Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:54

Заңның орындалуы қатаң бақылауда

Қоғам болған соң, онда өмір сүретін адамдардың да әртүрлі болатындығы белгілі. «Бармақ басты көз қыстылыққа» салып немесе мәжбүр болғандықтан заң шеңберінен шығып кететін адамдар да осы қоғамның мүшесі. Ал осындай азаматтарды жөнге салып, Қазақстан      Республикасы заңдарының орындалуын қадағалайтын орган – прокуратура. Прокурорлар кез-келген салада заңның орындалуын қатал бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтайды. Айыптылардың тиісті жазасын беруге ықпал етеді.

 Аудандық құқық сақшыларының биылғы жылы атқарған еңбектері шаш етектен. Аудандық прокуратура аудан аумағында заңдылықты нығайту негізінде жұмыс жасап, азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде. Прокурорлар мерекесі қарсаңында солардың бірнешеуіне тоқталып өткенді жөн санадық...

Аудандық прокуратураның берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айына дейін ауданда 759 заң бұзушылық анықталған. Тарқатып айтсақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаға сәйкес 10 заң бұзушылық анықталып, 3 заңдылық бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгізілген. 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік өндіріс қаралуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бақылауындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі де прокурорлардың назарынан тыс қалмаған. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау барысында 1 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 заңсыз акті бұзылған. Ал жалған куәлікпен тегін тамақтанып жүргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Нақтырақ айтар болсақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында аудандық прокуратураның сенім телефонына жеке кәсіпкерден шағым түскен. Онда өздерін аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырған 2 ер азамат 2013 жылдан бастап кәсіпкердің мейрамханасынан ақысыз тамақтанып, 200 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Аталған деректерді тексеру барысында Талғар ауданының қос тұрғыны ұсталып, оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 2 бөлігімен сотқа дейін тергеу амалдары басталып, аудандық ішкі істер басқармасына жолданған.

Азаматтардың еңбек құқығын қорғау да прокурорлардың қатаң бақылауында. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2 заң бұзушылықты болдырмау туралы ұсыныс енгізіліп, оның негізінде жалақысын ала алмай жүрген 2 қызметкердің мәселесі шешілген. Басынан бастайық. Алматы облыстық ауданаралық экономикалық сотының 20.01.2011 жылғы шешімімен банкрот деп танылған «ПлодЭкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 қызметкердің еңбекақысын бермей, жалпы сомасы 2 млн 655 мың теңге болған. Аталған қаржыны өндіру үшін аудандық прокуратура тарапынан еңбек инспекциясына ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде қызметкерлердің қарызы қайтарылған.

Сондай-ақ, салық заңнамасы бойынша 2 тексеру жүргізіліп, 65 заң бұзушылық анықталған. Салықтан жалтарғандарды тауып, оларға шара қолданудың нәтижесінде мемлекет қазынасына 90 млн 289 мың 525 теңге түсірілген.

Жер заңнамасының қолданылуын қадағалау барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жол берілген көптеген заң бұзушылықтар көрініс берген. Атап айтар болсақ, прокуратура тарапынан 3 рет тексеру жүргізіліп, заңдағы 144 шикілікті байқаған. Оларды жою мақсатында 28 наразылық және 9 ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде, 139 акт заң талаптарына сәйкестендірілді, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде 6 млн 450 мың теңге мемлекет пайдасына өндіріліп, көлемі 544,3 гектар болатын 24 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың қолданылуын қадағалау бағытында да аудандық прокуратура қомақты жұмыс атқарған. Мәселен, сала бойынша 144 іс қаралып, 2176 баланың құқығы қорғалған. Нәтижесінде, 117 тұлға тәртіптік, 5 адам әкімшілік және 16 азамат материалдық жауапкершілікке  тартылған. Аталған сала бойынша бюджетке 16 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған.

Міне, заңның орындалуын қадағалаушы органның кейбір деректерін алдарыңызға қойдық. Мұнымен прокурорлардың еңбегін көрсетіп қана қоймай, сіздерге заңды құрметтеп, оны орындау керектігін айтпақпыз.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4530 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет