Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №56-к өкімімен Бименов Бауыржан Мыныханұлы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Б.Бименов 1970 жылы 3 қыркүйекте Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану, ғалым-агроном» мамандығы бойынша, 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Түрген қой кеңшарының №7 бөлімшесінде бригадир көмекшісі боп бастаған. Кейіннен кеңшардың №1 бөлімшесінде бригадир, бас агроном боп еңбек етті. Әр жылдары Қырбалтабайдағы «Ақжал» АҚ №2 бөлімшесінің меңгерушісі, агрономы, Қырбалтабай округінің әкімі, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы, аудандағы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бөлім басшысы, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Бөлек округінің әкімі қызметтерін абыройлы атқарған. 2013 жылдан осы уақытқа дейін Есік қаласының әкімі болған.
Бірнеше мерекелік медальдардың иегері.