Жұма, 28 Қаңтар 2022 16:09

Алматы облысында бұрын сотталғандардың жасаған қылмыс саны 41%-ға азайған

Алматы облысында бұрын сотталғандардың жасаған қылмыс саны 41 пайызға азайған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысындағы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 1,4%-ға өсуімен сипатталады. Бұл туралы «Jetisy' Media» ақпараттық алаңында белгілі болды.
Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың саны азайғанымен тұрмыстық саладағы қылмыстар саны 5,6 пайызға өскен. Жыл ішінде «Полиция қолжетімді» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта учаскелік полиция инспекторларын жүйелі түрде нығайту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.
Қазіргі таңда облыста 270 учаскелік полиция пункті болса, оның 182-сі тұрғын үймен біріктірілген. Ағымдағы жылы тағы 38 осындай нысан салу жоспарлануда.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі өзекті болып табылады.
Жыл қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың 27,1%-ға төмендеген, бірақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың 10,3%-ға өсуі байқалады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты негізінен жақын адамдары - аналары, әкелері, туыстары және таныстары жасайды екен.
Облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткішіне келетін болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының жолдарында жол-көлік оқиғаларының 4,6 пайызға өскені тіркелді. Жол апатынан 463 адам қаза тауып, 3231 адам жарақат алған. Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың саны 16,2%-ға өсті.
«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы», - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков.
Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға баса назар аударылуда. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жасалған әкімшілік хаттамалардың саны 56,4 пайызға артқан.

JETISÝ MEDIA

Оқылды 1188 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет