Бейсенбі, 25 Тамыз 2022 10:40

Билік пен халық жақын болса даму бар

Өткен аптада облыстық мәслихаттың депутаты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Бағдәулет Үстенов ауданымызға іс-сапармен келді. Аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов, Есік қаласы әкімінің орынбасары Марлен Мұратов және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мамандарымен дөңгелек үстел өткізді.

Күз мезгілінде жылыту маусымына қызу дайындық басталып, тұрғындардың әлекке түсетіні белгілі. Бағдәулет Нығметбекұлы осы мәселе бойынша бірқатар мәліметтер алды. Облыстық мәслихат депутаты өз кезегінде:

– Бүгінгі таңда халық пен билік арасындағы байланыс үзіліп бара жатқан секілді. Сондықтан, бұл олқылықтың орнын толтырып, тұрғындармен байланысты нығайтып, жұртшылықпен бірге жұмыс жасауымыз қажет. Әкімдіктегі қызметкерлер халықтың шағымын жедел мәслихат депутаттарына жеткізіп отырса, мәселелердің шешім табуы жылдам болар еді, – деп алдағы уақыттағы қызмет барысына оң қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Марлен Мұратов:

– Қазіргі уақытта Есік қаласының 51 пайызы ғана табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл ретте мердігер компаниялар өз мәселелерін алға тартады. Әзірге жоспарға сәйкес жұмыстары орындалған жоқ. Дегенмен жылыту маусымына дайындық қарқынды жүзеге асуда. Жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынастамыз, – деді.

Дөңгелек үстел барысында Бағдәулет Нығметбекұлы мен Ерік Әзілжанұлы Есік қаласындағы бірқатар мәселелермен танысып, соған сәйкес атқарылатын шараларды, өздеріне әрі мемлекеттік қызметкерлерге артылған міндеттерді жоспарлады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 463 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет