Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 10:33

Мәңгілік ел – мұратым

МӘҢГІЛІК ЕЛ – АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҒАСЫРЛАР БОЙЫ АҢСАҒАН АСҚАҚ АРМАНЫ. МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІН ЖАҚСАРТЫП, БІРЛІГІН АРТТЫРЫП, ОТАНЫМЫЗДЫҢ ДАМЫП, ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖАҢА ҚАДАМ.ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТҰТАСТЫҚТЫҢ БІРҚАЛЫПТЫ ДАМУЫНЫҢ ЖОЛЫ.

Қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай?» деген талқыға жиі түсіп жүрген сауалға Елбасы: «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» – деп, нақты жауап берді. «Мәңгілік ел» сөзінің бастауы тым тереңде жатыр. Біздің жалпыұлттық идеямыз ежелден бастау алады. Осыдан 13 ғасыр бұрын «Түркі халқының мұраты – мәңгілік ел» – деп, Тоныкөк өсиет қалдырған болатын.

Елі мен жерін қорғауда ата-бабамыз қаны мен терін төгіп, сыртқы жау басқыншылықтарына тойтарыс беріп, қазақ жерін аман сақтап қалуда аянбады. Мақтанышымызға айналған тәуелсіздігіміз де сан ғасырғы бабалар арманымен келді. Бүгінгі күні «Мәңгілік ел» құндылықта-рын патриотизм, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, білімпаздық, оқымыстылық сынды ұғымдар толықтырады.Қазақстанды жарқын болашаққа жетелеп, мәңгілік елді қалыптастыратын – болашақ ұрпақ пен саналы жастар. Себебі біз – қазақ деген халық қайтпас та қайсар кешегі Бөгенбай мен Қабанбайдың, Кенесары мен Абылайдың ұрпағымыз. Осындай тұлғалардың ұрпағы екенімізді бойымызға сіңіріп, Мәңгілік ел ұғымдарын мәңгі қастерлеп өту – үлкен парыз.

Қазіргі кезде қолжетімді ақпараттар мен дамыған технологиялар жастарға кері әсер етіп, теріс іс-әрекеттерді жасауларына себеп болуда. Білім, сауаттылық деңгейінің төмендеуі салдарынан қазіргі таңда көптеген жастар теріс діни ағымның жетегінде кетіп жатыр. Ол халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Оған қарсы тұрудың шарттары – жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу. Өйткені қазақ халқының қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтарды санасына сіңірген жастардың қолында.

Қорыта айтқанда, ендігі міндет – бабалар аманатына адал болып, Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Ата-бабаларымыздың арманы болған егемендігімізді тұтастай сақтап, мұратымызға айналған Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етейік.

 

Дильназ МҰХАММЕДОВА,

№1 Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Оқылды 30748 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет