету үшін біздің ішкі күшімізді тежейтін теріс ойлар мен шектелмелі ұғымдардан арылуымыз қажет. Айналамдағы адамдардың қолдауын үнемі сезініп жүремін. Алда тағы маған үлкен қолдау көрсетіліп жатса, өзімнің тігін шеберханам мен арнайы дүкенімді ашсам деймін. Тоқыма тоқудың, тігін тігудің адам денсаулығы үшін де пайдасы зор. Саусақ жаттығуына әсері бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі осы өнер түрін арнайы курс ретінде қолданады. Бұдан бөлек, қазір өзім секілді жастардың қолөнерге деген қызығушылығы артып келеді, – дейді Назерке Тоқтарбекова. Біз еңбекқор әрі жігерлі бойжеткенге үлкен табыстар мен сәттілік тілейміз.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 441 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет