Еліміздің шекара аймақтарындағы көркіне көз тоймайтын әсем жерлерін көру үшін алыстан ат арылтып келетін туристер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Хаңтәңірі, Іле Алатауы мемлекеттік қорығы, Көлсай, Шарын шатқылы,... осылай тізіліп кете береді. Осыны басты назарға алған ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, шекара маңы аудандарында кіру (өту), уақытша болу, жүріп-тұру, шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шекара аймағында және шекара бойында қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі белгіленгенін хабарлайды. Еліміздің мемлекеттік шекарасында және шекара белдеуінде…