Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020 09:27

Ауруханадан компьютер ұрлаған

Түркістан облысының полицейлері ауруханадан компьютер ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шардара АПБ-не аудандық орталық ауруханадан ұрлық болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. 

Арызда белгісіз адам ауруханаға қабылдау есігі арқылы кіріп, ашық қалған мәжіліс залында тұрған бір дана компьютерді (моноблок), клавиатурасымен қосып, жымқырып кеткені көрсетілген. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел–тергеу тобы құрылып, барлық қажетті шаралар іске асырылды. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде ауруханаға тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басын анықтап, аудан көшелерінің бірінен “ізін суытпай” бір сағат ішінде табады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлаған компьютерді азық–түлік дүкендерінің біріне өзіне қажетті заттар алып, кепілге қойып кеткен. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға құнды заттарыңызға барынша сақ болуды ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің бағалы заттарыңызға көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

Оқылды 2255 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет