Сәрсенбі, 21 Желтоқсан 2022 14:31

Кемел тұлғаның мұрасы келешекке жол бастар

Өткен аптада Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың заңғар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Қонаев. Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті» атты жылдық шараны қортындылау концерті өтті. 

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаев туралы оқушылардың танымдық өресін кеңейту, алып тұлғаның адамгершілік қасиетін құрметтеу мен өмірін өнеге тұтуды мақсат еткен шараға ауданымыздың және Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев, Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың төраға орынбасары Шатырхан Керінбеков, қордың қамқоршылық кеңесінің мүшелері Дәулет Жанботаев пен Қалдарбек Сраилов, Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаев, ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары қатысты. Рухани шараның құттықтау сөзін сөйлеген округ әкімі Ержан Серікұлы айтулы тұлғаның мерейтойына жыл бойы жұмыла кіріскен мектеп ұжымына алғыс айтып, Дінмұхамед Ахметұлының ерен ел басқару жолы бүгінгі жас буынға саф алтынға бергісіз сабақ екендігін сөз етті. Ал ауданымыздың және Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев дара тұлғаның өшпес ұлылығын тілге тиек етіп, оның ғибратты ғұмыры жайлы сыр шертті. Сонымен қоса, мәдени шараның маңыздылығына тоқталды. Қорытынды концертте мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сейдімбетова мектеп қабырғасындағы «Қонаев айлығы» аясында өткен шаралар туралы айтып өтті. Өз сөзінде Алаштың ардақты ұлының 110 жылдығына орай мектепте түрлі спорттық додалар мен ғылыми конференциялар, кездесулер өткендігін жеткізді. Аталған шарада Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың төраға орынбасары Шатырхан Керімбеков даңқты мемлекет және қоғам қайраткерінің 110  жылдығына белсене үн қосқан мектеп ұжымына алғыс білдірді. Сонымен қоса қордың атынан Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиевке, мектеп директоры Римма Ахметоваға, О.Жандосов атындағы орта мектептің директоры Айжан Жамешоваға, Гүлдан Актамкуловаға Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың арнайы ордендерін табыстады. Ғасыр саңлағының рухына тағзым еткен өзге де  ұстаздар мен мектеп оқушыларына Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың  медальдары мен арнайы Алғыс хаттары табыс етілді. Шарада Дінмұхамед Ахметұлының «30 дней в народном Китае» («Халықтық Қытайдағы 30 күн») атты кітабының нұсқасының тұсауы кесілді. Кітаптың қайталай басылым көруіне Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалдарбек Сраилов мұрындық болыпты. Бұл кітапта Д.А.Қонаевтың өткен ғасырдың елуінші жылдары Қытай Халық Республикасына барған сапары, осы сапардан алған әсерлері жазылған. Шараға қатысушылар ел есінде қалған ерен тұлға туралы ой толғап, әдемі әңгіме өрбітті. «Ширек ғасыр ел басқарған кемел адамның өткені мен артында қалған дара жолын өскелең ұрпақ білуі тиіс. Бүгін мәресіне жеткен шараның нысанаға алғаны да осы еді. «Біз  біртуар перзент Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мол мұрасын насихаттауға күш саламыз», – дейді мектеп директоры Римма  Ахметова.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 8584 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет