Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 16:54

Бастауыш – білімнің іргетасы

«Оқу – білімнің қазығы, адамның азығы» десек, бастауыш сынып – ілім-білімнің іргетасы. Демек, бала ұяда не көргені секілді, бастауышта тамыры қалай бекісе, ертеңгі күні қабырғасы да солай қаланбақ. Бүлдіршіндердің сапалы білім, саналы тәрбие алуын жебеу мақсатында жуырда Рахат №1 орта мектебінде бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті.
«Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп» атты онкүндік барысында ұстаздар шәкірттеріне тәлім мен тәрбиені өзек еткен, жүйелі оқытуға жол ашатын жаңа жобалар ұсынды. Айталық, 3 сынып бірлестігі «Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту» жобасы аясында Google forms форматында математикалық сайыс және ойындар ұйымдастырды. Ал 4 сынып бірлестігі «Өнер алды – қызыл тіл» жобасы аясында сыныптан тыс іс-шаралар жалауын желбіретті. Айрықша айтарымыз, онкүндікте тұсауы кесілген аталмыш жоба бір жылға жоспарланды. Мұның аясында ертегі, аңыздар, батырлар жыры, диалог, монолог, мысал, мақал-мәтел, шешендік сөздер секілді ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрларды жасөспірімдер бойына дарыту арқылы оқушыларды өз бетінше ізденуге, сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықтарын шыңдауға баулиды. Әрі жүргізілген жұмыстар буыны енді бекіп келе жатқан оқушыларымыздың оқу, жазу сауаттылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Мектеміздегі онкүндік барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетовтың «Кітап оқитын мектеп» жобасы да сәтті жүргізілді. Аталған жоба аясында балалар мен мұғалімдер арасында эстафета ұйымдастырылды. Эстафетада білім бұлағын парақтаумен қатар,  балаларға арналған сұраныстағы көркем әдебиеттер мектеп кітапханасына сыйға тартылды. Әр бастауыш сынып мұғалімдері түрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізіп, шараның бәрі инстаграмм желісі арқылы таңғы эфирде көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өз кезегінде ата-ана мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға серпін берді.
Білім ордамызда өткен онкүндікте игі шаралар топтастырылып, үздік жобалар жүйеленіп, арнайы мектеп бұрышына айналды. Ата-аналардың алғысын арқалаған шараға мектеп директоры Бибігүл Букаева оң бағасын беріп: «Бұл онкүндіктің мақсаты бір: бүлдіршіндерімізді білімнің негізі бастауыштан тәрбиелеу. Осы арқылы олардың ілім-білімге деген құлшыныстарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Енді осы игі шаралар алдағы уақытта дәстүрлі жалғасып отыруы тиіс. Осылай ғана біз саналы да салиқалы, білімге жаны құштар, елдің нағыз патриот жастарын тәрбиелеп шығара аламыз», – деді.
Ақиқаты да сол, тәрбие мен білімді тоғыстыру арқылы сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ал осынау ұлы жолда мектебіміздің мұғалімдері аянбай еңбек етпек.


Динара МАХСУТОВА,
бастауыш сыныптар бойынша
директордың орынбасары.

Оқылды 2969 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ақын мұрасы мәңгі өмір сүреді Ізгілік нұры »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет