Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2020 12:34

Қуатыңды алты мақсат жолына арна

 

Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Осы бір құнарлы кезеңнің көктемінде жас топыраққа егін егіп үлгеріп қалмасаңыз, күзде мол өнім күтпей-ақ қойыңыз. Жастық шақтың ең айқын ерекшеліктерінің бірі – рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға дайын болуы.

Алла Тағала жастық шақты екі әлсіздіктің арасындағы кезең деп сипаттаған. Екі әлсіздік деп балалық шақ пен адамның кәрілік кезеңін меңзеуде. Адамның негізгі өмірі – осы орта кезеңді қамтиды. Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – қуатты кезең.

Қиямет күні адам баласының сұралатын негізгі төрт сұрағының бірі – жастық шақ. Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай дейді: «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды».

Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін жете түсінген Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Yш-ақ түрлi өмiр бар: бәрi де – мас,

Бiр рәуiштi болады шал менен жас.

Ең керектi дегенiң – ортаншы өмiр,

Түгел қолың жетпейтiн бiр жанталас.

Қапы өткiзбе сол кездiң бiр сағатын,

Өкiнiшi қалмайды, кетсе ағатың.

Күнi-түнi дей көpмe, ғылым iзде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

Өмiрдiң басы – бала, ортасы – адам,

Қартайып, шал болған соң кеттi шамаң.

Мақтап жүрген өмiрiң осы болса,

Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тәмам.

Адамзаттың абзалы болған Мұхаммед жас кезінде замандастарымен салыстырғанда оқ бойы алда еді. Жақсы мінезі, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы, байсалдылығы, әдептілігімен адамдарды баурап алатын. Адамдар оның осындай қасиеттеріне қарап таңданатын. Мекке халқы оның турашылдығы мен адалдығына байланысты Оны «әл-Әмин» («Сенімді») деп атады. Осылайша, ол жас кезінде осы атымен халық арасында танымал болды.

Оған иман келтірген, серіктес болған, исламның туын көкке көтеріп, ең алғашқы ауыртпалықтарды қабылдаған сахабалардың түгелге дерлігі жастар еді. Тіпті, Зубайр ибн Аууам, Әлилер он жасқа да толмаған бала болатын. Сол кездегі жасы үлкен сахабалардың бірі – Әбу Бәкір небәрі 38 жаста.

Қазақ даласында талай данышпандар жас кезінде-ақ өздерінің кемеңгерлігін көрсеткен. Айталық, Төле – Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі он бес жасында халық арасында билік айтқан. Он алты жасында ақын атанып, 27 жыл ғана ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт Торайғыров осы қысқа ғұмырында сол кездегі жастарға үлгі-өнеге бола білді.

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?! – деп, Сұлтанмахмұт жасынан-ақ алдына биік мақсат қоя білді.

Әрине, көш ілгері басқан сайын сын сағаттары соғатыны ақиқат. Бүгінгі таңда жас буын алдында рухани сананы жаңғырту мақсаты тұр. Ал рухани жаңғырудың бір баспалдағы – имандылыққа тәрбиелеу.

Пайғамбарымыздың жастайынан имандылыққа тәрбиеленген жастар жайында мынандай хадисі бар: «Көлеңке болмаған күні Алланың көлеңкесінде (мейірімінде) болатын жеті адам соның бірі – жастайынан құлшылыққа берілген жас». Әрине, имандылыққа бет бұру – қуантарлық іс. Өкініштісі, таяз ілім-білім салдарынан жат ағымның жетегіне еріп кеткен жастар қаншама. Ойласаң жаның түршігеді. Бұл жерде имандылық жайын айтқанда ең бірінші өскелең бойында дұрыс сенім қалыптастыру маңызды.Осы ретте еліміз бойынша 9 медресе, бір университет және бір институт жұмыс істеуде. Сонымен қатар әр мешіт жанынан сауат  ашу курстары ұйымдастырылуда.

Екіншіден, жас буын бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру – заман талабы. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет. Үшіншіден, қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген тәмсіл бар. Рас, қазіргі заман мұсылмандары тек діни біліммен шектелмей, заманауи технологияны меңгеріп, жан-жақты білімді болуы тиіс. Анастан жеткен хабарда Пайғамбарымыз: «Сендердің жақсыларың дүниесін ақыретке, ақыретін дүниеге тастап қойғандарың емес, бәлкім екі дүниенің арбасын бірдей ұстағандарың. Шын мәнінде дүние ақыретке жетелейді».

Үшіншіден, ерте жанұя құру. Үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, жалпы үмбет үшін де көп пайдасы бар. Алғашқысы, адамзат ұрпағын сақтау. Үйлену – жалпы адамзаттың сақталуының бірден-бір кепілі. Үйлену арқылы адамзат тегі көбейіп, тұқымы жойылмай, толқын-толқын болып ұрпақ соңынан ұрпақ ауысып, көбейе береді. Екінші, қоғамдық ахлақты сақтау. Үйлену қоғам мүшелерін ахлақтық, адамгершілік ұстанымдар мен қағидаттардан шығып кетуден сақтайды. Яғни, адал жолмен бас қосып, отбасы болу арқылы Құдай Тағаланың қалауын іске асырып, ізгі мінез-құлыққа, мұсылмандық әдепке қалыптастырады. Үшінші, аурулардың алдын алу. Үйлену некесіз, харам қарым-қатынас пен зинақорлық салдарынан тарайтын сифилис, СПИД сияқты адамзаттың болашағына қатер төндіретін ауру түрлерінің алдын алады. Төртінші, рухани әрі психологиялық жай табу. Үйлену арқылы жұбайлардың арасында сүйіспеншілік пен мейірімділік қатынас орнайды. Бесінші, үйлену арқылы қоғам жанұя алдында, одан кейін қоғам алдында жауапкершілігі артады. Алтыншы, ата-аналық сезімнің қалыптасуы. Үйлену, балалы болу арқылы жұбайларда аталық, аналық ұлы сезім пайда болады.

Әр адамның тәрбиесіне байланысты есеюі де әртүрлі болар «Болар адам, он бесінде бас болар, болмас адам, отыз бесінде жас болар» демекші болар адам ерте жанұя құрып, бойдақтық сергелдеңнен өзін құтқарады.

Жастар үшін төртінші мақсат – жақсы жолдастар таңдай білу. Алла Тағала Құран Кәрімде:«Уа, мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» деген екен.

Бесінші мақсат – денсаулыққа мән беру, спортпен шұғылдану. Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген.

Алтыншы мақсат – білім игеру. Сүннетке сәйкес, ғылым, даналық – мұсылманның жоғалтқаны, оны қайдан болса да табу қажет. Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», – деген.

Білімді игеру кез келген жаста рұқсат болғанымен жастық шақта алған ілімнің берекесі мол.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – депАбай атамыз айтқандай қолымызды кеш сермеп кешігіп қалмас үшін жас кезімізде ілімге мән берейік, талаптанайық, ізденейік, сонда ғана біздің болашаққа береріміз болады. Алла елімізде иманды жастардың санын арттырсын.

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

Еңбекшіқазақ ауданының

бас имамы

Оқылды 164 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 21, 2021

Қазақы ауылдың жаңа келбеті

Ауыл – ел бесігі. Осынау алтын бесіктің құшағында тербелген тұрғындардың тұрмысы жайлы,…
Қаң 21, 2021

VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық…

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»…
Қаң 21, 2021

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан…
Қаң 21, 2021

Қызыл аймақта 6 облыс, 1 қала тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын…
Қаң 21, 2021

На 1,2 млрд тенге защищены права…

Палата предпринимателей Алматинской области в прошлом году защитила права…
Қаң 21, 2021

Алматы облысындағы 16 мыңнан астам…

2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер…
Қаң 20, 2021

Коммуналдық төлемдерге тарифтер…

Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы…
Қаң 20, 2021

Алматы облысында індеттің қарқыны…

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021…
Қаң 20, 2021

«Инклюзивті білім беру» кабинеті…

"Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктің…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет