Бейсенбі, 29 Сәуір 2021 12:04

Ауыл ардагерлері белсенділер еңбегіне разы

1963 жылы Малыбай ауылындағы В.И.Ленин атындағы ұжымшар «Маяк» темекі кеңшары болып негізі қаланды. Жаңа құрылған шаруашылықты басқару тізігіні ҰОС ардагері, ауыл шаруашылық саласының маманы, агроном Исмаилов Турсун Илахунұлына сеніп тапсырылды. Іскер басшы Турсун Илахунұлы алғашқы күнен-ақ шаруашылық жұмысын жүргізумен қатар, Малыбай ауылының көркеюіне аянбай тер төкті. Ауылда шаруашылықтың машина трактор станциясынан бастап, ауыл тұрғындары мен еңбеккерлері үшін әлеуметтік нысандар да бой көтере бастады. Малыбай ауылының көшелері тегістеліп, тас төселіп, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, шамамен 10 га саябаққа түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.   

Ауыл жұмысшыларының еңбегінің, ауызбіршілігінің арқасында шаруашылық жұмысының тасы өрге домалап, сол кездегі Шелек ауданындағы іргелі шаруашылықтар қатарынан көрініп, абыройы асқақтады.   

Ел еңбегінің еңсесі көтерілген шақта, атап айтсақ, 1966 жылы Турсун аға бастаған кеңшардың бас есепшісі Амет Заиров, ауылдық кеңестің төрағасы Саат Кулиева апамыздың бастамасымен кешегі өткен сұрапыл соғыста елін, жерін жаудан қорғап, ерлікпен шейіт болған ауылдастардың ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа паш етіп, мәңгі есте қалдыру үшін Т.Әубәкіров (сол кездегі Космонавтов) көшесіндегі орталық саяжайға ескерткіш кешенін тұрғызу мәселесі қолға алынды. Жауынгер жерлестеріміздің ерлігіне бас иіп, тағзым ету шарасы ауыл тұрғындары арасында кеңінен қолдау тапты. Шелек ауылындағы әскери комиссариатында Ұлы Отан соғысында жат жерде ерлікпен қаза тапқан 179 жерлесіміздің тізімі тексеріліп, мәрмәр тасқа қашалып жазылды. Даңқты ерлеріміздің өшпес ерлігін есте сақтау үшін ескерткіш маңына  мәңгілік алау орнатылды.

Ескерткіш кешенін Алматы облысы Талғар ауданы «Томаровский» ұжымшарының ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішінің жобасы негізінде жасау келісіліп, қолға алынды.  Ескерткіштің бой көтеруіне жауангерлердің туыстары мен отын сөндірмей отырған жесірлері және ұрпақтары өз үлестерін қосты. Ескерткіштің негізгі бөліктері Алматы қаласы Райымбек даңғылындағы мекемеде дайындалды. 1967 жылы Ұлы Жеңістің 22 жылдық мерекесінде мәңгілік алаудың оты жағылды.

2019 жылы Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесін атап өту салтанатында ауыл белсенділері және ардагер жауынгерлердің ұрпақтары бабалардың ерлігін ұрпақтарға үлгі ету үшін қан майданнан оралғаннан кейін, ел еңсесін көтеруге аянбай еңбек етіп, ауылымыздың көркеюіне үлес қосқан аталарымыздың аты-жөнін естелік тақтаға жазу туралы ұсыныс айтылды. Өз кезегінде айтылған ұсыныс көпшілік тарапынан қолдау тауып, шараны іске асыру үшін ұйымдастыру тобы құрылды.Сонымен қатар, ескерткіштің құжаттарын заңдастырып, ауыл әкімдігінің теңгеріміне алу жұмыстарын қатар жүргізу тапсырылды.

Белсенді топты ұйымдастырып, ескерткішті жаңғыртып, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуіне басшылық жасау зейнеткер ұстаз Ашимжан Бахамов және  зейнеткер, жеке кәсіпкер  Айсрахун Розахунов, суретші ұстаз Анис Ғенияров, ақсақалдар алқасының мүшесі зейнеткер Әбдікерім Тәжібаевқа жүктелді. Жұмыс тобының алғашқы мақсаттарының бірі – ардагерлердің ұрпақтарымен байланыс жасап, мәліметтер және деректер жинақтау, демеушілермен байланыс орнату еді.

Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты өткен отырыста ардагерлер туралы жинақтаған мәліметті анықтап, деректерді бекіту үшін 93 жауынгердің тізімі Еңбекшіқазақ аудандық қорғаныс бөліміне жолданды. Ескерткіш кешенін иесіз мүлік ретінде әділет басқармасынан құжаттарын алып, Шелек ауылдық № 2 аудандық сотына жолданып, 2020 жылы 21 қаңтарда Малыбай ауылдық округі әкімі аппара-тының коммуналдық меншігіне түсті деп танылды, шешім заң-ды күшіне 2020 жылдың 21 ақпанынан енді.

2020 жылдың ақпан айынан бастап ескерткішті қайта жаңғырту, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш маңына әкімдік қызметкерлері демеушілердің көмегімен санитарлық тазалық жұмыстарын жүрізіп, шырша, тал-терек көшеттері отырғызылды. Ескерткішке қосымша тақта орнату үшін арадагерлер ұрпақтарымен демеушілердің қаражатына 224 мың теңгеге мәрмәр тас, тасқа шекіп, жазу үшін 160 мың теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстары негізінен ауыл азаматтарының күшімен  тегін жүргізілді.

Қазіргі таңда бұл нысан ауылымыздың киелі жеріне айналды. Түрлі мерекелік шаралардан бөлек, шаңырақ көтерген жастар гүл шоқтарын қойып,  ата-баба рухына тағзым етеді.

Ескерткішті қайта жаңғырту жұмыстарына  атсалысқан азаматтар: жігіт ағалары Тохтахун Баратов, Решат Джамалов, Решат Жунусов, Машуржан Машимов, Дәурен Каделбаев. Сонымен бірге белсенділік танытқан ауылдастарымыз Рахметжан Розиев, Малик Исмаилов, Маметиали Насирдинов, Сайдуллам Илиев, Дильмурат Абдримов, Салахидин Илиев, Усенжан Рахмединов, Ренат Сайдуллаев, Изимжан Идрисов, Талғат Ибдиев, Нұрлен Етекбаев, Данияр Ашипбаев, Бакрим Сабитов, Ашимжан Сулейманов, Бахтишат Зихрулла есімді азаматтардың есімін мақтанышпен атап, алғыс атаймыз.

 

Б.АУХАДИЕВ,

Малыбай ауылдық округінің әкімі

Оқылды 12044 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Болашағы жарқын аймақ Бақ-дәулет бірлікте! »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет