Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 12:23

Иман нұры құйылған күн

Сейсенбі күні Есік гуманитарлық- экономикалық колледжінде

аудан әкімінің қолдауымен, ауданның орталық мешітінің ұйымдастыруымен пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айы мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

 Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, орынбасары Бекет Ахметов, қала әкімі Бауыржан Бименов, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов, Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы, колледж директоры Гүлнәр Жошыбаева, Алматы қаласы медресесінің тәрбиеленушілері, ауылдық округ әкімдері мен мешіт имамдары және эстрада жұлдыздары қатысты.

Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған күн» деген мағына береді. Бұл айда адамзаттың асылы пайғамбарымыз дүниеге келген. Мәуліт пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір жолын, мінезін және іс-әрекеттерін айтып, соны дәріптеу, рухына салауат айтып, Алланың сүйікті құлы, кемел Ислам дінін жеткізуші соңғы пайғамбар ретінде тағзым ету айы. Алла Тағала: «Мен достым Мұхаммедті сендерге жақсылықтың өлшемі ретінде жібердім» – деген. Өзінің өмір жолында ешбір жанға зияны тимеген, қайта қайырлы болған пайғамбарымыздың өнегелі жолы кім-кімге болса да таусылмайтын ғибрат. Мәуліт мейрамы да исі мұсылманға тән игі қасиеттерді пайғамбарымызды үлгі ете отырып дәріптеудің дәл таптырмас жолы.

Салатанатты жиын шымылдығын Алланың сөзі – қасиетті Құран аяттары ашты. Оны Алматы қаласы медересесінің тәрбиеленушілері әуезді дауыспен әсерлі оқыды. Пайғамбарымызды мадақ еткен араб тіліндегі ән де айтылды. Жан сарайыңды мөлдір бұлақ суымен шайып өткендей аталған рәсімдерден кейін аудан әкімі Бинәлі Ысқақ сөз кезегін алды.

«Әр жылдың өз ерекшелігі бар. 2015 жыл ел тарихында айрықша із қалдырып, есте қалар оқиғалармен сипатталды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ата заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өттік. Сондай-ақ, 30 қарашада барлығымыз үшін маңызды оқиға Ұлы дала төсінде «Мәңгілік ел» құру мақсатына бастаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы жарияланды. Бірер апта бұрын рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толды. Ендігі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстан Елбасымыз айтпақшы азаттықтың 25 жылдығына аяқ басып, ұлы мақсаттардың басында тұр. Міне, күллі мұсылман асыға күткен қасиетті мереке Мәуліт айы кірді. Адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыздың туған айы – Мәуліт мерекесі тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосулардың себепшісі болды. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда» – деген аудан әкімі көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұловқа ауданның рухани, мәдени дамуына елеулі еңбегі үшін  алғыс хат табыс етті.

Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы Мәуліт мерекесінің тарихымен таныстыра келіп: «Мәуліт мейрамы жақсы жаңалықтар қатарында. Жақсы жаңалықтар адамзаттың тұрмысын жеңілдететін пайдалы істер. Мысалы: ұшақ, көлік және т.б. Сондықтан шариғат мұндай жақсы жаңалықтарға   тыйым салған емес. Алла Тағала Құранда: «Алла және Алланың періштелері пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) тілек, дұға жасайды» – деген. Сондай-ақ, «Ей, мүміндер Мұхаммедке (с.ғ.с) дұға, тілек жасаңдар» – дейді. Яғни, оны құрметтеп, қошеметтеп қарсы алыңдар деген. Демек, Мәуліт мерекесі дәл осы аяттарға жасалған амал іспеттес. Кеңестер Одағы тұсында біз тек мешіттерде немесе үйлерде ғана Мәуліт мейрамын атап өтетінбіз. Дәл бүгінгідей мемлекеттік мекемелерде атап өту арман болатын. Тіпті, үкімет адамының келіп діни мерекелерге атсалысуы былай тұрсын, мемлекет адамы мешіттен қашатын. Ал бүгін аудан әкімінің өзі аудан тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтап келуі бұл – Егеменді еліміз жеткен ең биік жетістік, Алланың сыйы.

Мұндай кездесулер мен басқосуларды көбейтіп, халқымызды, болашақ ұрпақты имандылыққа шақырсақ онда еліміздің гүлденгені. Ал, араққұмар, жемқор, есірткіге елтіген адамдармен мемлекет күйрейтіні айқын. Ешқашанда сырттан келіп бізді ешкім тәрбиелемейді. Ешкім де технологиялық және ғылыми жетістіктерін қолымызға ұстатып бермейді. Мұның бәрімен тек өзіміз ғана күресуге және игеруге тиіспіз. Ал, иманды адам арақ ішпейді, темекі тартпайды, зина жасамайды, сондай-ақ ақшаға сатылмайды. Бұл біз дәріптеуге тиіс құндылықтар. Мұны дәріптеуді өзімізден және жанұямыздан, көрші-қолаң, туған-туыстарымыздан бастаған жөн» – деп, көпшілікті имандылық құндылықтарын дәріптеуге шақырды.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Алматы облысы бойын-ша өкіл имамы Нұржан Манапбаев Мәуліт мерекесімен көпшілікті құттықтай келіп, пайғамбарымыз Мұхаммедтің с.ғ.с өнегелі өмір жолынан әсерлі әңгімелер айтты. «Пайғамбарымыз дүниеге келмес бұрын әкесіз қалған екен. Ал ана деген сөзді енді үйренген шағында анасы өмірден өткен. Осылай пайғамбарымыз жастай жетім қалған. Бірақ Алла Тағала оны сол арқылы төзімділікке, сабырға, батылдыққа тәрбиелеген екен. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың үнемі үстінде жүретін бір бұлтты жаратқан. Пайғамбарымыз қайда жүрсе де әлгі бұлттың көлеңкесін      саялап жүрген. Бала кезінде Шам қаласына сауда-саттық мақсатымен келе жатқанда Бахира деген кісі әлгі бұлттың түйеші баланың үстінен кетпейтіндігін байқайды. Бұл Пайғамбардың ерекшеліктері екендігін ол көне кітаптардан оқыған екен. Сөйтіп Бахира керуен мүшелерін үйіне қонаққа шақырады.  Сонда: «Барлығы келді ме?» – деп сұрайды. «Барлығы» – дейді керуеннің басшысы. «Жоқ барлығы келген жоқ» – дейді. Өйткені, әлгі бұлт орнынан жылжымаған екен. Сонда түйелерге қарап, қалып қойған бала пайғамбарымыз үйге шақырылғанда бұлт та бірге жылжып үй төбесіне төнген деседі. Сөйткен пайғамбарымызға пайғамбарлық міндет 40 жасқа толған шағында берілген. Өмірден өтер шағында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Мен сендерге дінді толық жеткіздім бе?» – дейді. Сахабалары: «Иә, толық жеткіздіңіз» – дейді. Сонда: «Дін Ислам енді сендерге аманат, қағылмаған есік, естімеген құлақ қалмасын» – депті. Міне, сөйткен дініміз Ислам алдымен Алланың, кейінгі Пайғамбарымыздың аманатымен бүгінгі күнге жетті» – деп, көркем насихат арқылы көпшілікті елітті.

Сондай-ақ, Алматы қаласы медресесінің тәрбиеленушілері бүгінгі күнде өзекті мәселелер ананы сыйлау, намаз және тастанды балалар тақырыбында театрландырылған көріністер көрсетіп, көпшіліктің көзіне жас үйірді. Сондай-ақ, эстрада жұлдызы, әнші Сержанәлі Әлібек иман тақырыбындағы әнімен әр жүрекке шуақ сыйлады. Сапархан Төреқұлов жиынды қорытындылап, атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Ғибратты жиын көпшілік көңіліне иман нұрын құйды. 

Ә.МАНАСБЕК. 

Оқылды 3308 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет