Жұма, 18 Желтоқсан 2015 14:17

Тиянақты тапсырма табысқа жетелейді

«Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай күрделі, өткелі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді». Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 қарашада жариялаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында айтылған ақиқат. Рас, бастан не өткермедік. Құладық, сүріндік. Жыладық, қайта тұрып жүгірдік. Кейде тағдыр тауқыметінен де түңілдік. Бәрі де өтті. Енді дамуға бет алдық. Мұның айғағы – жақында жарияланған Жолдау. берілген нақты тапсырмаларды талқылау, талдау, орындалу барысын ойластыру мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген жиын өтті. Оған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ  қатысты.

Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары және округ әкімдері қатысқан саяси жиынның салмағы болды. Себебі, мешін жылы Елбасымыздың өзі айтқандай, соқтықпалы, соқпақты жыл болмақ. Жиында аумалы-төкпелі сәтте аудан аумағында атқарылатын жұмыстар таразыланды. Аудан басшысы Жолдауды түсіндіру мақсатында баяндама оқып, алдағы жылға нақты тапсырмалар да берді. Айтып өтейік, мінберге көтерілген кәсіпкер Қ.Сұлтанғазиев, Д.Қонаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Ж.Тетрова және Рахат орта мектебінің директоры Б.Рақымжан жаһандық нақты ахуалда Қазақстанның таңдаған бағытын оң санап, Бинәлі Әбдіқапасұлының сөзін бірауыздан құптады. Кеңейтілген отырысты аудандық мәслихат хатшысы Әділбай Талқамбаев жүргізіп отырды. Назарларыңызға аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың мешін жылында аудан атқамінерлеріне жүктеген міндеттерін жариялап отырмыз.

 

Елбасымыз «Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы» деп белгіледі.  Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Сол себепті, Мен сіздерге ауданымыздың 2016 жылға арналған экономикалық – әлеуметтік даму үдерісіне негізделетін бірқатар тапсырмаларды жүктеймін.

 

Бірінші – экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру. Бірнеше жылдар ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі  көрсеткіштері мен демография дамуының көрсеткішінің тұрақты өсімі байқалғанымен қазіргі кезеңдегі дағдарыс біздің ауданға да әсер етіп отырғанын байқап жүрген шығарсыздар.

Бұл тұста ауданымыздың негізгі басым бағыты ауылшаруашылығы мен туризм екендігін білесіздер.

 

Сондықтан:

1. Әрбір ауылдық округ аумағында алдағы дағдарыс-қа қарсы іс-шаралар жоспарларының жасалынуын, даму карталарының, бағдарламаларының жаңартылуын қамтамасыз ету;

2. Іс-шаралар жоспарында егін және мал шаруашылығы өндірісін ұлғайту, өнімді сақтау инфрақұрылымын дамыту, типтік немесе шағын отбасылық жылыжай, мал бордақылау алаңдары желісін кеңейту жұмысын жүргізу;

3. Ауылшаруашылығы мен туризмді дамытуға сырттан инвестиция тарту мен көлемін арттыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, міндетті түрде инновациялық, соның ішінде «жасыл» технологияларды өндіріске енгізуді қолға алу;

4. «Ауыл халқының тұрмысын жақсарту және экологиялық тұтастықты сақтау үшін жайылым қорларын тұрақты басқару» жобасы аясында Жамбыл ауданының аумағындағы ауылшаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар секілді, жаңа жобалар жасау;

5. Игерілмеген жерлерді қайтару, оларды пайдаланудың жаңа бағыттары мен көздерін табу;

6. Кластерлік жүйені ұтымды, кең ауқымда пайдалануды қолға алу;

7. Ауданның  туристік бағытын және осы саладағы басымдылықты дамыту, бұл орайда мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктің тетіктерін жүзеге асыру;

8. «Агробизнес-2020» бағдарламасын-да өндіру және өңдеу бойынша басым 11 бағыт анықталды, олар: астық, май дақылдары, қант, көкөніс пен жеміс, жем дақылдары, ет, сүт, қой өсіру, құс өсіру, балық және жүн.

Осы бойынша арнайы дамыту жоспарларын жаңартып, жоспар аясында жандандыру жұмыстарын жүргізу;

9. Экономикалық тұрғыдан дамымай тұрған ауылдық округтердің негізгі ерекшеліктерін зерттей отырып, ұсыныстар енгізу;

10. Инфляцияны тежеу және негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді қолға алу сияқты жүйелі жұмыстарды жүргізуіміз қажет.

Аталған бағыттар бойынша тиісті ша-ралардың қабылдануы мен орындалуын бақылауға алуды орынбасарларым Бекетаев Мақсат Тоқбергенұлы мен Нұрғисанов Даулет Дүйсеналиұлына жүктеймін.

 

Екінші – аудан тұрғындарын әлеумет-тік қолдаудың көрсеткіштерін арттыру.

Әлеуеті төмен ауылдардан халықтың көшуі ауылдық жерлерде жұмыстың жоқтығы және жалақының төмендігі себебінен орын алады. Бұл біздің ауданға көрші аумақтардан көшіп келушілердің санының артуына негізгі себеп болып отыр.

Сонымен қатар, демографиялық туу көрсеткіші де жақсы деңгейде. Нәтиже-сінде, ауданның барлық аумақтарында халықтың айтарлықтай табиғи өсімі байқалуда.

 

Сондықтан:

1. 2015 жылы жаңадан қабыл-данған «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы-ның, «Жұмыспен қамту»  жол картасының және басқа да бағдарламалардың аясында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпалдасу есебінен жоғары деңгейге қол жеткізуді жоспарлау қажет.

2. Пайдалы жұмыспен қамтылуға және өз жұмысымен қамтылған халық санын азайтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді түрде іздестіру және таңдау, жұмыссыздар мен басқа да нысаналы топ өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, бос лауазымдар жәрмеңкесін өткізу, жас-тар мен әйелдерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кең ауқымда жүргізілуі тиіс.

3. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше назар аударуға міндеттіміз. Бұл ретте Елбасы екі маңызды міндетті алға қойды: кедергісіз инфрақұрылымды дамыту және жұмыспен қамту.

4. Мектепке дейінгі білім беруде біз 3 және 6 жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтуды басты назарда ұстауымыз, сондай-ақ, бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз маңызды болып табылады.

5. Арнайы кәсіптік техникалық білім беруге ауданда үлкен мүмкіншіліктер бар. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіру қажет. Ол үшін ауданның индустриялық бағытын ескере отырып, біз дуалды техникалық және  кәсіби білім беру жүйесін құруға көңіл бөлуіміз керек.

6. қамқоршысыз қалған балаларға арналған жұмысты ауыстырушы институттарды дамыту мәселелерін қолға алу міндеті.

7. Денсаулық сақтау саласындағы бас-ты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты болуы тиіс.             

8. Туберкулезден, қан айналымы жүйесінің ауруларынан, онкологиялық аурулардан қайтыс болуды, ана және бала өлімін азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

9. Баршамыз білеміз, ауруды емдегеннен гөрі, алдын алу ұтымды. Сондықтан да, тұрғындардың тұрақты түрде спортпен шұғылдануы, профилактикалық тексерулерден жиі өтуі үшін барлық жағдайларды жасау міндетті.

10. Мәдениет саласындағы біздің басты міндет – қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті ментальдігін қалыптастыру, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу. Елбасының бұл тапсырмалары әзірленіп жатқан мәдениет саясатының Тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асуын қамтамасыз ету.

11. Бүгінгі күні азық-түлік бағасының қымбаттауы қарқын  алуда, сондықтан аталған бағытта тежеуге негізделген жедел шараларды қабылдап, бақылауға алу.

12. Қоғамдық-саяси, ұлтаралық таулықты қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп, қадағалауда ұстау қажет.

Аталған бағыттар бойынша тиісті шаралардың қабылдануы мен орындалуын бақылауға алу барлық орынбасарларыма жүктеледі.

 

Құрметті  бүгінгі жиынға қатысушылар!

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы  басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміздің нақты қағидаттары:

1. Қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылық қағидаты.

2. Өзара тиімді ашықтық қағидаты.

3. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру қағидаты.

4.  Жалпы қолдау қағидаты.

Әрбір округ әкімі, бөлімдер мен мекеме басшылары осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір аудан тұрғыны хабардар болуы қажет.

Елбасымыздың ағымдағы жылғы жаңа Жолдауын түсіндіру кезінде біз бүкілхалықтық қолдау қағидасын басшылыққа ала отырып, Стратегияның бағыты мен міндетін, маңыздылығын халықтың санасына жеткізе білуіміз керек.

Аталған  мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында менің Өкіміммен ақпараттық  топтардың құрамы жаңартылып, желтоқсан айының ішінде ауданымыз бойынша  өткізілетін халықпен кездесу кестесі бекітілетін болады.

 

Уважаемые участники совещания!

 

Мы вступаем в трудное время, но это не должно нас волновать. Под руководством нашего Президента мы преодолели жесточайшие кризисы 90-х годов, финансовые кризисы 2000-х годов. И с каждым преодоленным кризисом мы выходили еще более сильными и процветающими.

И в этот раз, в своем Послании Лидер нации Назарбаев Н.А.  определил единственно верный путь выхода из кризиса. Нам всем надо проникнуться общей заботой о благополучии нашей Родины, сплотится для  выполнение всех поставленных задач, принять активное участие в реализации данного Послания.

Как верно отметил наш Президент: «Сложный этап, который наступает, будет для нас временем преодоления. Мы обязательно победим новый глобальный кризис. Для этого у нас есть единая воля, прочные традиции единства народа. Мы выведем наш Казахстан на новые рубежи развития!

Ардақты ағайын!

 

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың  мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Ендеше «Ынтымақ жүрген жүрде, ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдып келеміз.

Мәңгілік Елдің іргетасын қалауға бет алдық.            Алдымызға жаңа міндеттер және зор мақсаттар қойдық! Осы асулар мен белестерді бағындыру тек өз қолымызда.

Ұлы дана халқымыз: «Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте» – деген. Сондықтан еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет.            Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде алдымызға қойған межеге жетуіміз сөзсіз.

Отанымыз мәңгі болса – біздің де мәңгі жасағанымыз, ұрпағымыздың шаттығы – біздің жетістігіміз. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге   бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол болсын.

Әрбір күніміз мерекелі, бастаған істеріміз берекелі, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!


Оқылды 4659 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет