Бейсенбі, 17 Желтоқсан 2020 11:56

Ызғармен келген тәуелсіздік

 

16 желтоқсан – мереке ғана емес, нәубетпен келген ұлы аманат. «Егемендікке қалай қол жеткіздік?» дейтін сауалға әркімнің берер жауабы сан түрлі болар. Дегенмен, бізге 1986 жылдың айтулы оқиғасы жайында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының тумасы, желтоқсаншы  Байтөриев Ақмадияр Әлтанұлы айтып берді.

Дауыл алдындағы тыныштық

1971-1981 жылдар аралығында Ораз Жандосов атындағы орта мектепте оқыдым. Одан 1982-1984 жылдары Белоруссияда автомашиналармен жүк тасымалдауға арналған әскери бөлімшеде әскери борышымды өтедім. Әскерден келген соң оқуға түстім. Сонымен, 1985 жылы қалалық кәсіптік техникумда «ағаш ұстасы» мамандығы бойынша оқып, үздік тәмам-дадым. Негізінен, оқу мен жұмысты қатар алып жүрдім, СМУ 9-да жұмыс істейтінмін.

Кәдімгі күндердің бірі еді.  Кешкісін, жайбарақат  жұмыстан қайтып бара жаттық. Алайда, кенет көңілге күдік кеп ұялады. Көше тым-тырыс. Сөйтсек, бұл дауыл алдындағы тыныштық екен...

Әлі есімде, алдымыздан орыс ерлі-зайыпты шықты. Тірі пенде көргенімізге қуандық па? Жандарына жүгіре ұмтылыппыз. Қолдарында газет. Олар да әлденеден үрейленіп тұрды. Көздерінен «Апыр-ай, енді не болар екен?!» дейтін сауал анық көрінетін. Біз де сол ойларына, әңгімелеріне қосыла кеттік. Мән жайды сұрадық. «Қалаға не болды? Мына өлі тыныштықтың себебі не?» дедік. Сөйтсек, бар мәселе газеттің бетінде жазылып тұр екен. Колбиннің суретін көрдік...

«Шерудің екінші күнінде шықтым»

Осылайша, шерудің екінші күнінде мен де шықтым. Жатақханада бір бөлмеде тұратын жігіттер түгел сап түзедік. Жаяулатып келе жатырмыз. Бағытымыз – алаң. Жол бойы жастарды жинай келдік. Кейбір жатаханаларды қылышынан қан тамған қызыл империя жауып та тастаған. Дегенмен, жастар балконнан оған қарамай секіріп түсіп жатты. Талабымыз, арманымыз біреу ғана – «Қонаев шығып өз ойын айтсын! Колбин биліктен кетсін!»

Шерушілерді қуды, тоқпақтың астына алды. Адам көп шоғырланған маңнан қашып шығуға тырыстым. Енді шеткері шыға бергенімде, басыма соққы тиді. Есімді жисам, екі ер кісі «Ол әлі тірі екен» деп кетіп бара жатып, бұрылып маған қарай жүрді. Сүйрелеп, көлікке алып кірді. Менен кейін және тағы адамдарды алып келе берді. Топырлап, тола кеттік. Бір кезде көлік қозғалды. Терезеден қарап отырсам, артымызда келе жатқан көліктің қарасы көп. Қай мекен екені белгісіз қаланың сыртына қарай алып барды. Жол бойы бір-екеулеп қана бізді көліктен түсіріп қалдырып отырды. Бойымызда күш жоқ. Мең-зең күйде тұрмыз. Дегенмен, сүйретіліп қаланың шетіне де жеттік.  Қатты қуандық. Шөл даладан су тапқандай болдық.

Желтоқсаншыларға «маскүнем, нашақорлар» деді

Ертесіне жұмыстағы басшылық бәрімізден түсініктеме алды. Шыны керек, сол кезде «Алаңда болған жоқпын» деп жазып бердім. Денемізде жарақат бола тұра, аурухананың көмегіне де жүгінбедік. Ондағы себеп – қорықтық. «Сол күндері жарақатпен келгендердің бәріне алаңда болдың деп айып тағып жатыр» дегенді естіп алғанбыз. Ел-жұрт шулап жатыр. Алматы ғана емес, күллі Қазақстан дүрліккен. Жаңалықтардан шулатып, ақпарат беріліп жатыр. Бәрібір де алаңда болғаным бар. Үй-ішім тыныш болсын деп, ақыры бір шешімге келдім. Ауылға қайтуды ұйғардым.

Сол уақыттағы жастардың бойында болған рухты сөзбен айтып жеткізіп бере алмаймын. Алайда, сол кездегі саясат аққа қара күйе жаққысы келіп бақты. Бізді «маскүнем, нашақор» деді.

Алматыға арман қуып барған едім. Аласапыран болып арманның бәрі аяқ астына тапталды. Қайрат Рысқұлбектің жайын естігендегі күйім тіпті нашар болды. Қайғылы болдым. Сырттан әкеліп Колбинді қонжитты. «Әр ұлттың өз көсемі болсын» деп ұран көтердік.

Желтоқсаннан қалған із 

Қазір ойласам, бүгінгі денсаулығымдағы кінәрат сол кезден қалған із сияқты. Басымнан алған соққы өте ауыр болған еді. Әлсін-әлсін, маза бермей ауыртады.

Бір бөлмеде тұратын Ермек Ибрагимов деген жолдасым және тағы жас жігіттер болды. Жатақханаға қайта оралған соң ешкімді іздеуге шамам болмады. Соққы алған басым ауырып, жаныммен қайғы болдым.

Ондай көтеріліс болмай-ақ қойсын деп тілеймін. Бірақ, сол аға-әпкелеріндей бүгінгі жеткіншектер Отанын сүйсе, жігерлі болса, ел дамиды.

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 2901 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Алаш» у истоков независимости Тәңір берген тәтті сый »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет