Жұма, 30 Сәуір 2021 11:45

Ынтымақ бар жерде ырыс бар

Қорам ауылына 19-ғасырдың 80 жылдары Қытайдан ұйғырлар келіп қоныстана бастайды. Аңламас-қажы Нурумбетұлы бастаған ауылдың ауқатты азаматтары Қайып, Жорып, Байтықай, Шаңшар, Сүгір, Көбөк сияқты азаматтар қоныстануға келгендерге демеуші болып үй, қора-жай, мешіт, медресе салуға Бақай тауынан құрылысқа керекті ағаштарды өз қаражаттарымен дайындаған.

Бұқарада оқып келген Саутахун Исламогылы медреседе жастардың діни сауатын ашуға қызмет еткен. 1930 жылдары жаппай ұжымшар(колхоз) кезінде көптеген азаматтар шетел асты. Ауыл маңында қалған ұсақ ауыл шаруашылық артельдері бірігіп 1940 жылдары «Машина», Э.Тельман, Өсімдік колхоздары құрылады.1944жылдары ауылға жер аударылған түріктер, шешендер, гректер, еврейлер, кәрістер, орыстар, татарлар ауыл экономикасын көтеруге өз үлестерін қосты. Оларға ауыл халқы үй, қора-жай, мал беріп, тұрмысын жақсартуға қол ұшын созды. 1951 жылы үш колхоз бірігіп, Э.Тельман атындағы колхоз болып құрылады. 1961-1994 жылда құрылған Қорам темекі совхозы ауыл экономикасының дамуына зор үлес қосты.

Ауылда 1176 орындық орта мектеп, 140 бүлдіршінге арналған балабақша, 50 орындық дәрігерлік мекеме, пошта торабы, клуб, кинотеатр, стандарт үйлер салынып, көшелер асфальтталып, жөнделе бастады.

Қазақстан Республикасы егемендік алған 30 жылдың ішінде ауыл тұрғындарының саны 7000 мцыңнан асты. «Ынтымақ бар жердеырыс бар» дегендей, 10 этнос өкілдері мекендеген ауылдың азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауылда құрылған 630 шаруа қожалықтарында бір кісідей еңбек етіп, еліміздің әл-ауқатының жақсаруына үлестерін қосып келеді. Ауыл тұрғындарының достығы мен ауызбіршілігі, бір мақсатқа арналған тіршілігі еліміздің бейбіт өмірінде жалғасуда. Осыған байланысты бір мысал келтіре кетейік, ауылдағы көп ұлттың өкілдері үйі аралас, қойы қоралас дегендей, бір бірімен құда-жекжат болып, бір құдықтан су ішіп, бір арықтан бақшасын суарып, балалары бір сыныпта отырып, жастары бір командада футбол ойнап, ауыл намысын қорғауда.

Ұйғыр азаматы Сетахуынның шұбар тауықтары көршісі Итбайдың қорасында жем жеп, қорасында жұмыртқалайды екен. Бір күні Итбайдың ақ бас сиыры Сетахунның бау-бақшасына кіріп кетеді,оны көрген Сетахунның әйелі Шымахан Итбайдың әйелі Қанымжанға:

– Әй, көрші, сиырыңа неге ие болмайсың? Біздің бау-бақшамызға зиян келтірді. Сонда Қанымжан:

– Сенің тауықтарың қыстай біздің жемді жеп, қорада жұмыртқалайды. Енді сен ашуланбай біздің сиырдың сүтін іше бер – деді.

Біраздан кейін бір шелек сүтті алып, көршісіне кіріп, Қанымжан қуырған жұмыртқаны жеп екеуі шәй ішеді. Осы әңгімеден кейін көршілер әрқайсысы өз тауығы мен малына ие болып, жақсы өмір сүріп жатыр. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос». Ауыл халқы бір-бірімен ынтымақта өмір сүруде. Қиыншылықта, жақсылықта бір-біріне қол ұшын берген ауыл азаматтары қиын індет кезінде де сүйеу бола білді.Ырыс қайда барам дегенде, достығы жарасқан ауылға барады екен.Қорам мектебінің түлегі Шамсия Өтегенова «Ауылым – алтын бесігім» деген өлеңінде:

Қорамым, дария-дархан ел,

Ежелгі атамекенім.

Әрдайым сені қастерлеп,

Мақтаныш етіп өтемін – дегендей, ауыл халқы өз атамекенін қастерлеп, өмір сүруде.

 

Тоқтасын ТҰЯҚОВ,

академик, өлкетанушы ұстаз, ауданның құрметті азаматы

Оқылды 1491 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет