Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 10:08

Білімді мыңды жығады

«Білім – инемен құдық қазғандай». Аянбай төккен тер мен табандылық – бұл жерде басты құралың. Қаламыздағы А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары талаптыға нұр жауатынын сөз жүзінде емес іс жүзінде жақсы біледі. Білімдіге дүние жарық екенін Талдықорған қаласында 5-6 қаңтар аралығында өткен республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде дәлелдеп қайтты.

 

Олимпиаданың өту барысымен таныстырған лицей директоры Тамер Гюрдің (суретте) айтуынша, пән жарысына 36 оқушы қатысқан. Соның 29-ы жеңімпаз атанып,  11 алтын, 12 күміс, 6 қола медальмен қанжығалары майланып, керемет көрсеткішке қол жеткізген.

«Облыс бойынша мектебіміз де, 19 ауданның ішінен дараланған біздің Еңбекшіқазақ ауданы да командалық есеп бойынша 1-ші орынды алды. Олимпиада екі күнге созылды. Бірінші күні теориялық тур болса, екінші күні практикалық турда бақ сынасты. Оқушыларымыз екі турдан да сүрінбей өтті. Химия пәнінен 10 сынып оқушысы Нұргелді Санабай екі турдан да 100 пайыз жауап беріп, ең жоғары нәтиже көрсетті. Ең жоғары абсолютті бірінші мен екінші орын алған 12 оқушымыз республикалық олимпиадаға жолдама алып, қазір дайындық үстінде. Жаратылыстану пәндері бойынша республикалық олимпиада биыл Көкшетау қаласында, наурыз айында болады деп күтілуде. Осы тұста тағы бір айта кетерлігі, информатика пәнінен 3 оқушы, химия пәнінен  4 оқушы республикалық олимпиаданың құрама командасының ішіне кірді. Енді республикадан жүлделі орын алатын болса, дүниежүзілік олимпиадаға жол ашық деген сөз. Оқушыларымыздан үлкен үміт күтіп отырмыз. Мақсаттарына жету жолында сәттілік тілейміз» деген қуанышты да маңызды ақпаратты жеткізді А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің директоры Тамер Гюр.

Шәкірттерінің әрбір жеңісіне масаттана марқаятын ұстаздарды айтпай кету сын болар. 10 оқушыны баптап, бастап барған химия пәнінің мұғалімі Ерболат Аблеметов өзі жас маман болғанымен, дайындаған оқушыларының бәрі де жүлдегер атанып, мерейін тасытты. Информатика пәнінің мұғалімі Мақсат Төлегенов те жас мамандар қатарынан. Олимпиадаға 9 оқушы апарып, бәрі де жүлделі орынды алды. География пәнінің мұғалімі Тамара Есжанова 4 оқушы апарып, төртеуі де жүлделі оралған. Биология пәнінің мұғалімі Арман Шанинов 2 оқушы қатыстырып, олар да біреуі алтын, біреуі күміспен оралды. Сонымен қатар, қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен де оқушылар сынға түсіп, жүлдегер атанды.

Химия пәнінен додаға түсіп, алтын медаль жеңіп алған 11 сынып оқушысы Айбол Қажымұратов: «Мен үшін облыстық олимпиада баспалдақ іспеттес. Республикаға өту жолындағы бір саты. Биыл бесінші мәрте қатысып отырмын. Болашақта таңдаған мамандығым осы пәнмен байланысты болғандықтан, маған әрбір сын, сынақ қызық. Одан абыроймен өту – менің басты мақсатым» дейді. Ал, биология пәнінен сынға түсіп, алтын медальды мойнына таққан 10 сынып оқушысы Илхамжан Мансуров «Сен үшін ең қиыны не болды?» деген сұраққа сәл ғана жымиыспен: «Мен үшін ең қиыны – олимпиаданың нәтижесін күту болды. Біздің пән биология болғандықтан, зерттеу, сынағымен бірге оны тексеру өте ұзаққа созылады. Сол көп уақытты алады. Дегенмен, бәсекелестік жоғары» деген пікірімен бөлісті.

«Білімді мыңды жығатынын» білетін білімділер заманының  жастарына тек сәттілік тілейміз. Алда күтер жеңісті күндерің көп болғай!

 

Алмагүл Алиханқызы.

Оқылды 4658 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Білімді мыңды жығады Тау бөктеріндегі көңілді күн »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет