Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 10:00

ӘКЕ – асқар тау, АНА – мөлдiр бұлақ

Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі –

әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға

арналады. Хазреті Имам Нәсәфи: «Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы

тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады.

Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі» – деген.

 

Дене мүшемен атқарылатын он ақысы:

Бірінші, оларға қызмет етіп, разылығын алу. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады». «Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан адам Алла тағаланы қуантқан болады. Ал, оларды ашуландырған адам Алла тағаланы ашуландырған болады». Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүріп, жүк арқалаған бір кісіні көріп:

– Не үшін жүгіңмен тауаф етіп жүрсің? – дейді.

– Арқамдағы жүк емес, менің әкем. Оны Шамнан 7 мәрте арқалап әкеліп, тауаф етіп жүрмін. Себебі маған дінімді, иманымды үйретті. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі, – деп жауап береді. Сонда хазреті Хасан Басри:

– Әкеңді қияметке дейін осылай арқалап өтсең де, бір рет ренжітетін болсаң, бұл жақсылықтарыңның бәрі босқа кетеді. Егер бір рет қуантатын болсаң, осыншама қызметтердің сауабына қауышасың, – дейді.

Ата-анаға лайықты түрде құрмет көрсете білу керек, оларға қызметте кемшілікке жол бермеу керек. Хазреті Ибни Аббас: “Ата-анаңның алдында кінәлі, әлсіз, кедей бір құлдың қатал, дөрекі қожайынына деген құрметіндей бол!” деген.

Анаға құрмет және қызмет әкеден бұрын келеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп болады. Бірінші анаңа, екінші әкеңе, кейін әпке-қарындасыңа, аға-ініңе, кейін ретімен қалған туыстарыңа жақсылық жаса!».

«Уа, Расулалла (с.ғ.с)! Менің анам мүшрик. Оған жақсылық жасауым жаиз ба?», – деп сұраған адамға Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Иә, анаңа жақсылық жаса және оны құрметте!», – деді. (Әбу Дәуід)

Екінші, үнемі жақсылық жасау керек. Ата-анаға сый-құрмет көрсету және жақсылық жасау парыз. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-анасына жақсылық жасаған бала пайғамбарлармен бірге жаннатқа кіреді». «Ата-анасына жақсылық жасаған адамның өмір жасы ұзақ және ризығы берекелі болады». «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жақсылық жасау». (Муслим.)

Үшінші, оларға қарсы шықпау. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-анаға қарсы шығу үлкен күнә». (Бұхари) «Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді». (Нәсаи) «Ата-анасына қарсы шыққан баланың өмірі берекесіз және қысқа болады». Ата-анасы залым да болса, олардың айтқандарына қарсы шығуға, оларға дауыс көтеруге, дөрекі сөйлеуге болмайды. «Ата-анам өте мейірімсіз, оларға қалай мойынсұнамын?” деген адамға Расулуллаһ (с.а.у) былай деген: «Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтерді, екі жыл емізді. Сені үлкейгенге дейін қойнында жетілдірді, қамқор болды. Әкең де сені өсіру үшін көптеген қиыншылықтарға төзді. Сенің қажеттіліктеріңді қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені ислам тәрбиесімен өсірді. Енді қалайша олар мейірімсіз болады? Бұдан асқан мейірім бола ма?». (Әййухәл уәләд илмихалы) «Уа, Расулалла! (с.ғ.с), қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?”, – деп сұраған адамға Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ Алла тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді».

Ата-ана жаман да болса, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек.

Құран Кәрімде 3 нәрсе 3 нәрсемен бірге айтылған. Біріншісі орындалмаса, екіншісі қабыл болмайды. Пайғамбарымызға мойынсұнбаса, Алла тағалаға мойынсұнылған болмайды. Ата-анаға шүкір етілмейінше, Алла тағалаға шүкір етілген болмайды. Малдың зекеті берілмесе, намаздары қабыл болмайды.  (Тәфсири Муғни)

Төртінші, оларға мойынсұну, қарсы шықпау, күнә болмаған әмірлерін орындау.

Мұса алейһиссалам Алла тағаладан тоғыз рет насихат сұрағанда барлығында да  «Ата-анаңа мойынсұн!» деп бұйырылды. Хадис шәрифте де былай делінген:  «Ата-анаға мойынсұну Аллаһқа мойынсұну болады. Оларға қарсы шығу Алла тағалаға қарсы шығу болады». (Табарани) Әкесіне қарсы шыққан адам бала-шағасының қызығын көре алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды. (Шира)

Бесінші, оларға қатал жүзбен, қабақ шытып қарамау керек. Жылы жүзбен, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарау керек. Ата-анасына мейіріммен, сүйіспеншілікпен бір рет қараған адам қабыл болған бір қажылықтың сауабына қауышады. Пайғамбарымыз (с.а.у):  «Ата-анасының жүзіне мейіріммен қараған адамға қажылық және умраның сауабы жазылады», – деген. «Күніне мың рет қараса да солай ма?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Күніне жүз мың рет қараса да...», – деп жауап берген. Тағы бірде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ата-ананың жүзіне мейіріммен қарау – ғибадат». деп білдірген.

Алтыншы, оларды ренжітпеу, өкпелетпеу, разылықтарын алу керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Раббыңның разылығы ата-ананың разылығында. Ашуы да ата-анаңның ашуында». (Бұхари) «Ата-анасының разылығын алған мұсылман не істесе де тозаққа кірмейді. Ал ренжіткен адам жәннатқа кірмейді» (Шира). Ата-ананы ренжіту, оларды жәбірлеу үлкен күнә болып табылады. Ата-ананың, жалпы ешкімнің де күнә болған әмірлерін орындау жаиз емес. Ата-ананың ұсынған асында харам араласқан болу күмәні болса және бұл тамақтан жеуі үшін баласын мәжбүрлесе, баланың ол тамақты жеуі керек болады. Себебі күмәнді нәрселерден қашу уәраға жатады, ал ата-ананың разылығын алу уәжіп болып табылады. Бірақ дінге қайшы болған әмірлері орындалмайды. Мәселен: “Арақ іш, намаз оқыма, әйтпесе біз ренжиміз” десе, мұндай харам болған айтқандары істелмейді. Өйткені “Алла Тағалаға қарсы шыққан істе құлға бағынылмайды” деген әмір бар.

Хақ Тағала “Анкәбут” сүресінің сегізінші аятында: «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін», – деп бұйырған.

Жетінші, олардың рұқсатынсыз сапарға шықпау. Қажылыққа барарда мұқтаж болмаған ата-анадан рұқсат сұрау сүннет.

Жиһад үшін рұқсат сұраған адамның ата-анасының тірі екенін естігенде Пайғамбарымыз : «Осында қал! Оларға қызмет ет! Оларға қызмет етуің – жиһад болып саналады», – деп бұйырды. (Бұхари)

Жиһадқа бару үшін рұқсат сұрап келген басқа бір адамға да былай деді: «Анаңның қасынан айрылма! Жаннат оның аяғының астында», – деді. (Нәсаи)

Ата-ананың үйіне (қонаққа) бармау (олармен араны үзу) үлкен күнә. Хал-жағдайларын сұрап барып тұру керек. Бара алмаған жағдайда ең болмаса хат жазып, сәлем жолдап бұл күнәдан құтылу керек.

Сегізінші, ата-анаға лайықты түрде сый-құрмет көрсету. Хадис шәрифте: «Үлкенге құрмет көрсетпейтіндер бізден емес» делінген.(Тирмизи)

«Ата-анаға құрмет – бақытсыз адамды бақытты қылады. Өмір жасын ұзартады және оны жаман өлімнен сақтайды».

Оларды көргенде дереу түрегеліп, қастарына бару керек, олар отырғанша түрегеп тұру керек, олардың рұқсатын-сыз отырмау керек. Отырған кезде де әдептілік сақтау керек, олардың алдында аяқты айқастырып немесе созып отыруға болмайды. «Болса да маған ешнәрсе демейді» деп мұндай әдептіліктерді назардан тыс қалдырмау керек.

Тоғызыншы, көшеде жүргенде арттарынан жүру. Ешқандай себепсіз алдарына түсіп жүрмеу керек.

Оныншы, шақырған кезде дереу қастарына барып “тыңдап тұрмын!” деп айту.

 

Баспаға әзірлеген Ә.МАНАСБЕК.

Жалғасын келесі саннан оқи

аласыздар құрметті оқырман.

Оқылды 4737 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет