Дүйсенбі, 08 Мамыр 2023 19:58

Олар жайлы мәңгі өшпейтін дастан бар, Ел қорғаған ерлер даңқы аспандар!

Жарық дүние күлкіге, әнге байып,

Жылдар зулап барады таңғажайып.

Сонау соғыс жылдары алыстады,

Алыстатқан жандар да қалды азайып.

Иә, ақын Есенқұл Жақыпбек жырлаған қариялардың қатары, батыр аталардың қарасы сиреп барады. Батырлық пен қайсарлықтың символына айналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жүріп өткен жолы, туған жерді қорғауда көрсеткен көзсіз ерліктері – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екені сөзсіз. Сондықтан оларды құрметтеп, ардақтау – біздің азаматтық парызымыз. Қазіргі таңда аудан аумағында 2 ардагеріміз бар. Алмалы ауылының тұрғыны Жылқыбай Тәжіқұлов биыл 100 жасқа толады. Алғалық Солтанбай Жарықбасов 98 жаста. Мерейлі мереке қарсаңында қос батырымыз жайлы аз-кем ақпаратты оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

 

Жылқыбай Тәжіқұлов

Жылқыбай Тәжіқұлов 1923 жылғы 10 қарашада Өзбекстанның Бұхара облысының Тамды ауданында дүниеге келген. Жастай жетім қалғандықтан 1933 жылдан Беруни ауданындағы «Естемес» балалар үйінде тәрбиеленген.

Беруни ауданында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргенінде 1941 жылы әскерге шақырылады. Сол мезгілде Саратов облысының Пугачев қаласында кіші командир курсын бітіріп, соғысқа аттанады. Ерлігімен көзге түскен Ж.Тәжіқұлов 100-ші жеке атқыштар бригадасында батальон командирі болып, қол бастаған. Калинин қаласы мен Украина жерін азат етуге қатысқан атамыз қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен бір полкте болып, жаумен шайқасқан.

1944 жылы оқ ұшқындары тигендіктен екі көзі көрмей, оң қолы тартылып жаралануына байланысты еліне оралып, ауыл шаруашылығында мал дәрігері болып 1967 жылға дейін қызмет атқарады. 1967-1989 жылдары аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін май заводында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Красная звезда», 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «За отвагу», «За боевые заслуги» және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерекелік медальдармен марапатталған.

7 бала, немере-шөбере сүйіп отырған қариямыз 2011 жылдың қараша айында отбасымен тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келді.

 

Солтанбай Жарықбасов

Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.

1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыркүйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы болып, еліне еңбегін арнаудан жалыққан емес. 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған ақсақал сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы болып ғұмыр кешуде.

Оқылды 4902 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет