Бейсенбі, 15 Қазан 2015 12:00

Өмір – баға жетпес құндылық

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде, колледж ұстаздарының ұйымдастыруымен «Адам өмірі –  басты құндылық» тақырыбында жиын өтті.

 

Өмір екі қайтара берілмейтін ғажайып екендігін психологиялық және дін тұрғысынан жастар санасына берік орнату мақсатында өткен жиынға колледж ұстаздарымен қатар студенттер, психолог мамандар мен қала мешітінің бас имамы Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы қатысты.

Бүгінде суицид жастар арасында көбейіп кеткенін көлденең тартты психологтар. Дінге немесе арнайы мамандарға, ата-анасына басындағы проблеманы айтудан қашқан, сөйтіп қыл арқанға қылқынып немесе у өзегін өртеп өмірден өткен жастар саны жыл санап арту үстінде. Осылай еліміз өз-өзін өлтіргендер саны жағынан көш ілгері тұр әлемде. Мұның себебін рухани құлдырау деп түсіндірген психолог мамандар Қарлығаш Исенбаева, Баян Балташева және Клара Қалжанова жастар қауымына осы тақырыпты қамтыған баяндамалар оқыды.

Колледж директоры Гүлнар Жошыбаева жастарды иман дейтін игі құндылықты берік ұстануға шақырса, Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы қазақтың қызы мен ұлы қашан да қастерлі ұғымдар екендігін айтты. Сондай-ақ, ар мен ұят, отансүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет дейтін ізгіліктерді дәріптеуге үндеді. Өзін-өзі өлтіру – дін Ислам ұстанымдарында кешірілмес күнә екендігін жеткізді.

Ә.МАНАСБЕК

Оқылды 6903 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет