Жұма, 21 Сәуір 2023 15:46

Асылы ОСМАН: Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болу керек!

Көктөбе орта мектебінде «Ұлтым бөлек болса да, жаным – қазақ» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонағы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Осман Асылы Әлиқызы болды.

Қазақ руханиятын саф алтындай қастерлеген зерделі жанмен кездесуге Қазақстаның Мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев, ардагер ұстаз Айша Рақышқызы, облыстық «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы аудандық филиалының оқытушысы Айжан Сыздықова, мектеп директоры Айжан Талқамбаева, ұстаздар қауымы мен білім ордасының оқушылары қатысты. Кездесуді тарих пәнінің мұғалімі Ғазиза Қырбасова жүргізіп, қонақтарға кезегімен сөз берді.

Ең әуелі, кеш барысында Асылы Осман өзінің қиындыққа толы бала күнгі естелігімен бөлісіп, оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ізгі жолын көрсетіп, адамдарды сыйластық пен ұлттық бірлікте болуға үндеді. Кеш барысында аталған мектептің өнерлі оқушылары ән айтып, жалынды жыр оқып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар құрметті қонаққа көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық-жарқын жүздесу болды. Асылы Әлиқызы өзінің «Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болу керек» деген тұжырымды ойымен бөлісе отырып, тек қана оқушылар емес, ұстаздар қауымына да білім беруде, тәрбие жұмыстарында неге мән беру керек екенін айтты. Асылы Әлиқызы сол бір қиын-қыстау кезеңде өзінің мүшкіл жағдайына қарамай, өзге ұлтты бауырына басып, оларға кең пейіл көрсеткен қазақ халқына деген сүйіспеншілікке толы лебіздерін кеңінен толғады.

– Менің бар қазынам – қазақ тілі. Өйткені, басқа ұлттар қиын-қыстау кезеңдерде өздерін қолтықтарынан сүйеп, барын алдына тосқан, тарыққанда қолпаштаған қазаққа қарыздар. Сондай мейірімділіктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Сондықтан да, өз басым өле-өлгенімше қазақтың маған жасаған жақсылығына қайтарымым ретінде оның тілін барынша қорғап өтемін. Қазақтың қанына біткен ерекше қасиеттің бірі – артта қалғанды ілгері сүйреп, құлап бара жатқанды сүйейді, сүрініп кетіп жығылсаң, қолтығыңнан демеп, орныңнан тұрғызады. Мақтанғаным емес, қазақтың сол адами қасиеті маған да дарыған. Өз басым қазақты болмысынан адал, арамдықтан ада, жаны да, қаны да таза, ешкімді бөліп-жармайтын, алысты жақындататын, аразды татуластыратын, баршаның баласын жат деп жатырқамай, бауырына басатын, данышпан Абайдың сөзімен айтсақ, толық адам деп санаймын. Бүгінгі ұрпақ кешегі бабалардың бойындағы керемет қасиетін  әсте ұмытпау керек, – деп ағынан жарылды ана тіліміздің жанашыры.

Тағылымды жүздесуде ардагер ұстаз Айша Рақышқызы кездесудің келелі мәніне тоқталып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, елі мен жерін сүйіп есеюдің маңыздылығын сөз етті. Ал Қазақстаның Мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев ұлттық өнердің қадір-қасиетін айтып, оны өскелең ұрпақ көзінің қарашығындай аялау керектігін жеткізді, әрі үкілі домбырасын қолға алып, жиналған жұртқа жырдан шашу шашты. Соңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман жас бөбектің тұсауын кесіп, аталған білім шаңырағының ұжымына ризашылығын білдірді. Ал мектеп директоры Айжан Талқамбаева қадірменді қонаққа қазақ жосынымен сый-сияпат көрсетті.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 7103 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет