Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 09:52

Жанеркенің өзгеше хоббиі

Хобби («hobby») ағылшын тілінен аударғанда «айналысатын сүйікті ісің» дегенді білдіреді. Бұл – ләззат алу үшін орындалатын адам әрекетінің бір түрі, яғни адам өзінің бос уақытында қуана-қуана айналысатын ісі. Менің де шәкірттерім қолы босағанда өзінің сүйікті ісімен айналысқанды жақсы көреді. Солардың бірі – Жанерке Байжұма.

Ол Қайназар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 5 «А» сыныбында оқиды. Бірде қазақ тілі сабағында «Хобби – еріккеннің ермегі емес» тақырыбына сай сынып оқушыларынан «Кімнің қандай хоббиі бар?» деген сауал қойдым. Сол сәтте әр оқушы өзінің бос уақытында немен айналысатыны жайында айтты. Біреуі спортпен айналысатынын, біреулері ән айтып, би билейтінін жеткізді. Ал Жанерке бос уақытында айналысатын сүйікті ісі картиналардағы бейнелерге жасанды түрлі-түсті тастарды (страза) жабыстырып, тастармен безендірілген өнер түрін жасайтынын айтып, өз хоббиімен бөлісті.

Жанеркенің бұл хоббиі мені таңқалдырды. Себебі қазіргі уақытта еңбектеген баланың да қолынан телефон түспейді. Сондықтан олар көп уақытын электронды ойындар ойнауға сарп етеді. Ал Жанеркенің бос уақытында жасаған өнерін өзінің замандастарына көрсету – мақтанарлық іс деп санауға болады.

Бірнеше күн өткен соң Жанеркеден жасаған туындыларын мектепке ала келуін өтіндім. Жасанды тастар жабыстырылған 7 картина көздің жауын алады. Өте әдемі, қараған жанға ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Бұл туындылар – Жанеркенің жазғы демалыс кезінде бастаған жұмыстары. Стразалар жабыстырылған алғашқы картинасы «Мысық» суреті екен. Оқушы жалпы бір картинаға жасанды тастарды толық жабыстырып болу үшін 1-1,5 ай көлемінде уақыт кететін айтты. Яғни бұл жұмыс ұзақ уақытты, шыдамдылықты, табандылықты, ұқыптылықты қажет ететін өнер екенін аңғаруға болады. Бұл аталған қасиеттер Жанеркенің де бойынан табылады. Сонымен қатар ол – сыныпта оқу озаты.

Бір туындыны жасап шығару үшін ұзақ уақыт кетсе де, Жанерке ұсақ жасанды тастарды жабыстыру кезінде және дайын болған картинаны көрген сәтте «Жұмысымнан алар әсерім өте ерекше. Демаламын. Уақытым өтеді және бұл тамаша туындылар маған ерекше көңіл күй сыйлайды. Бұл хобби ары қарай жалғасын таппақ. Болашақта хоббиімді кәсіп көзіне айналдырмақ ойым бар», – деп сөзін аяқтады.

 

Жадыра Искакова,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Оқылды 15182 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас мүсінші Ұлттық мұраның тағылымы таусылмас »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет