Жұма, 26 Наурыз 2021 16:02

Ұста Дәркембайдың өнердегі сегізінші қыры

Қазақ қолөнерінің асқан шебері, зерттеушісі ұста Дәркембай Шоқпарұлының, Жүргенов атындағы өнер университетінің профессоры Ұстаз Дәркембай Шоқпарұлының сегіз қырының бірі ақжарқын әзілқойлығы, сонымен бірге ақындығы, суретшілігі, мүсіншілігі, ағашпен де, темірмен де, терімен де, басқа да қолына түскен материалды қолданып өнер туындысын жасай алатындығы... Әлемге белгілі мүсіншіге «Әйгілі скульптураларыңыз қалай жасалды?» деген сұраққа юморға жақындығы бар суретші: «Кесек гранитты алдыма қоям да, артық жерлерін алып тастаймын. Сөйтіп әлемге әйгілі скульптура шыға келеді», – депті әзілқой мүсінші. Менің досым, замандасым Дәркембай да, тастан қашап, ағаштан жонып, темірді балқытып, балшықтан сомдап неше түрлі өнер туындыларын, тура мағынасында терін төгіп жүріп тудырып жүрсе де әзіл-сықақтан құралақан емес еді. Ұста Дәркембайдың көзі тірісінде әр кез бірге жүріп, бірге тұрған өткір сөз, әзіл-сықағын жазып алып, жариялап жүрген ұста Шоқпарұлының өмірбаяншысы Кәмнұр Тәлімұлы кезінде «Дәркембайдың дегендері» деген атпен шығарған жинағынан әзілдерін де бере отырып, өзі туралы өзінің өнердегі, ұлттың қолөнеріндегі орнын айшықтаған бес шумақ өлеңмен бастағанды жөн көрдім.

Бабамнан қалған мұра төс пен көрік,

Ұста әкемнің үлгісін өскем көріп.

Ұғынамын осыны мол байлық деп,

Басқа байлық мен үшін бес теңгелік.

Қысқашы мен бабамның балғасы бар.

Үзілмейтін өнердің жалғасы бар.

Әкем марқұм тұтынған әр аспапта,

Қолының табы менен таңбасы бар.

Мал қалмады, әкемнен тал қалмады,

Мансұқ еттім өнерді жалғағанды.

Ден қойдым ата мұра – қолөнерге,

Айтшы кім, сол өнерге таң қалмады?!

 

Балғамменен қаламым – қос қанатым,

Өлең – өнер бәйгеге қосқан атым.

Мен үшін осы екеуі болмай қалса,

Секілді мынау жалған бос қалатын...

 

Сомдадым сөз асылын қаламыммен,

Аздаған АЛЛАМ берген талабыммен.

Қос қанатым – қаламым, балғам барда,

Қалайша қол қусырып қаламын мен.

 

Сен бе едің?...

Белгілі күйші, сазгер Секен Тұрысбеков пен Дәркембай Шоқпарұлы бір үйде бірге қонақта болыпты. Секен шақырылған үйге сәл ертерек келіп жиналған жұртқа күй тартып отырғанда, кешігіңкіреп келген Дәркембай үндемей отыра қалып күй аяқталғанша ұйып тыңдап отырады.

Секен бірнеше күй тартып домбырасын сүйей бергенде орнынан қарғып тұрып Дәркембай:

–  Секен күйші сен бе едің.

Бекем күйші сен бе едің?

Құлағымның құрышы,

Қанғанынша сенбедім,

Өрлей берсін өнерің,

Жана берсін еңбегің! – деген екен... Көп ұзамай-ақ арқалы ақынның айтқаны келіп, Секен Тұрысбеков республикалық жастар сыйлығының иегері атанады.

 

Өзі кәрі болады...

Сол өнер академиясында Дәкеңмен қызметтес, тарих ғылымының докторы, профессор, Кеңес деген кісі Ұлы жүзден тарайтын Сарыүйсін деген елдің баласы екен. Дәкеңнен жасы бірталай үлкен болғанымен әзілдері жарасып, араласып тұратын. Сол Кекең жасы жетпісті алқымдаған шағында жас тоқал алып, тойға әзілқой інісі Дәркембайды да шақырады. Той болған соң ақ тілектер арналып, әртүрлі әзіл-қалжыңдар да айтылып жатады. Кеңестің өзі сары, көзі көк кісі екен. Сөз кезегін алған Дәкең әзілдеп, «Сарыүйсіннің көзі көк, өзі сары болады, қатыны жас, ал өзі кәрі болады» – деген екен.

 

Альбом жайында «Айтыс»

«Өнер» баспасынан Қазақстанға аты мәлім суретшілердің, қолөнер шеберлерінің альбом-кітаптары жыл сайын шығып тұрады. Сондай кезекті бір альбом республика Жастар Одағының сыйлығын алған атақты шебер, қолөнерші Дәркембай Шоқпарұлының шығармашылығына арналып, баспаның жұмыс жоспарына енгізіліп қояды. Бірақ соңғы жылдардағы қағаз тапшылығы салдарынан баспа біраз қиындықтарға ұшырап, альбомның шығу мерзімі кешеуілдей береді. Дәркембай да «альбомым не болды?» деп тақақтап баспагерлердің де мазасын алмай, үнсіз жата береді. Бірде баспаның бас директоры Әлібек Асқаров Дәркембайдан мынандай жалғыз парақ хат алыпты:

«Құрметті Әлібек,

Альбомым менің кәні? – деп,

Әлі күтіп отыр ғой

Дәркен ағаң зар илеп».

 

Әлібек те Дәркембаймен қалжыңдасып ойнай береді екен, ағасын ұзақ күттірмей:

«Құрметті, Дәр-аға,

Жаның шығып бара ма?

Ақша деген нема ғой

Көк тиын жоқ қорада.

 

Адам салып араға.

Қағаз тапсақ параға,

Көтерсең бар шағынын –

Альбомың сонда барады-ә» – деп,  жауап жазып жіберген екен.

 

Х.Қасымұлы

Оқылды 1378 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет