Жұма, 01 Қыркүйек 2023 15:36

Сайлау – болашаққа сенім

Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауында қабылданатын реформалар көптің көңілінен шығып жататыны белгілі. Дәстүрлі түрде өтетін шарада Президент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Президенттің айтуынша, еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есеге дейін көбейтпек. Бұл 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді екен. Сонымен қатар, 2030 жылға дейін қысқа мерзімде еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін кешенді жоспарды Үкімет бекітуі қажет. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдылықтарын нақты айқындап, алға қойған  реформаларды сапалы әрі толық  жүзеге асырудың маңыздылығын атап, бұл реформалардың сәтті орындалуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен ерік-жігеріне тікелей байланысты болатынын  айтты.

– Реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап береді. Сондықтан, ең алдымен оның өзін өзгерту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы саладағы реформаның басты үш бағытын атап шықты. Оның ішінде нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті мен жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі. Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап беретінін айтса, үшінші, Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдыратынын айтты.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ,

журналист.

Оқылды 384 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет