Сәрсенбі, 03 Маусым 2020 09:48

Уақытты ұтымды пайдалан

Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялардың дамуы азаматтардың кез келген керекті құжатты ұзын-сонар кезексіз, жылдам әрі үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік берді. Бүгінде барлығымыздың қолымызда ғаламтор желісіне қосылған смартфондар бар. Арнайы құрылған электронды үкіметті дәл осы смартфонға жүктеп, сұранысыңызды тез арада алу мүмкіндігіне жол ашылды. Осы орайда сұрақ туындауы заңды. "Электронды үкімет деген не? Ондағы оң өзгерістер мен жаңалықтар қандай? Төтенше жағдай кезеңіндегі орталықтың жұмыс тәртібі жайында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Мұрат Талдыбаевтан сұрап білген едік.

Мұрат Құдайбергенұлының айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік реестрде 694 мемлекеттік қызмет бар. Соның 642 қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі және 608 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді. 26 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында ХҚКО өз жұмысын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Аудан тұрғындарының  мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілерінде онлайн алу мүмкіндігі болған. 

Бүгінгі күні індеттің таралу қаупі мен аудан тұрғындарының өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған.

Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

  – Енді тұрғындар ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады. (Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау,  жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау т.б).

Сондай-ақ, аудан тұрғындары электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын ХҚКО ғимараттарында ғана емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Бұл бұрындары аудан орталығына әлдебір құжаттар үшін алыс ауылдардан ат сабылтып жүрген тұрғындар үшін ыңғайлы. Себебі, бүгінде кез-келген ауылдық округ әкімдігінде электронды үкімет порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Олар ғаламтор желісіне қосылған. Сондай-ақ, онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚКО операторлары кеңес беретін болады.

«Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  қызметкерлері төтенше жағдай кезінде тәулігіне 14 сағаттан, кейде демалыссыз қызмет атқарған. Әріптестеріміздің арқасында зейнеткерлеріміз зейнетақы, жәрдемақыларын уақытында алды. Сонымен қатар  42500 теңге әлеуметтік төлемі уақытша табысы тоқтаған азаматтарға төленуін ХҚКО қызметкерлері жіті қадағалады дейді» – Мұрат Талдыбаев.

Сондай-ақ, жаңашылдықтарды сөз еткен басшы бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді дейді. Әрі қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты Vk, Fb мэссенджерлері арқылы, сұранысқа ие анықтамалар алуға болатынын жеткізді.    

Естеріңізде болса, 2019 жылдың аяғында Электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді. Бұл жерде  азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ. Біз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID-мен ашуды үйреніп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID-іңізбен растауға болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымшада 58 қызметтер қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қосымшаны AppStore және PlayMarket қосымшаларынан жүктеп алуға болады.

Сонымен қатар әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді. Facebook ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін Сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады. Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфонмен де, ноутбукпен де бірдей пайдалануға болады!

Бір айта кетерлігі, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында автоәуесқойлар үшін көлікті тіркеу және дайын жүргізуші кәлігін беру қызметтері бар болса, жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметі жоқ. Мұнда тек дайын құжат беріледі – дейді Мұрат Талдыбаев. Ал жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға автодром қажет. Бұл да аудандық ХҚКО-да жоқ. Аламын деушілер Қарасай ауданына немесе облыс орталығы Талдықорған қаласына барып арнайы емтихан тапсыруы тиіс. Ал, қалған қызметтердің барлығы бар.

Жалпы, Мұрат Талдыбаев бүгінде электронды үкіметтің халықтың да сұранысын қанағаттандыру әрі ХҚКО жұмысын да ыңғайлы ету мақсатында жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығынан хабардар етті. Бұл бүгінде қағаз жүзінде берілетін құжаттарды электронды форматқа өткізу әрі мамандар біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, қауіпті коронавирус індетінің таралуы түбегейлі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік желілер мен электронды үкімет порталы арқылы алуға меңзегендей.

Ә.МАНАСБЕК

Оқылды 1562 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ер еңбегі – ел еңбегі... Уақытты ұтымды пайдалан »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет