Жұма, 04 Тамыз 2023 15:52

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық Округі әкіміне үміткер Тикельдиев Шынғожа Айбарұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2010 жылы Алматы бизнес колледжін қаржы мамандығы  бойынша, 2012 жылы Алматы технологиялық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2014 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маман-жетекші салық инспекторының міндетін атқарушы болып бастадым. 2021 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Есік қаласының әкімдігінде бас маман қызметін атқарамын.

 

Құрметті Ақши ауылдық округінің тұрғындары!

Мен Ақши  ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен мәслихат, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.

Назарларыңызға Ақши ауылдық округінің әкіміне кандидант ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 2 жылда әкім аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді тұрғындардың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыруды қажет деп санаймын.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюуі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген сөз шығады.

Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып , Ақши ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;

– Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыру және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту;

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламаларымен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алу;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі  ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының тұрғындарға қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру;

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және оларды жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстау;

– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алу.

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– 2024 жылы ауылішілік автожолдардың жөнделуіне және жарық шамдарын орнатуға;

–  2024 жылға қарай ауылдың су құбыры желілерін қайта жаңарту және салынуына;

– 2024- 2025 жылға қарай полиция пунктінің ашылуына;

– 2026 жылға дейін мәдениет үйінің, білім беру ошағының ашылуына ықпал етемін.

Округттің ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Егер менің кандитурамды қолдап, маған дауыс берсеңіздер, округіміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуге дайынмын.

Қызмет – уақытша, адамдық қасиет – мәңгілік!

 

Оқылды 336 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет