Жұма, 05 Мамыр 2023 14:44

Қазақ музыкасының негізін қалаушы

Әлемдегі классикалық музыка мектебі әртүрлі және мол. Батыс Еуропа музыкасында Гайдн, Моцарт, Бетховен бастаған Вена классиктері болса, орыс классикасында Глинка, Чайковский, Прокофьев, Шостаковичке дейін жалғасып келеді. Ал, қазақ музыкасында профессионалдық классикалық музыка Мұқан Төлебаевтан басталады. Өйткені Мұқан Төлебаев ұлттық музыкадағы профессионалдық жанрдың баршасын жаңалығымен жасаушы болды. Әрине, оның түпкі тамыры халықтың ән-күйі, жыр тармағы, терме, желдірме, айтыс өнерімен тамырлас жатады. Бұлардың қай-қайсысы болсын қазірге дейін республикалардың жер-жеріндегі көркемөнерпаздар репертуарынан берік орын алып келеді. Өйткені, бұл әндер  тақырыптық ауқымы зор, өмірлік нәрі мол дүниелер. Композитор әуенге қоспаған жай кемде-кем. Оның бәрі шындықтан бастау алып, жүрекке жол тауып жатады. Бұл композитор туындыларының ұлттық қасиетінің күштілігінен болса керек. Оның шығармалары өзіне тән идеялық мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен классикалық маңызға ие болып, халқымыздың асыл мұрасына айналып отыр. Асқақ әуенді музыкасы азаматтық үнімен, әдемі лирикалық сарынымен, эпикалық серпінмен, өзіне ғана тән айшықты бояуымен жұртшылық жүрегіне жол тауып, өнер өлкесінде өзіне лайықты бағасын алды.

Мұқан Төлебаев – қазақ музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Аса көрнекті композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы гимні авторларының бірі. 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Қарашыған ауылында дүниеге келген.

Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, сол кездері аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. 1934 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып, әнші ретінде көзге түскен екен. Бұл слетте ғасырлар бойы ұмытылмас шығармалар жасап, оны сақтап келген халық өкілдері композиторлар, ақын-жыршылар, небір ғажап іскерлер мен суретшілер, жезтаңдай әншілер, алуан түрлі аспапта ойнайтын домбырашы, қобызшы, сыбызғышылар бас қосқан. Слетке Талдықорғанның Бөрлі төбесіндегі колхоз-совхоз театрын тұңғыш ұйымдастырушы Мұқан Төлебаев халық арасынан шыққан өнерпаз әнші-күйші ретінде қатысып, ән салып, өнерін танытқанның бірі болды. Слетті жыр алыбы Жамбыл бастапты. Өнерлі жандардың астанада бас қосуы өлең-жырды, ән-күйді жастайынан мият тұтқан Мұқанға айрықша әсер етіпті. Әсіресе, Жәкеңнің «Жастар алдындағы сөз» деген ақсақалдық ақылы Мұқанның жігерін жанып, өнерін өсірген.  Осы әсерді ол Мәскеуде оқуда жүргенде де ұмытқан жоқ.

1936 жылы Москва консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі. Осы жылдары өнер жолында музыка мұрасына алғаш қол созып, оған бекем бел байлағаннан бастап, өнердің өрелі жолымен жүрді. Москва консерваториясында Мұқан белгілі профессор, совет композиторының ағасы Р.М.Глиэрден білім алған. Тәжірибелі педагог Мұқанның әуелден зор қабілеттің иесі екенін сезіп, оны қатты бағалап, баулыған.

1942 жылы Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып екі жыл еңбек еткен. Осы жылдар ол үшін жемісті жыл болған. Қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі бола жүріп ол осы оркестрдің репертуарын байытты, оның әсерлілік мүмкіндіктерін кеңейтіп, оркестрлік жазбаның әрлілігін жетілдіре түсті. Ол бірқатар өңдеулер мен оркестрге ыңғайланған шығармалар жазды. Олардың ішінен «Венгр тақырыбына фантазия», «Таня туралы ән», «Тос, мені тос», «Кестелі орамал», «Сүйген жарға» шығармаларды, сондай-ақ дауыс пен фортепианоға арнап жазылған жаңа әндерді «Қыздар-ай», «Бесік жырын», халық әндерін өңдеулерді «Өтебай», «Әудемжер», «Ботагөз», симфониялық оркестрге түсірілген «Қобыланды» увертюрасын, «Біржан-Сара» лирикалық-эпикалық сарындағы операсын атап өтуге болады.

Мұқан Төлебаев сонымен бірге жеке дауыс, хор мен үлкен симфониялық оркестрге арнап кантаталар, драмалық спектакльдер мен көркемфильмдерге музыкалар, хорға арналған шығармалар, романстар жазды. Бұл шығармалар сол кездің өзінде-ақ орта және жоғары музыкалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде кең көлемде пайдаланылды.

1950 жылдардан бастап композитор көп білімді хор-поэма, сюиталар, капеллалық шығармалар, кантата-ораториялық жанрға ерекше көңіл бұрды. Композитор бұл салада көп еңбектенді. Жемісті еңбектенді. Күрделі тақырыптарды тез игерді. Сөйтіп ол ел туралы, жер туралы, Отан-ана, бейбітшілік, достық, жастық жайында көсіле жырлады. Әсіресе, композитордың «Отан әні» ерекше көркемдігімен, әуен байлығымен назар аударады, мол қуатымен, шабыттылығымен айрықша естіледі, есте қалады. 1951 жылы Москва консерваториясын Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша бітіріп шығады. 1942 жылы КСРО Композиторлар одағының мүшесі болса, араға төрт жыл салып Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшелігіне өтіп, 1956-1960 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болып тағайындалады.

Мұқан Төлебаевтың бойындағы бұл ерекше өнер нағашыларынан дарыған болса керек. Анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған жандар болған екен. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған.

Мұқан Төлебаев шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. Шығармаларындағы музыкалық-эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады. М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрық-ша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі болған. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.   

1992 жылы маусымның 4-і күнгі мәжілісіндегі Жоғарғы Кеңес сессиясы республика өңіріндегі мәні ерекше мәселе қарады. Бұл күні парламент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен Елтаңбасын және Әнұранын қабылдады. Мемлекеттік Әнұран, музыкасы осыдан жарты ғасыр бұрын Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди дүниеге әкелген нұсқасы сол қалпына қалып бекітілді. Осылайша ол тәуелсіз еліміздің алғашқы Әнұранының авторларының бірі болып, есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалды. 

Қазақ музыкасының симфониялық жанрының жалпы аспаптың профессионалдық музыкасының үдере дамуына М.Төлебаевтың асқақ үнді, лирикалық сезімді, кең танысты, терең ойлы музыкасы үлкен үлес қосты. Симфония жанрымен ерте айналысқан композитор бұл жанрда да өзіне тән табиғи талантымен ерекшеленеді. Опералық жанр қазақ музыкасының осы ғасырда өріс алған өркенді, жаңа саласы. Ұлттық музыка өнерімізде бұл саланың өркен жаюына, профессионалдық дамуына үлес қосып, оны бастаушылардың бірі болған да Мұқан Төлебаев. Композитордың Е.Брусиловсий мен бірлесе жазған «Амангелді» операсы, аяқталмаған «Нияз бен Раушан» операларының үзінділері қалды. Ал өзінің әйгілі «Біржан-Сара» операсы арқылы композитор бүкіл қазақ музыкасына опералық өнердің төрінен орын алып берді. Бүкіл елдің Мемлекеттік сыйлығына ие болып, лауреаттық құрметті атақ алған бұл опера Совет Одағының халық артисі Мұқан Төлебаевтың композиторлық талантын жарқырата ашып көрсетіп, қайталанбас өрнегін, өнершеңдігімен, ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына айналып отыр. Е.Брусиловскиймен қосылып жазған «Аманкелді» операсы көрсетіліп, «Біржан-Сара» ұлттық театр сахнасының мақтанышы ретінде одақтық көлемде қойылатын опералық спектакльдер қатарына шықты. Ал, Мұқан болса, осында зор табыстарының творчестволық жетістігімен қатар Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда, Жамбыл атындағы Мемлекеттік консерваторияда, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда еңбек етіп, өмірінің соңғы кезіне дейін Қазақстан Композиторлар одағының секретары боп, әрқилы еңбек жолын абыроймен атқарды.

Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады. Мұқан Төлебаев 1960 жылы соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озады.

Перизат НҰРҚАЕВА.

Оқылды 7121 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жақсы болса әйелің

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет