Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:04

Аруларға құрмет көрсетілді

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің мерекелік салтанатты жиыны өтті.

Көктем күніндей құлпырған арулар, асыл жар мен ақжаулықты әжелер керемет көңіл күймен концертке ауданымыздың әр түпкірінен жиналды. Аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиевтің атынан әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев қоғам өміріндегі әйелдер қауымының алар орнын ерекше атай отырып, «Отбасының ұйытқысы ғана емес, бүкіл елдің тұтқасы болып отырған нәзік жандылар, сіздерге алғысымыз шексіз! Мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және әйел бақытын тілеймін. Тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында абыройлы еңбек ете беріңіздер!», – деп алғысын айтты. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар, «Алтын» мен «Күміс» алқа иегерлері, денсаулық пен білім саласында, спорт пен мәдениетте, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінде және өзге де салаларда ерлермен қатар еңбек етіп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген жаны нәзік қыз-келіншектер қауымына мерекелік Алғыс хаттар мен Грамоталар табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, әуезді ән мен тәтті күйден шашу шашылды.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ.

Оқылды 758 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет