Дүйсенбі, 17 Қазан 2022 11:31

Спортзал жабдықтармен толықты

Қазақстан ауылдық округінің жастары жұдырықтай жұмылып, елді мекенге қажетті спортзалдың қабырғасын қалаған болатын. Енді міне, сол ауыл игілігіне бой көтерген спортзал жаттығуға қажетті құрал-жабдықтармен толықты.

Аталған шараға орай ауылда салтанатты басқосу өтті. Жиынға облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, еркін күрестен 5 дүркін әлем чемпионы Алмат Кебісбаев, ауыл ақсақалдары, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
«Біз, 1981-1998 жылдары туған жігіттер бірлесіп, ауылға спортзал салып беруге шешім қабылдадық. Себебі, елді мекендегі мектептің спортзалы үнемі бос болмайды. Ал балалардың жаттығуға деген ықыласы зор. Қазіргі таңда бұл жерде 3 жаттықтырушы қызмет етеді. Бокс үйірмесіне – 40, еркін күреске – 25, каратэге 20 бала қатысады», – дейді ауыл жігіттерінің басын қосып, залдың бой көтеруіне ұйытқы болған Мұхит Дүнгешев. Оның айтуынша, ауыл азаматтары былтыр «Батыр боламын» қорына материалдық базамен қамтамасыз етуді сұрап өтініш жасаған. Қор «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегіне жүгініпті.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, жыл соңына дейін еліміздің түкпір-түкпірінен 24 спортзал ашуды мақсат етіп отырмыз. Қоғамдық қордың басты қызметі – балалар мен жастардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасау. Ал біздің «Батыр боламын» қоры әкімшілік жұмыстармен қатар жаттықтырушылардың еңбекақысын реттеу секілді мәселелермен айналысады. Екі қордың да мақсаты – балаларды спорт арқылы тәрбиелеу, биылғы межеміз 10 000 оқушыны тегін үйірмемен қамтамасыз ету», – дейді «Батыр боламын» қорының президенті Арман Уахап. Айта кетсек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бұл залдың жабдығына 7,7 млн теңге қаржы бөліпті.
Қазақстан ауылында өткен спорттық шарада округ әкімі Марат Сүгірбаев жаттығу залын жабдықтауға қол-ұшын берген азаматтарға алғыс айтты. Сонымен қоса, «Батыр боламын» қорына аудан әкімі Алтай Досумбаевтың арнайы алғыс хатын табыс етті. Шара соңында, спорттық үйірмеге қатысып жүрген балалар өз өнерлерін көрсетті.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 459 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет