Сәрсенбі, 19 Тамыз 2020 11:05

АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ САНАУЛЫ КҮНДЕ АЯҚТАЛАДЫ

АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ САНАУЛЫ КҮНДЕ АЯҚТАЛАДЫ google.kz

Алматы облысының полициясы армениялық көліктерді уақытша тіркеудің аяқталуына санаулы күн ғана қалғанын хабарлайды. Бұл іс ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілуде.

- Қазіргі уақытта Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге алу жүргізіліп жатыр. Елімізде тіркелмеген шетелдік көлікті мемлекеттік тіркеуге қою үшін бірегей мүмкіндіктің аяқталу мерзімі 1 қыркүйекке дейін ғана, яғни, санаулы күндер ғана қалды. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, 301 автокөлік иесі темір тұлпарының құжаттарын рәсімдеді, - деді Алматы облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов.

Жол сақшыларының мәліметі бойынша осы сәтті пайдаланып, көлігін тіркемеген санаулы ғана шетелдік автокөлік иелері қалған. Қазіргі уақытта аталған шетелдік тіркеудегі автокөліктер мен олардың иелерінің мекенжайын анықтау шаралары қабылдануда.

Өз кезегінде Алматы облысының полицейлері тұрғындарды қаулы талаптарына сәйкес келетін автокөліктерін уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Өйткені, күздің алғашқы күні тіркеу тоқтайтынын ескерген абзал.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай қабылданған ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырындағы №306 қаулысына сәйкес Армения Республикасынан әкелінген көліктерді елімізде уақытша тіркеуге қою мәселесі біріздендірілген болатын. Аталған құжатта уақытша тіркеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін деп көрсетілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Оқылды 2697 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет