Қазақ Абай өз дәуірінде айтып кеткен "бес дұшпаннан" әлі күнге толық арылып болған жоқ. Бұл туралы Преезидент Қ.Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған "Абай – рухани реформатор" мақаласында айтты. Мақаланың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы.
Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты со­ның көпшілігін онлайн форматқа ауыс­тырдық. Әрине сан сынақтан сү­рін­беген халқымыз бұл дертті де жеңе­ді. Қиындық  өтпелі, ал Абай мұрасы мәң­гілік. Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп бел­гілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткі­зіліп тұратын болады. Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туын­ды­ларынан терең тәлім алуда. Абай­дың рухына тағзым ету – оның қағи­датын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың сана­сына қастерлі құндылықтарды сіңі­реміз. Біз ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы туралы айтудан жа­лық­­паймыз. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоға­мын Абайдың рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды. Мен бұл жөнінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда кеңінен айттым. Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей­тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу – азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай – әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға. Абай­тану­дың тұ­ғыр­намалық негізі де осы болуға тиіс. Қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыс­тар қол­ға алынуда. Оның шығарма­ла­ры әлем­нің он тіліне аударылып, бас­паға әзірленді. Бұл кітаптар жүз­ден астам елдің кітапханалары мен мәде­ни орта­лықтарына жіберіледі. Бірқа­тар шетел­дік аудармашыларға, Абай­дың шығар­машылық мұрасын зерттеу­ші­лер мен насихаттаушыларға менің Жар­лығыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шарала­ры жалғасуда. Шетелдегі елшілік­тері­міздің жанынан Абай орталықтары ашыла бас­тады. Ақынның шығар­ма­шылығын жүйелі зерттеу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академия­сы құрылды. Біз бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идея­сы да оның көзқарасымен үндесіп жат­қаны анық. Келесі жылы Қазақстан Тәуел­сіз­дігі­нің 30 жылдығын атап өтеміз. Бірақ ке­зінде ұлы ойшылды қатты толған­дырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі. Өкінішке қарай Абай айт­қан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жал­қаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша той­құмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады. Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді.  

Ең алдымен, білім игеру. Біз бү­кіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. За­ман талабына сай білім алу интел­лек­туалды ұлт қалыптастыруға жол ашады. Екінші, тәрбие мәселесі. Сон­дықтан, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет. Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп ар­­ман­дады. Әсіресе бәсекелестікке толы ал­мағайып заманда мұның мәні зор. Абай: «Мал керек болса, қол­өнер үй­ренбек керек. Мал жұтай­ды, өнер жұта­майды» дейді. Біз ең­бекке, жаңа өнер иге­руге деген көзқа­расымызды түбе­гейлі өзгертуге тиіспіз. Байлықтың да, бақыттың да кілті – өзің сүйген кәсіпте. Төртінші, ынтымақ мәселесі. Абай әрдайым қоғамның береке-бірлі­гін арттыруға ден қойды. Ол «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос» деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткеру­деміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынты­мағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүре­гімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сон­дық­тан бүгінгідей қиын шақта Абай мұ­расына жүгіну өте өзекті  болып отыр. Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімейді. Ол баршаға түсінікті әрі күллі адамзатқа ортақ. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін өмірлік бағдар болып келеді. Ұлтының болашағы үшін қам жеген ұлы ойшыл күллі жұртшылықты да махаббат пен мейірімге үндеді. Ақынның осындай адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпақтары үшін де аса қажет. Мемлекет тәуелсіздік жағдайында ұлттық сананы қайта жаңғыртуға және жаһандану өзгерістеріне бейімдеуге жалпыұлттық  тұрғыдан басымдық беріп отыр. Ұлы данышпан елдік мүддені әрдайым жоғары қоюға, алған білім мен тәжірибені халық игілігіне жұмсауға шақырды. Бүкіл адамзат үшін даму үрдісін осындай ұстаным арқылы ұғыну әрдайым маңызды болмақ. Абай – біздің ұлтымыз бен жұрты­мыз­ды танудың төте жолы. Ұлы ақын бізге мазмұндық тұрғыдан өлшеу­сіз, ха­­лық­тың рухани азығына айнал­ған мұра қалдырды. ХХІ ғасырға қадам бас­сақ та, Абайдың көзқарасы заман­ауи із­гі­лік қағидаттарына және Қа­зақ­стан қо­ғамының басты құндылық­тарына, оның бірлігі мен берекесіне толықтай сай ке­летіндігіне тағы да бір мәрте көз жеткі­земіз. Ұлы данышпан ұлттың рухани мә­дени, адами бет-бейнесін асқан көре­гендікпен сипаттаған. Оның ұлылығы да осында. Абайдың даналық сөздері қазақ халқының алтын тұғыры, түп негізімізге үңіліп, ұлттық ұстынымызды іздеген көп­теген ұрпақтың басын біріктіретін мәң­гілік рухани тірек болып қала бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген бо­латын. Бұл тұжырым бізді ақын әлеміне терең бойлауға, жаңаша ойлауға мін­деттейді. Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!


В Алматинской области активно реализуются ведущие государственные программы «Дорожная карта занятости -2020» и «Еңбек».

В рамках программы «Дорожная карта занятости» по области запланировано 977 проектов на общую сумму 109,2 млрд. тенге с созданием 20949 рабочих мест.

Это значит, что не менее 10-и проектов реализуются в каждом районе области в рамках ДКЗ.

«В Алматинской области «Дорожная карта занятости-2020» осуществляется по нескольким направлениям. Это капитальный ремонт, реконструкция социальных объектов, благоустройства населенных пунктов, строительство врачебных амбулаторий, фельдшерско-акушерских пунктов в сельской местности»,– отметил руководитель управления координации занятости и социальных программ Алматинской области Маржан Мурат.

Также в регионе успешно ведется государственная программа развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек».

«Государственная программа осуществляет подготовку кадров с учетом потребностей рынка труда. В рамках программы организуются краткосрочные курсы по подготовке кадров в нужной специализации»,– подчеркнула она.

Напомним, что программа «Еңбек» в области осуществляется по четырем направлениям.

Это – обеспечение участников программы техническим и профессиональным образованием и краткосрочным профессиональным обучением; развитие массового предпринимательства; развитие рынка труда через содействие занятости населения и мобильность трудовых ресурсов; реализация комплексных мероприятий национального проекта «Жастар - ел тірегі»

Жұма, 07 Тамыз 2020 10:46

Ең үлкен киізүй құрылды

21-23 тамызда Мажарстанның Бугац қаласында дәстүрлі түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы өтеді. 

Бастауын 2007 жылдан алған халықаралық шараға күллі түркі-ғұн ұрпағының өкілдері қатысады. Құрылтай аясында ежелгi көшпендiлердің дала мәдениетi, қолөнері мен өркениеті, ұлттық спорт түрлері, тұрмыс-салты көрсетіледі. Сонымен қатар, осы салада еңбектеніп жүрген ғалымдардың зерттеулері ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасылады. Құрылтай-2020 бағдарламасының ерекшелігі сол, онда биыл әлемдегі ең үлкен Киіз үй тігіледі. Киіз үйге ұлы дала қолбасшысы Атилла (Еділ қаған) есімі берілген. Биіктігі 7 метр, диаметрі 20 метр болатын киіз үйдің негізгі ерекшелігі оның жиналмалығында және көне ғұн дәстүрі бойынша жабдықталғанында. Үйді безендіруші ғалымдарың айтуынша, киіз үйдің ішінен археологиялық, антропологиялық зерттеулер барысында табылған көне мұрағаттар көрмесін тамашалауға болады. Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі, шара қатысушылары мен келген қонақтар, мүмкіндігінше, ұлттық киімін киіп, орта ғасырдағы (9-10 ғғ.) қару-жарақ, құрал-сайман, әшекейлерін көрсетуге тырысады. Әдемдегі соңғы жағдайларға байланысты биыл Қазақстаннан ресми делегация келмесе де, Мажарстандағы қазақ диаспорасы мен студенттері көмегімен қазақ мәдениеті мен салтын танытатын бағдарлама дайындалуда. Биылғы Құрылтайға кәрі құрлықтың көптеген мемлекетінде тұрып жатқан қандастарымыз келеді деп жоспарланyда. Шара ұрпақ сабақтастығы мен ұлыстар достығының бекуіне ықпал етеді. Тағы бір айта кетерлігі, Мажарстан Үкіметі жариялаған эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, биылғы Құрылтай денсаулық сақтау шараларын ескере отырып, ашық алаңда өтеді.

«Мажар-Тұран» халықаралық қорының негізгі мақсаты – ерте түркі-ғұн мәдениетін жаңғыртуға ғылыми ортаны тарту, сол саладағы ғылыми зерттеулер арқылы көпшілікке тарихи тамырластықты таныту. Естеріңізге сала кетейік, түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы – көшпенділер өркениетін танытатын Еуропадағы ең ірі шара. Тұңғыш қазақ-мажар Құрылтайы «Ғасырдан кейінгі кездесу» деген тақырыппен Қазақстанда өтсе (Қостанай обл., Қазақстан, 2007 ж.); екіншісі 2008 жылы Мажарстанның Бөстөрпуста аумағында ұйымдастырылды. Үшіншісі «Тұран халықтарының Құрылтайы» деген атаумен 2010 жылы Мажарстанның Бугац мекенінде өтті. Содан бері түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы дәстүрлі шара ретінде әр екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді.

"Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз

Бақылаудың бұл түрі ешқашан тиімді болмаған. Академиялық дербестікті кеңейту жағдайында әрбір ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын дайындағанда ОЖСБ іс жүзінде қажет болмай қалады" деген министр жазбасында.

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Бұл туралы жақында ашылған «Abai tv» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта ол әзірленіп жатыр. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ», — деді Қырымбек Көшербаев.

Жұма, 07 Тамыз 2020 10:07

Пневмония өршіп тұр

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы тіркелді, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан мәліметтерде пневмониядан елімізде өткен тәулікте 18 адамның қайтыс болғаны айтылады.

Жалпы, елімізде 1 тамыздан бері певмониямен ауырғандар саны 11 008 адамға жетсе, қайтыс болғандар саны -120 адам.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды», - делінген хабарламада.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бейнеконференция байланысы режимінде жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Кеңесте еліміздің биоқауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер, осы сала бойынша жеке заң әзірлеу, халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау, кадрлар даярлау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жұмысын дамыту қажеттігі талқыланды.

Мәселелерді талқылау барысында ғалымдар мен сарапшылар еліміздің биоқауіпсіздігін одан әрі дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеу үшін диалогтық алаң ретінде құрылған кеңестің маңыздылығын жоғары бағалады.

Білім және ғылым министрлігі биоқауіпсіздік және биотехнология саласында елімізде 12 ғылыми ұйым жұмыс істейтінін, бүгінгі таңда осы ұйымдар аса қауіпті ауруларға қарсы 68 вакцина, биологиялық препараттардың 52 түрін әзірлегенін хабарлады.

Бұл Кеңес үздік әлемдік практикаларды Қазақстанға енгізу үшін беделді халықаралық ұйымдармен, биоқауіпсіздік жөніндегі зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жолға қояды, сондай-ақ басым бағыттарды дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, биоқауіпсіздік саласындағы өнім өндірудің отандық нарығына талдау жасайды.

Премьер-Министрдің орынбасары пандемия жағдайында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Кеңес жаңа технологияларды енгізуді, цифрландыруды, ғылыми жаңалықтарды, сондай-ақ болашақты болжайтын деректерді ескере отырып, биоқауіпсіздікті дамыту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуі тиіс. Қысқа мерзімде биоқауіпсіздік саласындағы кадрлардың қажеттілігін анықтау, қазіргі талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын өзектендіру, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің бағыттары мен тақырыптарын, олардың практикалық маңыздылығын күшейте отырып қайта қарау талап етіледі. Сонымен қатар биоқауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет», — деді Е. Тоғжанов.

Бұл жағымды жаңалық Түркістан облысы, Ордабасы ауданынан жетті. Аудандағы орталық аурухананың коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған бөлімі босап, соңғы науқас ауруынан айығып шығыпты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері Ордабасы аудандық ауруханасына барып, өздері көзбен көріп қайтты. Өңірдегі көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады. Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болса, өзге емделушілер толық жазылып шыққан.

Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдің төсек саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда. Аудандық аурухана  өкпені жасанды желдету 9 аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. Қауіпті індет жұқтырғандардың бірі Мырзабай Оңлабек ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен. 80 жастағы ақсақал бүгінде жағдайының жақсарғанын айтады. Дертінен айығып, үйіне шығарылған зейнеткер бүгінде дәрігерлерге алғысын жаудырып отыр. «Қоғамдық бақылау» өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты. Олар сонымен қатар Түркістан қалалық орталық ауруханасын да аралап көрді. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған топ өкілдері медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалауды және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан.

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 кезең: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 23 жұмыс күні, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі кірмейді; 2 кезең:жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне шешім шығару - 7 жұмыс күні.

құжаттардың топтамасын тапсыру үшін жол берілетін күту уақыты – 15 минут;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші-өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат

 

Мекенжай: «Қаратұрық ауылдық округі

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Қаратұрық ауылы, Жібек жолы көшесі, №86.

Тел: 8/72776/75124, 8/72776/75144,

e-mail: кБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

*****

Порядок оказания государственной услуги "Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)" в государственном учреждении «Аппарат акима Каратурыкского сельского округа»

Указанная государственная услуга оказывается государственным учреждением «Аппарат акима Каратурыкского сельского округа». Прием заявлении и выдача документов по результатам государственной услуги осуществляется в Государственной корпораций "Правительство для граждан" и в офисе предоставляющий данную услугу. Сроки оказания государственной услуги: 1 период - 23 рабочих дней с даты подачи пакета документов услугодателю и не включает этап разработки земельного проекта; 2 период: 7 рабочих дней с даты утверждения земельного проекта для вынесения решения на земельный участок. допустимое время ожидания для подачи пакета документов – 15 минут; Государственная услуга оказывается бесплатно для физических и юридических лиц. График работы: прием заявлении и выдача документов по результатам государственной услуги осуществляется с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.30 с перерывом на обед с 13.00 до 14.30, кроме выходных и праздничных дней. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги услугополучателю: 1) заявление по форме; 2) документ, удостоверяющий личность

Адрес: ГУ «Аппарат акима Каратурыкского сельского

округа», Алматинская область, Енбекшиказахский

район, село Каратурык, ул. Жибек жолы №86,

Тел: 8/72776/75124, 8/72776/75144,

e-mail: кБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бейсенбі, 06 Тамыз 2020 13:36

Үздік кәсіпкерге дауыс бер!

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау басталды.

Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен, делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады. 

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендетужәненығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу;
  • Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • Аймақта көпке танымал болу;
  • Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы;
  • Бизнесінің тарихы жақсы болу;
  • Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • Облыстық, (қалалық, аудандық) мәслихаттардың депутаты болу (құпталады);
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Өңірлік кеңес мүшелері аталған қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады. Сонымен қатар, кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу жатады. Және де Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құзырлы.

Айта кетерлігі, кеңестің мүшелігіне өтінім беру  7-15 шілде аралығында өткен еді. Дәл қазіргі уақытта кеңестің мүшелігіне сайлауға түсіп жатқан кандидаттарға дауыс беру жалғасын табуда. Дауыс беру мерзімі 5-11 тамыз аралығын құрайды.

Өзің үздік деп тапқан кәсіпкерге дауыс беру vote.atameken.kz. сайтында онлайн түрде жүргізіледі. Аталған процесске тек салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған азаматтар ғана қатыса алады.

Үміткерге дауыс берудің екі тәсілі бар. бірі ЭЦҚ арқылы, екінші смс хабарлама арқылы. Сайттағы SMS әдісіүшінұйымның БСН / ЖСН, сайлаушының телефон нөмірін көрсету керек, содан кейін SMS-тен алынған кодты енгізу қажет.

ЭЦҚ қолдану үшін ұйымның атына тіркелген кілт сөзді пайдалана аласыз.

Дауысты тек бір ғана үміткерге беруге болады. Тағы еске саларлығы, өз өңіріңіздің кәсіпкеріне ғана дауыс бере аласыз.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің құрамы облысымыздың 30 бизнес өкілдерінен тұрады. Үздік отыздықты анықтауға ат салысыңыздар!

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет