Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 12:23

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалы Іле-Алатау аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының Есік өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы Аманжол СҮЛЕЙМЕНОВ: Жыл бойы дамыл таппаймыз

Әлемнің төрт мезгілі бар елдің бәрінде көктем жетсе, көптеген елді мекенді сең басып, сел шайып кету қаупі төнеді де тұрады. Басқасын қайдам, соның ішінде «қыстың қамын жаз ойла» дейтін қазақ елінің көктем қамын қыс ойлап қоятын мүмкіндігі болуы керек-ау. Құзы мен қиясы, жары мен жаламасы көп Алатауды алты айналып, «айтып келмес» апаттардың алдын алу үшін тер төгіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің ерлігін әсте елеусіз қалдыруға болмайды. Осы орайда ТЖМ «Қазселденқорғау»ММ филиалы Іле-Алатау аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының Есік  өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы Аманжол Сүлейменовтен аталған салада атқарылып жатқан істер мен өзге де міндеттер  жайында әңгімелескен едік.

– Ең әуелі, Есік өндірістік пайдалану бөлімінің материалдық-техниалық базасы мен төтенше жағдайларды алдын алудағы мүмкін-діктері  туралы айтып берсеңіз.

– ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААПТБ-ы 2019 жылы  құрылды. Бүгінде Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек аудандары осы филиалға қарасты аумақ саналады. Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің пәрменімен кадрлық мәселелер оң шешімін тауып, техникалық базамыз нығайып келеді. Осыған сай мүмкіндігімізше өз міндетімізді адал атқаруға күш салып келеміз. Ал Есік өндірістік пайдалану бөліміне келер болсақ, штат бойынша 7 адам, 12 маусымдық  бақылушы қызмет етеді. Бөлім балансында 7 гидротехникалық ғимараттар бар. Олардың 5-і селден қорғауға, 2-еуі өзен арасын тұрақтандыруға арналған.

– Сіздерге нақты қандай міндеттер жүктеледі?

– Әрине, селден қорғау мекемесі болғандықтан сел қалай пайда болады? Оның қаупі қандай? Халықты сел қаупінен қалай сақтау керек? Осындай сұрақтардың оң шешімін табуды басты міндетіміз санаймыз. Сонымен қоса топырақ көшкіні мен қар көшкінін де назардан тыс қалдырмаймыз. Бізде маусым айынан қыркүйектің бел ортасына дейін селдің қауіпті кезеңі саналады. Бұл біз үшін ең ауыр әрі күрделі кезең. Бірақ  қалған маусымдарда да қол қусырып қарап отырмаймыз. Біздің қызмет жыл бойы дамыл таппай жалғаса береді.

– Биылғы жауын-шашыны көп көктем мен жаңбыры аз жаз мезгі-лінде селді ауыздықтауға қандай қадамдар жасалды?

– Көктемгі дайындық өте маңызды екенін баршамыз жақсы білеміз. Көктемде төтенше  жағдайлардың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Ол тұста  көктемгі топырақ көшкіні мен селдің алдын алуға арнайы апаттық топ жасақталды. Аталған топқа үш техника беріліп, он арнаулы кәсіби маман жұмылдырылды. Олар ауданымыздағы барлық елді мекенде топырақ көшкіні мен селдің қаупін қадағалады. Бізге қарасты жоғарыда айтып өткен алты ауданда теңіз деңгейінен 2000-4000 метр биіктікте орналасқан 260-тан астам мұз көлдері бар. Оның ішінде аудан аумағында 36 мұздық көл бар. Олардың 25-і Есік өзен алабында, 11 көл Түрген өзені алабында орналасқан. Тұрғындардың, шаруашылық жүргізуші нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті табиғи құбылыстардан, су тасқындарынан қорғау мақсатында жаз айларында маусымдық гидробекеттер құрылады. Ондағы бақылаушылар өзен мен көл суларының ағысы мен сыйымдылығын тәулігіне үш мәрте бақылайды. Сонымен қоса олар ауа райының түрлі өзгерістерінен де алдын ала мәлімет беріп отырады. Осы мәліметтерге сай өңірімізде түрлі апаттық жағдайлардың туындау қаупі сарапқа салынады. Сонымен қоса апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған ақпарат қызметі де қолға алынған. Қандай да бір сел, не көшкін қаупі туындаса, жергілікті тұрғындарға алдын ала ескерту беріледі. Тіпті  топырақ көшкіні мен сел қаупі бар жерлерге арнайы ескерту тақталары орнатылған. Белгілі бір төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Былтырдан бері сел қаупін тудыратын Есік өзенінің биік таулы аумағында орналасқан № 22-23 көл мен Түргендегі  №1 көлдің су деңгейі төмендетіліп, екі өзен арнасындағы сел қаупін сейілттік. Қазір ауданымызда селден қорғайтын 16 бөгет  бар. Оның бүлінгендері  күрделі жөндеуден өтті.

– Биыл ауднымызда қар не топы-рақ көшкіні салдарынан қандайда бір төтенше жағдай туындады ма?

– Жыл басынан бері Түрген-Батан автожолында 17 рет қар көшкіні тіркел-ді. Бүгінде бұл аумақ бақылуға алынды. Сонымен қоса, қыс айларында Есік өзенінде мұз құрсаулары пайда болып, судың жағаға шығу қаупі төнді. Сол себепті, 19-25 қаңтар аралығында бір шақырымға жуық өзен арнасы жедел түрде  арнайы ауыр техникалармен тазарту жұмыстары жүргізіліп, өзен өз арансына түсірілді. Сонымен бірге 21 шілдеде Есік көліне толған  су азайтылды. Көл мен өзге де гидробекеттерге толған су мөлшерлерін азайтуға  біздің бөлімнің мамандары мен арнайы техникалар жұмылдырылды.  Аталған төтенше жағдайлардың зардабынан сақтану үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да  басымдық бердік. Көктемгі сел тасқыны және топырақ көшкінінің қауіпті кезеңі бойынша бұқаралық ақпарат құраларында мақалалар жарияладық.  Сонымен қоса 95 ескерту хабарламалары мен  200-ден астам ескерту парақшаларын тараттық.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан

Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 3032 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ата кәсіп Адал еңбек Тіл үйрену өз қолымызда! »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет