Сәрсенбі, 01 Тамыз 2018 15:19

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру сұрақтары талқыланды.

Облыс басшылығымен бұл мәселені зерделеу және талқылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Қарағанды ​​облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарын оңтайландыру Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген тиімді мемлекеттік басқаруды одан әрі құру міндетін іске асыру үшін жасалатын болады.

Қарағанды ​​облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың облыс активімен кездесуі өтті. Кездесуде мемлекеттік органдардың ведомстволық ұйымдарында персоналды басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Сапар барысында Айгүл Шаимова Абай ауданының, Қарағанды ​​және Шахтинск қалаларының білім беру, мәдениет және спорт салаларының ведомстволық ұйымдарында болды.

Болашақта Қарағанды ​​облысының әкімшілік шығыстарын төмендетудің оң тәжірибесі еліміздің барлық өңірлерінде қолданылатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің баспасөз қызметі

 

 

 

В КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ОПТИМИЗАЦИИ ПОДВЕДОМСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОСОРГАНОВ

 

Для изучения и обсуждения  данного вопроса с руководством региона Карагандинскую область с рабочим визитом посетила заместитель Председателя Агентства по делам государственной службы и противодействию коррупции Айгуль Шаимова.

Оптимизация подведомственных организаций госорганов проводится в реализацию Послания Главы государства народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции», в котором определена задача по дальнейшему построению эффективного государственного управления.

При участии акима Карагандинской области Ерлана Кошанова состоялась встреча зампреда АДГСПК Айгуль Шаимовой с активом региона. На встрече обсудили последующие совместные действия по выработке более эффективной системы управления персоналом в подведомственных организациях госорганов. 

В ходе визита Айгуль Шаимова посетила подведомственные организации сфер образования, культуры и спорта Абайского района, городов Караганда и Шахтинск.

В перспективе положительный опыт снижения административных расходов Карагандинской области будет применен во всех остальных регионах страны.

 

Пресс-служба АДГСПК РК

Оқылды 7268 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет