Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясы күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

 

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын мемлекеттігімізді тың өріске бастап, Қазақстан Республикасының күрделі геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады.

Конституциямызда белгіленген адам құқығы мен бостандығы, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттары әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің айнымас тұғырына айналды.

Халық билігі, теңдік, бірлік, заң үстемдігі сияқты қастерлі ұстанымдар мызғымас ұстын ретінде қалыптасып, Қазақстанның келешектегі жан-жақты даму бағдарының мазмұнын айшықтай түсті.

Ата заңымыз уақыт рухына және азаматтарымыздың талап-тілегіне сай келеді. Сондай-ақ, оның жасампаздық әлеуеті саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Біз мемлекеттің берік конституциялық негізіне сүйене отырып, елдегі келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаймыз және азаматтық қоғаммен сындарлы байланысты жалғастыра береміз. Қазіргі қиындықтарды бірге еңсеріп, көздеген мақсатымызға жететінімізге сенімім мол.

Елімізге амандық, жұртымызға ынтымақ пен бақ-береке тілеймін!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Рес-публикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.

25 жылды тарих қойнауына табыстаған Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқардық.

Аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған түрлі ұлыс өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Әрбір Қазақстан азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біз-дің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Құрметті жерлестер!

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып,Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің Бюро отырысы өтеді. Отырысқа Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етеді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Отырыста Бюро мүшелері партия жұмысын қайта жандандыру мен праймериз - ішкі саяси сайлау өткізу мәселесін талқыға салады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс аумағында Сервистік әкімдіктер ашу қолға алынуда.

Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды. Жобасының басты қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау»,–дейді ол.

Ауданда ашылған жаңа Сервистік әкімдік - ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні облыс көлемінде осындай 9 әкімдік жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласында. Ал жыл соңына дейін облыстың басқа да қала мен ауданадарында «Сервистік әкімдіктер» ашу жоспарда бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің саладағы атқарылып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады деп хабарлады Ақорда.

Президентке елімізде балық шаруашылығын дамыту перспективалары туралы баяндалды. Министрдің дерегіне сүйенсек, 2019 жылы балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құраған. Оның ішінде балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру – 7,4 мың тонна, балық импорты – 43,5 мың тонна, экспорты – 30 мың тоннаға жеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, елдегі суқоймаларда жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысы қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтты. Министрлікке барлық облыстармен бірлесе отырып, осы жылдың қараша айына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекіту тапсырылды.

Кездесуде өңірлердегі экологиялық жағдайға ерекше мән берілді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қоғаммен бірлесе отырып Алматы, Теміртау қалаларының және Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі жол карталары әзірленген.

Президент нақты индикаторларды анықтай отырып, еліміздің өңірлеріндегі экология мен атмосфералық ауаны жақсарту бойынша белсенді әрі тиімді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының әзірленіп жатқаны туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы әсіресе өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бұл құжаттың маңыздылығын атап өтті.

Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамытудың жоспарын ұсынды. Жоспарды іске асыру арқылы экологиялық туризм саласына 70 млрд теңгеге дейін жеке инвестицияларды тартуға, 4 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Президент ұлттық парктердің әлеуетін нығайтуды міндеттеп, экологиялық туризмді ілгерілету жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Сұхбаттасу барысында геологиялық барлау саласының мәселелері қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның назардан тыс қалған және келешегі бар бассейндерін зерттеуге және оларды игеру мақсатында инвестиция тартуға күш жұмылдыру қажеттігі туралы айтты.

Мағзұм Мырзағалиев бұдан басқа өңірлерде суарылатын жерлерді енгізу және жаңа суқоймаларының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтты. Мемлекет басшысы суарылатын жерлерді енгізу бойынша жүргізіліп отырған жұмысқа жақсы баға беріп, су үнемдейтін технологияларға және су саласын цифрландыруға жеделдетіп өтуді тапсырды.

Аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жолы қандай? Ол үшін:
- Egov.kz порталына кіріңіз;
- Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
- Қызметті онлайн сұратыңыз;
- Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
- Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
- Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
- Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
- Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
- Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

- Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
- Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

 

 

Дорогие читатели, сегодня мы расскажем о том, как получить онлайн дубликат свидетельства о перемене фамилии, имени и отчества. Итак:
- Авторизуйтесь на портале Egov.kz;
- В поиске найдите услугу «Подача заявки на повторное свидетельство о перемене имени, фамилии, отчества»;
- Запросите услугу онлайн;
- Заполните данные о вашей ФИО;
- Укажите отдел РАГС, где вы ранее зарегистрировали перемену ФИО и отделение ЦОН, откуда будете забирать дубликат;
- Второй шаг для оплаты госпошлины;
- Перейдите на третий шаг и обновите данные об оплате госпошлины;
- После перейдите на четвертый шаг и подпишите заявление с помощью ЭЦП;
- О результатах услуги можете ознакомиться в личном кабинете портала.

- Стоимость услуги 1 МРП;
- Время оказания услуги в зависимости от запрашиваемых данных из РАГС может продлиться до 30 календарных дней.

Забудьте о походах по инстанциям, получайте госуслуги онлайн и будьте #втеме ?

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.  2014-2017 жылдары — «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі. 2017-2018 жылдары — «Астана — жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында микрокредит ұйымдарының нарығын реттеу туралы айтып берді.

Н. Әбдірахмановтың айтуынша, 2019 жылға дейін қазақстандықтар шағын несиелеу қызметтерін белсенді пайдаланған. Осыған байланысты осы секторда белгілі бір проблемалар жинақталды. 

«Адамдар көбінесе мұндай ұйымдардың жоғары пайыздық мөлшерлемелер орнатуынан, өсімпұлдар мен айыппұлдар салуынан зардап шекті. Сондай-ақ өткен жылы біз алаяқтықтың жекелеген фактілерін байқадық. Осыған байланысты 2019 жылы осы жылдың басынан бастап шағын несиелеу компанияларын реттеуді, сондай-ақ олардың биылғы 1 шілдеге дейін Агенттікте міндетті есептік тіркеуден өтуін енгізген заң қабылданды», — деді ол.

Алайда пандемия карантиніне байланысты көптеген шағын несиелеу компанияларының қызметі шектелді, уақытша тоқтатылды, есептік тіркеуден барлығы өте алмады, сондықтан есептік тіркеу мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Қазіргі кездегі жағдай бойынша 1 104-ке жуық шағын несиелеу компаниясы, оның ішінде 562 ломбард, 380 шағын қаржыландыру компаниясы және 182-ге жуық кредиттік серіктестік тіркеуден өтті. 

Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеуді жүргізеді және олардың тізілімін жүргізеді, пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды есептеу әдістемелерін бекітеді, микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ кредиттік досьені жүргізу тәртібін бекітеді.

Сондай-ақ Агенттік Ішкі істер министрлігінің келісімі бойынша ломбардтарда заттарды сақтау, ломбардтар үй-жайларының қауіпсіздігі мен техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеу, ломбардтардағы заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді. Реттеуші салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылық ететін мемлекеттік органмен келісім бойынша берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Агенттіктің құзыретіне ломбардтардың қызметін тексеру, ломбардтардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылау, 01.07.2020 жылдан кейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өтпеген ломбардтарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сотқа талап-арыз беру жатады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап міндетті лицензиялау енгізіледі. Яғни, қазір — есептік тіркеу, ал келесі жылдан бастап барлық шағын несиелеу компанияларын міндетті түрде лицензиялау болады. Агенттік тиісті түзетулер әзірледі. Олар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап микрокредиттер беруді Агенттіктің лицензиясын алған ұйым ғана жүргізе алады деп қарастырады.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі – "Шаңырақ" пилоттық жобасын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) жүзеге асырады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген.

– Биыл "Шаңырақ" пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, біз еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлар отырмыз. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

"Шаңырақ" жобасының аясында жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, банктің "Шаңырақ" жобасын одан әрі несиелендіруге қажетті қаражаты болған жағдайда, бағдарламаның екінші кезеңіне әкімшілік кезегіне кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады.

Бұл "5-10-20" бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдігі бар).

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында, 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 17 тамызы мен 16 қыркүйегі аралығында.

 

Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:

1-қадам:www.hcsbk.kz банк сайтындағы "Қолжетімді тұрғын үй/ "Шаңырақ" пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам: Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттары мен  бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады; 

3-қадам: Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

4-қадам: Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам: Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдігі бар), сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

6-қадам: Банктен заем алу!

Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10%-ынан кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.

Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды eGov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.


Дереккөз

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды.
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» және тағы басқа да бірқатар атақ-санаттарды беру туралы мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі атақ-санаттың дәрежесіне қарай әртүрлі. Оның үстіне бұл қызметтер бірнеше кезеңнен тұратындықтан, мерзімі де 24 жұмыс күнін құрайды.
Спорттық атақ пен санаттарға қатысты қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Нәтижесінде қызмет алушының қолына ХҚО-да спорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік, тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы жауап ұсынылады.
Айта кету керек, азаматтар спорттық атақ пен санаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласындағы өкілетті орган мен egov.kz электрондық порталы арқылы да рәсімдей алады.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет