Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 12:14

Толеранттылық пен өзара келісім – ынтымақ кепілі

Жақында Райымбек батыр атындағы орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, қоғамдық келісім кеңесінің, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, белсенді азаматтар және жастардың қатысуымен «Толеранттылық пен өзара келісім – ынтымақ кепілі» атты жиын өтті.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі-нің басшысы Момунжан Исламов жиынды ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар: «Этно-мәдени тәрбие берудегі аналар мектебі» атты дөңгелек үстел отырысында үлгілі, мығым шаңырақ қалыптастыру, бірлік пен ынтымақ тақырыптары аясында ой алмасу болса,  екінші мәселе «Бала күлкісі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру.

Алғашқы мәселе бойынша Алматы облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Зульфия Раджабова баяндама жасады. «Еліміздің шаңырағын биік, босағасын берік етіп ұстау ұрпақ тәрбиесіне байланысты болса, ортақ отанымыз Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі ету, барымызды бағалай білуімізге байланысты. Еңбекшіқазақ ауданы этнос өкілдерінің ең тығыз орналасқан жері. Ауданымызда 8 этно-мәдени бірлестіктер бар. Олар тұрақтылық тұтқасын нық ұстауда. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген бабалар қағидасын бағдар етіп ұстансақ болашағымыз баянды болмақ» – деп, Зульфия Раджабова бірлік туын бір кісідей көтеруді ұсынды.

Аудандық «Әйелдер Одағы» қоғамдық қорының төрайымы Роза Исатаева: «Отан – отбасынан басталады». Отбасы берекелі болса, бүлдіршіндерді өзара ынтымаққа тәрбиелесек, мейірімге және адамгершілікке баулысақ ел болашағы жарқын боларына сенім мол. Бүгінгі ауданымыздағы өзара келісім үлгісі дәл осы отбасынан басталған тәрбие жемісі» – деді.

Сондай-ақ,  «Ақжүніс» қоғам-дық ұйымының төрайымы Лилия Долматова толеранттылық ұғымы мен гендерлік теңдік ұғымы егіз екендігін айтты. Бұл мақсатта қоғамдық ұйыммен «Болашаққа жол» атты жоба жасалғандығын жеткізді. Жоба аясында түрлі зерттеулер мен ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, бүгінгі айрандай ұйыған қоғамды бұзуға бағытталған бірқатар мәселелер анықталған. Солардың бірі, қазіргі жастардың ұялы телефондар мен компьютерлер арқылы еркін ақпарақта қол жеткізу мүмкіндігі. Сөйтіп, жат діни ағымдарға еру қаупі. Бұл қоғамдық ұйым жүргізген соңғы зерттеулер нәтижесі. Мұнымен күрес отбасында басталатынын жеткізді ұйым төрайымы.

Аудандық «Шешен-ингуш» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Зоя Магамадова шешен және ингуш халықтарының бала тәрбиесіндегі ерекшеліктеріне және отбасы құндылықтарына тоқталды. Ешбір халық баласын жаман бол деп тәрбиелемей-тіндігін жеткізді. Барлығы да баланы ертеңгі азамат, ел тірегі ретінде барынша жақсылыққа баулып, жамандықтан қорып сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүр аясында алақанға салып аялайтындығын айтса, «Курд» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Зейнам Мамедова, «Славян» этно-мәдени бірлестігінің өкілдері, Грек этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Елена Тупиева да ұлттар достығын, бала тәрбиесін, отбасы құндылық-тарын дәріптеу және дамыту жөнінде баяндама жасап, ұсыныстар айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Бала күлкісі» атты қайырым-дылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан он балаға азық-түлік себеттері таратылды. Оны Момунжан Исламов және  аудандық «Әйелдер Одағы» қоғамдық қоры және белсенді азаматтар мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері ізгі тілектерін арнай отырып табыстады.

Жиын соңынан аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың атынан ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуы жолындағы елеулі еңбектері үшін  Роза Исатаева, кәсіпкер Шолпан Қасымбаева, Зульфия Раджабова, Лилия Далматова арнайы   дипломдармен марапатталды.

Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 4578 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет