Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 11:21

НЕГІЗГІ ЗАҢНЫҢ ҮШТЕН БІР БӨЛІГІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ. РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ?

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпы республикалық референдум өтеді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің көрінісі болады, әрбір азамат елді демократияландыру және Жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайту үшін ел тағдырын шешуге тікелей қатыса алады.

Қазақстан түбегейлі өзгерістер жолына түсті, заң үстемдігі мен азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды даусыз басымдық деп жариялады. Қоғамды демократияландыру жолындағы басты міндет – демократиялық реформаларды одан әрі ілгерілету, елдің табысты саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін Конституцияны жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, елдің мемлекеттілігі мен егемендігінің құқықтық негізі, заңдылық пен құқық тәртібі, барлық заңнама, құқық қолдану практикасы, сондай-ақ, мемлекеттік-құқықтық қайта құру және елді дамыту процесі негізделетін іргетасы болып табылады. Дегенмен, бұл саяси және құқықтық құжаттың жекелеген нормалары уақыт сынына ұшырап мемлекетте болып жатқан кез келген түбегейлі өзгерістерге, қоғамдық талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан конституциялық нормаларды өзгерту қажеттілігі туындайды.

Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер қолданыстағы 31 бапқа әсер етеді, толықтырулар екі жаңа баптың енгізілуімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері – Қазақстанның суперпрезиденттік басқару нысанынан түпкілікті бас тарту, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіліктерін күшейтуге көшу, Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салу, сайлау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау институттарын күшейту, Қазақстан халқына жер мен оның жер қойнауын бекітіп беру, аралас сайлау жүйесі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық корпусын қалыптастыру, Парламент Сенатында президенттік квотаны қысқарту және басқалар.

Осылайша, 98 баптан тұратын Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі жаңартылатын болады. Жалпы, конституциялық реформа, ең алдымен, бүкіл мемлекеттік модельді кешенді трансформациялауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау әрбір қазақстандыққа байланысты. Сондықтан, 5 маусымда әрбір азаматты сайлау учаскесіне келіп, елдің болашағы үшін дауыс беруге шақырамын. Бұл біздің әрқайсымыздың мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесіміз деп санаймын.

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Саяси кеңес мүшесі.

дереккөз

Оқылды 489 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет