Жұма, 04 Тамыз 2023 15:41

Алипова Сауле Базарбайқызы

Мен Алипова Сауле Базарбайқызы, Түркістан облысында туып-өстім. Қазақ химия-технологиялық институтында инженер-химик-технолог мамандығы бойынша жоғарғы білім алдым. Еңбек жолымды Шымкент қаласында балалар бақшасынан бастадым. Шымкент асбест-цемент конструкциялары комбинатының құбыр цехында 2-разрядты токарьден цех мастері қызметіне дейін көтерілдім. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Сайрам аудандық әскери комиссариатында мемлекеттік тіл аудармашысы қызметтерін атқардым.  42 жыл әр түрлі салада абыройлы еңбек етіп, соның ішінде 18 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс атқардым. 2005 жылдан Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2009 жылдан осы уақытқа дейін округ әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін.  Жұмысымда   округтің әлеуметтік  экономикалық дамуына өз үлесімді қосып келемін.

2023 жылдың қаңтар айынан қызметіме қайта келген күннен бері Балтабай, Бірлік ауылдарының көшелеріне жалпы 4 шақырымдай  жолына 4500 тонна тас төсетіп бердім. «Мега тас», «Еңбек тас» және «Эклсклюзив» Жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен  «Прометей», «Надежда» және «Труд» саяжайларына барар 3 шақырым тас жол төсеу және ауызсу мұнарасының істен шыққан насосын ауыстыру ішін меморандум жасадым. Жол жасалды, насос ауыстырылды.  Ақбастау, Өрнек ауылдарында көше жарықтарын жүргіздім. Ақбастау ауылының Алмалы көшесінің түгелдей электр бағандары мен желілері ауыстырылды.  Заңсыз орналасқан орталық қоқыс төгетін орынды заңды орнына көшіріп жатырмын.

Биылғы жылы округтің Балтабай, Бірлік, Ақтоғай ауылдарында 7 көше асфальтталады.

Алдағы жылдары Бірлік ауылына мектеп салу жоспарда бар. Ол үшін, қазір жер телімін анықтап, құжаттарын заңдастырудамын.

Ақбастау, Өрнек және Ақтоғай ауылдарында дәрігерлік амбулатория салдыру үшін жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Балтабай ауылының орталығынан демалыс аймағын жасау жоспарлап отырмын. Оның жобалау-зерттеу жұмыстары жасалынды.

Балтабай, Өрнек, Еңбек ауылдарының жайылымдық жерлерін мемлекетке қайтаруға жұмыс жасап жатырмын. Онымен қоса пайдаланылмай жатқан егістік жерлерді қайтару жұмыстарын жүргізудемін.

Ауылымызда шешімін табуды қажет ететін мәселелер жетерлік. Округтегі 7 ауылдың көшелерін асфальттау, көше жарықтарын жүргізу, Ақтоғай ауылының Самал көшесіне ауызсу жеткізу, балаларға арналған ойын алаңының құрылысы,  мини спорт алаңдар жұмыстарын жүргізу қажет. Міне осы бағытта мен алдағы күндері жұмыс жасайтын боламын.

Қазіргі күні округ тұрғындарымен байланыста болып, тұрғындардың үнін есту  үшін «Ашық әкімдік / Доступный акимат» жобасын құрып, Whatsapp мессенжер желісінде өзім тікелей халықтың сұрақтарына жауап беремін.

Өз еліме әрқашанда еңбек етуге дайынмын.  Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

– 2023-2024 жылдың соңына дейін Балтабай ауылдық округінің оңтүстік-шығыс жағында «Демалыс орны» саябағын салуға ықпал етемін;

– 2023-2024 жылдың соңына дейін саябақтың ішіне шағын футбол алаңының салынуына ықпал етемін;

– 2023-2024 жылы Балтабай ауылының орталығына балаларға арналған ойын алаңын және осы жылдың соңына дейін Балтабай ауылының 5 көшесін, Бірлік ауылының 2 көшесін, Ақтоғай ауылының 3 көшесін асфальттауға атсалысамын;

– 2023-2024 жылдар аралығында Бірлік ауылының Абай көшесі, Балтабай ауылының Көктем көшелеріне жарықтандыру жүргіземін;

– 2024-2027  жылдар аралығында Бірлік ауылының орталығына орта мектеп ғимаратын  салуға күш саламын;

– 2023-2024 жылдары Өрнек ауылының Тиранов көшесіндегі жарық желісін 3 фазалық желі етіп жасатамын.

– Пайдаланылмай жатқан егістік жер телімдері мен жайылымдық жерлерді халыққа қайтарамын.

Ауылдың бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша  инвестицияларды тарту жолдарын іздеу арқылы:

– Өрнек, Ақбастау және Еңбек ауылдарының 7 көшесі және 7 бұрылыс көшелеріне  жыл аяғына дейін тас қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргіземін;

– Бірлік ауылында сұйық бетон зауытын салдырамын. Оған 5 жұмыс орнымен қамтимын. Әрі округ тұрғындарына сұйық бетон қолжетімді болуға күшімді саламын.

– Өзім тұрған  ауылдағы жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға;

– Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы етуге үлесімді қосамын.

 

 

Оқылды 302 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет