Сейсенбі, 12 Мамыр 2020 10:24

«Сыбағаның» сыбағасы

Ауданымыз – ауылшаруашылығына оңтайлы құнарлы қою топырағымен, төскейі төрт түлікті емін-еркін өргізуге қолайлы жайқалған жайылымымен қашаннан ырыстың қайнар көзі. Тек көкейде бұл ырысты көсіп алуға ынта болса жеткілікті. Шаруалардың бұл ынтасын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан да түрлі бағдарламалар белгіленген. Айталық, «Сыбаға» бағдарламасы. Етті әрі асыл тұқымды мал басын өсіруге  бағытталған бағдарлама аясында аудан шаруалары бүгінде жеңілдетілген несие алып, несібе айыруда.

Сөзіміздің дәлелі – Қаракемер ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылындағы «Иманбаева Ш.Ш» шаруа қожалығы.

Аталған шаруа қожалығы 2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 61 млн 250 мың теңге жылдық 4% жеңілдетілген несие алған. Ресейдің таулы Алтай аймағынан әкелінген 100 бас қазақтың ақбас асыл тұқымды аналық мал (сиырлар) бүгінде төлдеп жатыр. Шаруа қожалығының меңгерушісі Берік Қазыбайұлы «Сыбаға» бағдарламасымен жеңілдетілген несие рәсімдеу үшін қожалық тарапынан үлкен дайындық қажет екендігін жеткізді. Ол үшін асыл тұқымды малдың ерекше күтімін қамтамасыз ететін қора-жайы және жайылымынан бөлек, азығын да сатып алмайтындай алдын-ала шаралар қамдануы қажет. Бұл «Сыбаға» бағдарламасының талаптарынан да аңғарылады. Аталған шаруа қожалығының жайылымдық жері, егістік алқаптары мен қора-жайы сай.

Қазақтың ақ бас асыл тұқымды сиырларын таңдау себебін де сұрадық. Аналығы 600 келіге дейін, аталығы 1 тоннаға дейін салмақ қосатынын ескерсек, себебі айқын. Аталған тұқым 1932-1950 жылдары ет жинау қасиетін молайту мақсатында герефорд асыл тұқымды бұқаларымен будандастыру арқылы дүниеге келген. Сондай-ақ, Берік Қазыбайұылының айтуынша, қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиырлары жергілікті жердің ауа-райына төзімді әрі аса қатты күтімді қажет етпейді. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасының қолайлы шарты – алынған несиені тек екі жылдан кейін ғана ай сайын бөліп төлеу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда төл алумен айналысып жатқан әрі пайдасын әлі көре қоймаған шаруа қожалығы үшін бұл – аяғынан тік тұрғанға дейін көрсетілген үлкен қолдау. Берік Қазыбайұлы анасы Шолпан Иманбаевамен биылғы жылы тұрақты он жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, техника тетігін де реттеу жоспары бар. Атап өткен жөн, шаруа қожалығының меңгерушісі Берік Қазыбайұлы аталған шаруаны қолға алмай тұрып, мемлекет қызметінде болған. Аудандық салық комитетінде бөлім басшысы, одан бұрын аудан әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған. Әкесі, аудан тұрғындарына белгілі азамат Қазыбай Жылқыбеков қайтыс болғаннан кейін, шаруа жайы тұралап қалған. Ойластыра келіп Берік – шалқайған шаруаны тік тұрғызу ниетімен мемлекеттік қызметтен бас тартқан. Бүгінде Берік Қазыбайұлы анасы Шолпан Иманбаевамен шаруаны шыр көбелек айналдырып, асыл тұқымды ақбас сиырлардың  жартысынан төл алып үлгерген.  Әлемді әуреге салған коронавирус індетінің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай шаруа қожалығының шаруасына кері әсерін тигізбеген. Тек, Берік Қазыбайұлы шаруа қожалығы күн санап дамып, мал басы өсіп отырғандықтан  жайылымдық жер қажет екендігін жеткізді. Бұған аудан әкімдігі тарапынан пәрмен берілсе болды, мәселе шешімін таппақ.

 

Әділет САРЫБАЙ

Оқылды 1778 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « На старте – большой ремонт «Сыбағаның» сыбағасы »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет