Бейсенбі, 14 Қаңтар 2016 09:57

Антқа берік сарбаздар

Жексенбі күні Қаракемер 6654 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант беру рәсімі өтті. Жауын-гер жауапкершілігін арттыру болып табылатын аталған рәсім әскери бөлімнің дайындық алаңында салтанатты мерекеге ұласты.

 «Ант атқан». Бұл қазақ халқының түсінігінде аса ауыр қарғыс. Серт беріп, кейіннен жалт берген жауынгер ант атқан атанбақ. Алайда Тәуелсіз елдің айбынды ұландары берілген сертке қашан да бекем. Қаруын асынған, әскери тәртіпке берік 300-ге жуық жауынгер ант мәтінін анықтап әрі мақтана оқып, Отан алдында от кешуге дайын екендіктерін жеткізді. Бөлім командирі Константин Қуатов: «Бүгін Сіздер үшін ерекше күн. Ант беру – абыройлы міндет. Оны орындау одан да асқан жауапкершілік жүктейді. Бұл күні барлық Ұлттық Ұлан әскери бөлімдеріндегі сарбаздар ант қабылдау үстінде. Анттарыңызға адал, қызметтеріңізге берік болыңыздар» – деп, осыдан төрт жыл бұрын хат-хабар алмасу барысында атақты өнертапқыш, АК автомат қаруын ойлап тапқан жерлесіміз Михайл Калашников өз атынан әскери бөлімге аталған қарудың екі данасын  тарту еткендігін жеткізді. Бұл қаруларды асына отырып ант қабылдау мәртебесі бір айлық оқу кезеңінде үздік шыққан үлгілі жауынгерге ғана бұйыратындығын айтқан Конс-тантин Қуатов жас жауынгер Олжас Абдуллаевты салтанатты ант қабылдау рәсіміне шақырды. Аталған жауынгер оқу кезеңінде ананың сүті, атаның қанымен сіңген өсиет пен өнеге, тәлім мен тәрбие сынды құндылықтар құндағында өскен ұлан екендігін көрсете білді. Осы себепті, аталған мәртебеге ие болды. Ата-анасын, туған-туыстарын қуанта білген үздік сарбаз ант бергеннен кейін, барлық жауынгер аталған рәсімнен өтті. Мемлекеттік Гимн орындалып, алаңда салтанатты шеру өтті.

Осыдан кейін бөлім командирі Константин Қуатов, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Алтынбек Исаков, ардагерлер кеңесінің төрағасы подполковник Анатолий Головченко жауынгерлерге сәттілік тілеп, әскери борышын өтеу барысында сақ әрі саналы, батыл болуға бірауыздан үндеді.

Ә.МАНАСБЕК. 

Оқылды 3273 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет