Сейсенбі, 11 Мамыр 2021 16:26

Жауға жасын түсірген

Жыл сайынғы мамыр айының тоғызында ерекше аталып өтілетін Ұлы Жеңіс күні әрқайсымыз үшін жақын да қымбат  мереке. 1941-1945 жылдарын қамтыған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғандығына 76 жыл толуы мерекесіне санаулы күндер қалды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бүгінде сол бір алапат соғысты бастан кешкен ардагерлердің қатары күннен-күнге сиреп барады. Біз қашан да ерліктерінің даңқы дастанға айналған батыр бабаларымызды еске  алуды перезенттік парыз санаймыз.

Сол бір адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған  сұрапыл соғыста   қасиетті отаны үшін миллиондаған  ерлер толарсақтан қан кешті. Сол ел қорғаған  ерлердің бірі Төлен Нұрғазиев. Бартоғай топырағының тумасы жеті жылдық мектепті үздік бітіріп, әскер қатарына шақыртылып, ұшқыштар учи-лищесінде оқытылған. ұшқыш-механик маман ретінде майданға аттанады. Ол Кеңес одағының батыры, гвардия подполковнигі Шумский басқарған 93-полкінің «Ил - 2» штурмовигінің атқышы болып 70 рет әуе шабуылына қатысып, ерен ерлігімен көзге түседі. Немістермен болған аспан айқасында Төлен Нұрғазиев ұшағына екі мәрте жау оғы тиіп, ауыр жараланады. Кейін госпитальде жатып, ұзақ уақыт емделеді. Шайқастағы ерлігі үшін Төлен Нұрғазиев «Қызыл жұлдыз», «Ерен ерлігі үшін» және өзге де көптеген медальдармен марапатталған. Ол соғыстан 2 топтағы мүгедек болып оралғаннан кейін қазақ педагогикалық институтының география факультетін сырттай бітіріп, Шелек ауданының мектептерінде 42 жыл ұстаздық етті. Бүгінде мәуелі бәйтеректей Нұрғазиевтер әулеті аталарының ұстаздық жолын жалғастыруда. Ардагердің есімін ардақтау мақсатында 2007 жылы Төлен Нұрғазиев өзі өмір сүрген Достық ауылындағы көшелердің біріне  майдангер есімі берілді. Бүгінде арадагердің көзін көргендер жауға жасын түсірген батырдың  ерлігін, еңбек жолын, берген тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін жастарға жыр қылып айтады. Ерлікті ұлықтайтын ұрпақ барда ардагерлер есімі мәңгі өшпек емес.

 

Алдияр Жақатұлы,

жаттықтырушы

Оқылды 1464 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мы все отдавали для фронта Батыр рухына тағзым »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет