Бейсенбі, 15 Қараша 2018 17:45

Жастар жылынан не күтеміз?

     Елбасы өз жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе,  жастардың шығармашылығын, тұрмысы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

    Осы тұста облыс әкімінің «Көшбасшы 2018»  жастар сыйлығына ауданымыздың атынан үміткер  жандардан келер жылдан қандай өзгеріс күтетіндігі туралы бірауыз пікірін білдік.

Қайсар Асқарұлы. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. «Жас мемле-кеттік қызметкер» номинациясы бойынша үміткер:

    Ұлт болашағы білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Әрбір адам «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүру керек. Елбасымыз бүтіндей бір жылды «жастар жылы» деп атауының себебі де осы секілді. Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, ел болашағына қызмет етуін, халқына пайдасы тиер азамат болуын мақсат тұтады. Сондықтан әр маман өз саласында үздік болуға ұмтылып, ел келешегіне тамшыдай болсын үлес қосамын деген үлкен жауапкершілікпен жүреді деген ойдамын.

Нұртас Қайрат. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің әншісі. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша үміткер:

   Жалындап тұрған шағында әрбір адам өз мүмкіндігін мейлінше пайдалануға, бойында-ғы талантын көрсетуге ұмтылады. Келер жылы жастардың шығарма-шылығына көбірек көңіл бөлініп, түрлі конкурстар, іс-шаралар ұйымдастырылып, өнерлі өрендерге биік шыңдарды бағындыруға  мүмкіндіктер туады деген сенімдемін.

Ермек Мырзахан. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі-нің маманы. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» номинациясы бойынша үміткер:

    Ауыл шаруашылығы білімді жас мамандар арқылы өркендейді. Шетелдерде жиі тәжірибе алмасуға жіберіліп, жаңа технологияны мең-геруге мүмкіндік берілсе, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, дамуымызға үлес қосар еді. Ел экономикасына үлесін қосып, кәсіпкер-лікпен айналысамын  деген жастарды демеп, қолдау білдірілсе деген тілектемін.

 Гүлнар Ошанова. Балтабай орта мектебінің мұғалімі. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша үміткер:

    «Білекті бірді жыға-ды, білімді мыңды жыға-ды» демекші, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда жастардың сапалы білім алуына, ғылыми дамуына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Елбасымыз білікті мамандар дайындау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесін басты назарда ұстайды. Түрлі конференциялар, дебаттар, олимпиадалар ұйымдастырылып, жас ғалымдардың жаңалық ашуына ықпал жасалынса, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе, алда атқарылатын жұмыстарға мотивация береді деген үміттемін.                

 

Сауалнама жүргізген

Жансая ЫСҚАҚ.

Оқылды 3542 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жастар жылынан не күтеміз? Жастар жылынан не күтеміз? »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет