Бейсенбі, 19 Қараша 2015 11:12

Жасөспірімдер қылмысы қоғамды алаңдатуда

Жағаны ұстатар жасөспірімдер қылмысы жыл санап артып келеді. Айталық, былтыр облыс бойынша 10 ауданда 600 қылмыстық іс сотта қаралса, биыл 1700-ді көрсеткен. Бұл Алматы облысы сотының жасөспірімдер ісі жөніндегі сот төрағасы Берік Күзембайдың келтірген мәліметі. «Оның басым көпшілігі ата-ана құқығынан айыру және ауыр қылмыстар» дейді Берік Тілеуғалиұлы. Үрейлі статистикалық мәліметтер терең зерттеу мен зерделеуді талап етті. Себебі, ауданымыз облыста жасөспірімдер қылмысы жөнінен алғашқы бестіктің арасында екен.

 

Ата-анасы тентегін тезге сала алмаса, құқық қорғау қызметкерлері іске араласады. Алайда, ол бозбаланың болашағына балта шабуы бек мүмкін. Себебі, ішкі істер басқармасының тізімінде тұрғандар мемлекеттік қызметтің маңына жолай алмайды. Дәлел келтірсек, қазіргі таңда 54 кәмелет жасқа толмағандар аудандық ІІБ тізімінде тұр. Оның 14-і профилактикалық есепте. Қараша тілмен айтсақ, бұлар ауыр қылмыс жасағандар. Ал 9 айдың төңірегінде 15 кәмелетке толмағандармен қылмыс фактісі тіркелген. Былтырғымен салыстырғанда өзгеріс жоқ. Мұндайда «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген әл-Фарабидің ойын айтпасқа шара жоқ.

Шыны керек, Берік Тілеуғалиұлының ауданға сапары көп нәрсенің көзін ашты. Әсіресе, Райымбек атындағы орта мектепте білім ошақтарының басшыларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесуінде кейінгі өзгерістер жайлы кеңінен толғады. Оның айтуынша, түнгі сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде жүрген жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал балаңыз түнгі 23.00-ден кейін үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз ұсталса, Сіз ескерту аласыз. Яғни, тентегін түнде тентіреткен ата-ана қатаң жауапкершілікке тартылады. Айталық, ауданымыздың өзінде соңғы 9 айда 286 ата-ананың басы түнде жүрген баласы үшін бәлеге қалды.

Орайы келгенде айтып өтейік, аудандық ішкі істер басқармасының мәліметіне сүйенсек, балаларын оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін мінсіз атқара алмаған 56 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке жегілді.  Сондай-ақ, жасөспірімдерге темекі мен арақ сатқан 9 сатушы да өз жазасын алған.

Ендігі, баламыз бұзықтық жасап, біреуді соқса, кешірім алуға асығатынымыз айқын. Ал соңғы өзгеріс бойынша зардап шеккен бала кешірім берсе де, судан таза шыға алмайды             айыпталушы. Ең оңай жаза ішкі істер басқармасының тізіміне аты жазылады. Қысқасы, істеген ісінен із қалады.

Үшіншіден, қазір кез келген тәртіпсіздікті қалта телефонына түсіріп, ютубқа жіберуге әуес жастар. Сөйтіп өз қолымен бәлеге ұрынады. Қалай дейсіз ғой, егер екі баланың төбелесін түсіріп, оны желіге енгізсеңіз, айналасы 1 тәулікте үйіңізге құқық қорғау қызметкерлері келеді. Жанжалдасқандарды да, тәртіпсіздікті көріп тұрып тұсамай, оны видеоға түсірген жанды да айыптайды. Ондай оқиға ауданымызда орын алды. Нақты айтсам, желіден көргеннің жағасын ұстатып, көдекті қорлаған масақтық жас қазір қылмыстық істің шырғалаңынан шыға алмай әлек.

Ендігі ескеретін жайт, ойнасаң да ойла. Себебі, Талғарда екі жас ойнап жүріп от басты. Әңгіме ауаны былай: екі бала жаға ұстасып, балалықпен жұдырықтасады. Сөйтіп бірі екіншісін шалып құлатады. Басы қазыққа соғылады. Қатты зақымнан құлаған бала сол жерде жан тапсырады. Ал екіншісі, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, темір торға тоғытылды.

Аудандық ішкі істер басқармасының мақсаты біреу: қылмыстың алдын алу, оны болдырмау. Осы тұрғыда да атқарған жұмыстары айтарлықтай.

– Кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімімен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлескен жұмыс жоспары жасалды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы оқушылардың арасында бопсалау, тонау, ұрлық және өзге де құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Оның ішінде Алматы облысы ішкі істер департаментінің нұсқауымен өткен «Жасөспірім», «Құқық тәртіптілігі», «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» «Түнгі қаладағы балалар» секілді шараларды ерекше атауға болады. Сондай-ақ, аудан көлемінде 349 құқық сауаттылығы тақырыбында дәрістер мен профилактикалық әңгімелесулер мектептерде жүргізілді.  Абылайхан  атындағы орта мектеп қабырғасында «Полиция жас көмекшісі» атты іс-шара да ұйымдастырылды, – дейді аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Алтынбаев.

Жасөспірімдер ісі дегенде аудан әкімі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының маңызын айтпай кетсек, бізге сын. Аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметовтың төрағалығымен өткізілетін отырыстар қаншама жасөспірімге шуақ сыйлады. Оған дәлел, аудандық ішкі істер басқармасы комиссия отырысына 28 құжат жіберген. Оның 19-ы кәмелет жасқа толмағандардың әртүрлі деңгейдегі бұзықтығы болса, 9-ы баласына қарай алмаған ата-ананың мәселесін майшаммен қарауды ұсынған. Бүгінде бәрі дерлік өз шешімдерін тапты.

Жиын барысында аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Салтанат Беспаева: – Шыны керек, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, психологтар, арнайы бекітілген тәртіп сақшылары бір кісідей жасөспірімдерге бақылау жасауда. Төккен терлерін жоққа шығара алмаймыз. Ендігі кезек, жастар бір-бірін тәрбиелесе нұр үстіне нұр болар еді. Ол үшін бала бойында қоршаған ортасына, достарына деген қамқорлық болуы ләзім. Біз неғұрлым осы бағыттағы тәрбиені жандандырсақ, – деген ойын ашық айтты. Бұл да құптарлық жайт. Себебі, бала тәрбиесіне тұтас қоғам әсер етеді. Маңыздысы, адамгершілік қасиет ана сүтінен, әке қанынан келетінін ұмытпайық. Ұрпақ тәрбиелеуде көзге ілінбес кемшіліктің өзі болашаққа балта шабатынын ескерейік.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 5400 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет