Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2020 15:33

Келелі істе «Кең болайық!»

Қоғамды жақсылыққа бастайтын адами құндылықтың бірі – бірлік пен ынтымақ. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық күшейген қоғамда адамгершілік құндылықтар жойылады. Ал осы адамгершілік құндылықтар мен ынтымақ-бірліктің бастау бұлағы – асыл дініміз ислам екені белгілі. Қазақ елі өз егемендігін жариялағалы халқымыздың рухани қазынасының тарихи тамырларына, олардың ішінде жалпы адамдық құндылық – дінге деген қызығушылық, ынта мен ықыласы артып келеді. Әсіресе, жастардың асыл дінімізге аса құрметпен қарауы көпті қуантады. Соңғы кездері ауданымыздағы «Иманды жастар» еріктілер тобы да қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, көптің көңілінен шығып келеді. Жақында сол мекенсүйгіш жастардың тағы да бір игі бастаманы қолға алып жатқандығын естіп, топ жетекшісі Қанат Теңгелбайұлынан  игі  істің мән-жайын сұрап білдік.

– Бұдан бұрын «Иманды жастар» еріктілер тобы ауданымыздың аумағында өткен көптеген қайырымдылық шарасына мұрындық болды. Ал жақында жұрт қуанатын тағы бір  игі істі бастамақ екенсіңдер. Соны көпшілікпен бөлісе кетсең...

– Иә, биылғы қиын-қыстау кезеңде шама-шарқымызша көмекке мұқтаж жандарға қарайластық. Қауымның халін біліп, жағдайы мүшкіл  адамдармен әңгімелескенде көп мәселеге көз жеткізгендей болдық. Біздің қоғамдағы көптеген түйткілді мәселелердің астарына үңілсең, оның көбі адамның ары мен иманына келіп тіреледі. Ар мен иман тұрмаған жерде небір сұмдықтың болатыны белгілі. Кезінде қазақтың қаншама аймаңдай ұлдары медреседен білім алып, еліне сәулесін шашып, халықына қалтқысыз қызмет етті. Сондықтан бүгінгі замана үшін де медресенің маңызы зор деп білемін. Жақында «Иманды жастар» еріктілер тобы мен «Кең болайық» қайырымдылық қоры бірілесіп, Есік қаласының кіре-берісіндегі саяжай маңынан үлкен мешіт салудың жобасын қолға алды.

– Енді салуға харекет жасап жатқан мешіттің нақты жобасы жайлы айтып берсең...

– Бұл – негізі, өте ауқымды әрі кешенді жоба. Жоба негізінде 1500 адам сыятын мешіт, сыйымдылығы 300 адамға арналған асхана мен жабық спорт кешені салынбақ. Сонымен қоса қасиетті Құран Кәрім кітабымызды бейнелейтін медресе колледжі мен ұстаздар, студенттерге арналған жатақхана ғимараты да бой көтермек. Қазір солай жоспарлап отырмыз. Бірақ алда түрлі өзгерістер болуы да мүмкін. Егер қаржы жеткілікті болып, жоғардағы нысандар салынса, онда сол аумақта жастардың рухани кемелденуімен бірге спортпен айналысуына да жағдай жасалмақ.

– Осындай ауқымды жобаға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілді  ме?

– Біз, мешіт салу ісіне енді кірісіп жатырмыз. Қазір қарапайым адамдар бірден қолдау білдіріп, белсене атсалыса бастады. Бүгінде Рахат ауылдық округі әкімі аппаратына мешіт құрылысына қажетті жер телімі жайлы өтініш жасап жатырмыз. Бұл түйін алда оң шешімін табады деген ойдамын. Қажетті сумма жиналған соң Бәйтерек саяжайының маңынан мешіт құрылысына керекті жер телімін сатып алуды көздеп отырмыз.  Біз  қазір осы жобаға  керекті қаржы көздерін қарастырып жатырмыз.

– Бюджет жоспарынан тыс кез келген нысанға қаржы табу оңай емес. Қазір сендерге нақты кімдер қаржылай қолдау көрсетіп отыр?

– Бұл – көп асыға күткен игі іс. Сондықтан қолұшын береміз дегендер жетерлік. Атын атағанды қаламайтын атымтай жомарт кәсіпкерлер де қарап қалмаймыз деп отыр. Сол  үшін арнайы «Ken Bollike» (Кең болайық) қорын  құрып, есепшот аштық. Қазір кей адамдар сол шотқа ақша аудара бастады. Тіпті күніне 100 не 200 теңгені үнемі аударып отыратын адамдар бар. Оларға мың алғыс. Көктемде сәтін салып мешіт құрылысы басталса, онда тегін еңбек етеміз, материалдық көмек көрсетеміз дейтін кісілер де бар. Мешіттің архитектурасына өз үлесін қосқысы келетін кәсіби мамандар да жоқ емес. Біз қазір елдің ризалығы үшін істеліп отырған іске жұрт көптеп дем берсе деген тілегіміз бар.

– Жұрт көмегін көрсетіп жатыр деп отырсың. Енді елдің ықыласпен берген ақшасының қайда  жұмсалғанын  қадағалап отыру керек қой...

– Әрине, «судың да сұрауы бар» демекші, ізгі жандардың игілікке берген қаражатының тиын-тебеніне дейін қайда жұмсалғаны ашық жарияланып отырады. Мұнан өзге де көптің көмегі көмескіде қалмайды.

– Сұхбатыңа  рақмет, игі істерің көп болсын!

 

Сұхбаттасқан

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 3674 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет