Сәрсенбі, 19 Тамыз 2020 10:39

Жер комиссияларының құрамын түбегейлі қайта қарау тапсырылды

Індетпен күрес жағдайындағы карантин кезеңінде қызмет түрлерін цифрландыруға деген қажеттіліктің күрт өскені байқалады. Соған сәйкес жыл соңына дейін Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін 90 % жеткізу көзделіп отыр. Бұл біріншіден, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы уақытын үнемдеуге әсер етсе, екіншіден қызмет көрсетудің ашықтығына, қолжетімділігіне және жемқорлық фактілерінің алдын алуға ықпал ететін фактор. Бұл туралы бүгін Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Бүгінгі күні Алматы облысының әкімдігі тарапынан 170 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 141-і, яғни 82,9 %-і автоматтандырылған. Өңірлік геоақпараттық жүйе аясында Алматы облысында жер қатынастары мен сәулет салаларындағы 21 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Сол сияқты білім мен спорт салаларындағы тағы 12 қызмет түрі де автоматтандырылуда. Тұрғын үй-коммуналдық салаға, қоғамдық көлік қатынасына цифрлық жаңалықтар енгізу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынуда.  Облыстық цифрландыру басқармасының басшысы Талғат Омаров Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осындай мәліметтер келтірді. Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Е.Мақажанов департамент тарапынан жасалған талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер көтерді.

- Жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 137 құқық бұзушылықты анықтаған, соның 75,2 %-і немесе 103 заңбұзушылық - сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. Осы мерзім ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне барғаны үшін 87 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы шығын 3,6 млрд. теңгені құрап отыр, оның 2,8 млрд. теңгесі немесе 80 % өтелді, - деп атап өтті Е. Мақажанов. Қылмыстық жауапқа тартылғандар ішінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үлесі 42 %. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу процестеріне, жер қатынастары саласында жер комиссиясы жұмыстарына ерекше қырағылықпен қарап, қажет болса комиссия құрамын түбегейлі жаңадан қалыптастыру қажеттігі де айтылды. Бұл орайда Е. Мақажанов жемқорлық қылмыстың алдын алу шараларына көбірек көңіл бөліп, әр мекеме өзінің ішкі бақылауын күшейтуі тиіс екенін атап көрсетті.

Жиын барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Сәдуақасов та өз тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы толықтырып өтті. Оның айтуынша, 2015 жылы жердің 7 санаты енгізілген және жер учаскелерінің паспорттарын қарау мүмкіндігі бар электрондық карта жасалды. Қазіргі уақытта жер картасының қабаттары мен объектілерінің құрамы кеңейтілді. 2017 жылы электрондық картаны мемлекеттік тізіліммен және облыс басқармаларының деректер базасымен интеграциялау жүргізілді.

Сол сияқты 2019 жылы көрсетілетін мемқызметтерді цифрландыруға облыстық бюджеттен 508,0 млн. теңге бөлініп, игерілген. Алматы агломерациясын қамти отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің геопорталын, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесін, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 272,6 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім беріліп, жұмыстар Алматы қаласына жақын орналасқан 5 аудан орталығында жүргізіледі деп жоспарланған.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов оқылған баяндамалар мен айтылған ұсыныстарды қорыта келе:

- Бүгінгі көтеріліп отырған мәселелердің бәрі де өзекті. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп, жемқорлық әрекеттердің алдын алу, түсіндіру жұмыстарын үздіксіз, қажет болса департаменттен жан-жақты әдістемелік көмек ала отырып атқаруымыз керек. Әр мекеме-ұйым өзінің ішкі бақылауын күшейтуі керек. Аудан, қала әкімдеріне жер мәселесінде заңсыздықтарға жол бермеу туралы қатаң ескертемін. Орынбасарым Серік Тұрдалиевке аудан, қалалардағы жер комиссиялары жұмысын егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырамын. Кемшіліктерге, заң бұзушылыққа жол бергендердің комиссия құрамында қалуына жол берілмейді.  Түгелдей қайта жасақтап, жаңарту керек. Расында, коронавирусқа байланысты шектеу кезеңі бізге цифрландыру ісімен түбегейлі айналысу қажеттігін айқын көрсетті. Қызмет түрлерін автоматтандыруды одан әрі үдетуіміз керек, - деді А. Баталов.  

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылды 2376 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет