Сәрсенбі, 19 Тамыз 2020 11:10

ТАРАЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙТЫН БІЛЕЗІК ОЙЛАП ТАПТЫ

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Қазақстандағы алғашқы балалар смарт-білезігінің авторы атанды.

Тараздық Мөлдір Айжарық өзінің өнертабысына «Your friend» деген атау берді. Ол импульсті, температураны, сондай-ақ, баланың геолокациясын қадағалай алады және бұл туралы ата-анаға хабарлама жібереді.

- Мен бұл бизнес-жобаны 11-сыныптан бастап жетекшім Әлия Жусанбаеваның көмегімен экономика сабағында жасай бастадым. Қоғамның проблемаларын зерттей отырып, көптеген ата-аналар баласының денсаулығына жеткілікті уақыт бөле алмайтындығын байқадым, өйткені, олар көп уақытын жұмыста өткізеді. Осы орайда маған балалардың денсаулығын бақылайтын және ата-анасына мәлімет жібере алатын смарт-білезік жасау идеясы келді, – дейді Мөлдір.

Мөлдір Айжарық «ZhasCamp Accelerator» әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасының түлегі. Осы бағдарламаның арқасында оқушы қыз өзіне тәлімгер тапты. Ол – қазақстандық ғалым және «Technologies Lab» бас директоры Тимур Рыспеков. Ментордың жетекшілігімен Мөлдір код жазып, құрылғының жұмыс прототипін жасап шыққан.

Алайда жақында «Apple» компаниясы дәл осындай мүмкіндіктері бар ақылды сағаттардың жаңартылған нұсқасын ұсынды. Содан кейін команда өз алдына өнімді бәсекеге қабілетті ету міндетін қойды. Олар білезікке газдың ағып кетуіне жауап беретін сенсор мен көру қабілеті нашар балаларға арналған заттар сенсорын қосты. Сондай-ақ, Мөлдір ойлап тапқан құрылғы пайдаланушы сенсорларды өз қажеттілігіне сай ауыстыра алатындығымен ерекшеленеді. Әзірге тек өндіріс пен жобаны одан әрі дамыту үшін инвестициялар тарту ғана қалып отыр.

Жоба 3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға арналған. Автордың айтуынша, олар осы жаста осал және көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалады. Енді Мөлдір аудиторияны кеңейтіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтуды жоспарлауда. Қазір жас өнертапқыш бизнес-жоспар бойынша белсенді жұмыс істеуде, ал университетке түскеннен кейін әртүрлі мамандық студенттерінен жобалық топ құрғысы келеді.

"ҚАЗАҚПАРАТ"

Оқылды 2604 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет