Жұма, 18 Желтоқсан 2015 14:56

Айтпаса сөздің атасы өледі

Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры. Ұрпақ тағдыры – ел тағдыры. Бұл – бұлжымас қағидат. Дегенмен әлі ақсау тұстарымыз сүйекке дақ боп тұрғаны. «Айтпаса сөздің атасы өледі», бей-берекет заманда, ел-жұрт дін аманда, исі қазақ баласы ана тілде сөйлеуде тұтылды. Сөйтіп, қашырды, халқым, құтыңды. ХХ ғасыр әкімшіл-әміршіл жүйе болса бір сәрі еді. Бүгінде егемен елміз. Әлем алпауыттарымен теңбіз. Жаутаңдайтын несі бар, жалтаңдайтын да несі бар?.. Біз кімнен кембіз? Тәуелсіздік тұсында қазақ пен қазақ орысша шүйіркелесетіндей не күн туды басымызға. Жарымжан жарнамаларымыздың жағдайы әне, «Әуезовті» («ул. М.Ауезова» дегенді «М.Әуезова көшесі» деп аударған)  «Әуезова» дедік. Мұны сынап сан мәрте қамшыладық, алайда шыбық басы да қимылдамады. «Брендтің әйелдің аяқ киімі», «Валюта аиырбастау» деген жарнамаларды да сын тезінен өткізіп жазғанымыз бар. Одан бері де 3 айдың жүзі болды. Жарымжан жарнамалар қаз-қалпында сақтаулы. «Қара басын» жардан жарға соққан Ана тілдің тағдыры Тәуелсіздіктен кейін де оңалмай тұрғанын-ай...

 

 Естеріңізде шығар, қазақ тілінің саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен-ақ төмендей бастағаны белгілі. Бұл қауіптен ана тіліміз 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болған еді. Саяси сілкіністен секем алған Кеңес үкіметі бастапқы жылдары ұлт тілдеріне мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән берді. Себебі, жұмысшы шаруалар көсемі В.Ленин бұған оң көзқарас танытты. Нәтижесінде, Қырғыз (қазақ) АССР-інің 1920 жылғы қазанда өткен І құрылтайының декларациясында қазақ және басқа ұлт тілдеріне жіті мән беру мәселесі талқыланды. Сөйтіп, «ҚАССР-нің мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декреті қабылданды. Алайда, қуанышымыз көпке бармады. Ысқырығы жер жарған Сталин-нің «біртұтас кеңес халқын жасау» саясатына тіліміз тап болды. Қысым көрді, зорлық-зомбылықтың зынданына түсті. Бұған шыдамай бас көтерген қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырады. Көбісі, ату жазасына кесілді.

Артынан Хрущевтің тың игеру саясаты басталды. Қоғам қайраткері, белгілі жазушы Олжас Сүлейменов айтқандай, «Қазақтар ірі кәсіпорындарға бара алмағандықтан, тіліміз өндіріс тілі бола алмады». Сондықтан Қазақстанның өнеркәсіп саласындағы орыс тілділердің үстемдігі артты.

Мемлекеттік саясат қайда бет алса, тарих парақтары солай жазылатыны заңдылық. Дәл сол тұста ана тіліміздің тарихы үстірт жазылды. Осы бір теріс жүйенің торын 1985 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Жазушылар Одағында «Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының тілі» тақырыбында өткен алқалы жиын тарқатты. Нақтыласақ, дәл сол жиында жазушы Ғабит Мүсірепов тіл туралы баяндама жасады. Онда тіл – ұлттың ұлттық белгісі, халықтың тарихы мен тағдыры, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен салты екенін айшықтап, тілден айырылу – бәрінен айырылу екендігін ерекше атаған. Сол жиыннан кейін қазақ тілінде мектептер ашуға, басқа да мәдени шаралар ұйымдастыруға батыл кірісті қазақ зиялылары. Алайда, әміршіл жүйенің темірдей тәртібі бұған мұрсат бермеді. Артын білесіздер, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Дәл осы саяси сілкініс ана тіліміздің тынысын кеңейтті. Орталық комитеттің шешімімен қостілділік, яғни, қазақ және орыс тіліне тең мүмкіндік берілді. Ана тілімізді үйренемін деушілерге арнайы курстар ашылды.

1988 жылы Орталық комитеттің сол кездегі хатшысы, белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков: «...Жергілікті тілді, бұл жағдайда қазақ тілін оқып-үйренуді барынша көтермелеп отыруға болады. Себебі, тіл туралы мәселе – мәдениеттің ғана емес, сондай-ақ саясаттың да мәселесі. Мұның өзі аса әдептіліктің, республикаға ат берген ұлтқа, оның тіліне құрметтің табиғи көрінісі болар еді» деп тұңғыш рет қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселені көпшілік талқысына ұсынған еді республикалық ғылыми-практикалық конференцияда. Бұл Ә.Қайдаров, С.Елубай, С.Сартаев, С.Шаймер-денов секілді қазақ зиялылары тарапынан қолдауға ие болды. Олар «Қазақ әдебиеті» газеті арқылы ойларын ортаға салды.

1993 жыл осы бір зор арман жүзеге асты. «Қазақстан республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп белгіленді Конституцияда. Шындығын айту керек, мемлекет тарапынан қазақ тіліне деген шетсіз, шексіз қамқорлық жасалуда. Бас-тысы, мәртебесін асқақтатып берді. Кезең-кезеңмен барлық іс-қағаздарды мемлекеттік тілге көшіру керектігін де талап етті Елбасы.

2006 жылы Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» сұхбатында:

– Үш бірдей мәселені бағдар ғып ұстану керек. Біріншіден, Тіл туралы заңды қайта қарап, қажет болса замана талабына сай өзгерістер енгізу. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілі   50 пайыздан кем қолданысқа түспеуі керек. Үшіншіден 2010 жылға дейін жасалған Тілдерді дамыту туралы бағдарламаға тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін қатаң бақылау қажет, – деген еді.

Дәл сол жылы Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» – деп қадап айтты тағы да Елбасы.

Ол аз десеңіз, Көшбасшымыздың осы жылы Ұлытау төрінде берген сұхбатында:

– Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай етіп жазылды. Солай ғой? Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Ана тілімізді құрметтей білуіміз қажет. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ. Мен бәрін білемін, біздің жазушыларымыз, мәдениет өкілдері «Біздің тіліміз жетімдік көріп келеді. Тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде, байғұс тіліміз жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді. «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз болады. «Тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады. Ақырзаманды басқа орнатпай, Тіл туралы заңды қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек, – деген-ді.

Осы жылдың ең жағымды жаңалығының бірі болған БҰҰ Ассамблеясының төрінде Көшбасшымыз қазақ тілінде сөйледі. Сөйтіп, рухымызды бір асқақтатып тастады.

Одан да бөлек, қазақ тілі қазір техниканың да тіліне айналып келеді. Кез-келген компьютер, ұялы телефондарда ана тіліміздің әріптері бар. Бұл кешегі өнеркәсіпке енгізбей, Хрущев «тұншықтырған» сайқал саясаттың орнын толтыру. Яғни, Мемлекеттік тіліміздің келешегі кемел.

Әңгімеміздің басында жарымжан жарнамаларды да сын садағына ілдік қой. Сынға іліккен және одан өзге де атқарылған жұмыстар жайын білу мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне  жол тарттық. «Тіл туралы» заңның 21 бабы яғни, жарымжан жарнамаларды жөнге салу бойынша бірқатар жұмыстар атқардық деп ақталды бөлім қызметкерлері. Нәтижесінде, 81 қате анықталып, оның 43-і түзетіліпті.  Ал аудандағы мемлекеттік орталықтарда кіріс-шығыс құжат айналымдарының 94,9 пайызы қазақ тілінде жүргізіледі-міс.

Бәрін айт та, бірін айт. «Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» деген Мағжан Жұмабаев. Осындай тарихи тіліміздің қадірін жіті түсіне алмай отырғанымызға өкінесің. Газет беттерінде жазылған жайттар жабулы қазан қалпында қалатынына өкінесің. Иә, тау қозғалса да қозғалмайтын ақ жағалылардың қылығына да таңданасың. Шындығында, Атилладан бастау алған дара тіліміз кейбір кержақтардың тонына сыймады. Алайда, әумесер астам пиғылдар оралмасқа кетті, баба тілімізді даралайтын уақыт жетті. Елбасымыз бұл жәйтті де уыстан шығармады, түмен сөздің түйінін бір сөзбен шешті: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн».

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4960 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Айтпаса сөздің атасы өледі Көлік салығын төледіңіз бе? »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет