Сәрсенбі, 03 Мамыр 2023 16:57

Бауыржан Әукен: «Үрейдің негізгі себебі – Қытаймен көрші болуымыз»

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай елінің өзара визасыз режим енгізуі қазір қоғамда қатты талқыланып жатыр. Тіпті «Қазақстанды енді Қытай басып алады» деген пікірлер де қаулап тұр. Бұған қатысты ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға сарапшысы Бауыржан Әукен пікір білдірді.

— Қазақстан мен Қытай елінің өзара визасыз режим енгізуі қазір қоғамда қатты талқыланып жатыр. Тіпті «Қазақстанды енді Қытай басып алады» деген пікірлер де қаулап тұр. Бұған қандай пікір білдіресіз?

— Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің енгізілуі қоғамда қызу талқыға түскен өзекті мәселе екендігі рас. Қазақстанды Қытай өз халқын қоныстандыруы арқылы басып алады деген үрейдің тууы заңды сұрақ деп ойлаймын. Себебі Қазақстанның әлемдегі экономикалық тұрғыдан екінші, халқы саны бойынша бірінші орынды иемденетін Қытаймен көрші болуымыз үрейлердің тууының негізгі себептері деп санаймын.

Алайда, Қытай азаматтарының елімізге жаппай қоныс аударады деп уайымдауға еш негіз жоқ деп ойлаймын. Себебі 2022 жылдың маусымынан бастап осы күнге дейін ҚХР азаматтарының Қазақстанда 14 күн бойы визасыз тұруына құқығы бар. Аталмыш уақыт аралығында ҚХР азаматтары елімізге жаппай қоныс аударғандығы және жұмыс орындарымызды тартып алғандығы байқалмайды. Қытай азаматтары үшін 14 күн енді 30 күнге дейін ұзартылды. Керісінше, қазақстандық кәсіпкерлерге аталмыш визасыз режим үлкен мүмкіндіктер ашпақ.

– Жалпы, визасыз режим енгізу 2018  жылдан бері қозғалып келгенімен, осы уақытқа дейін шегеріліп келді. Нақ қазір визасыз режим енгізу не үшін қажеттілік тудырды?

— Визасыз режимнің енгізілуі – Қазақстан мен Қытай азаматтарының елдерге кіруін жеңілдетуге және экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға ұмтылуымен байланысты. Қытайдың нақ қазіргі таңда аталмыш визасыз режимнің енгізілуін растауына көптеген себептер бар.

Ең алдымен пандемия мен еуропадағы әскери қақтығыстың нәтижесінде туындаған экономикалық дағдарыс пен сауда-саттық байланыстардың бұзылуы түрткі болды деп ойлаймын. Қазіргі шиеленістер артқан күрделі геосаяси кезеңде, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің орнауы дипломатиялық жетістік екендігі анық.

— Екі ел арасындағы сауда ынтымақтастық байланысы жылдан-жылға дамып отыр. Ал енді бұдан кейін алыпсатарлық экономика дамиды. Тіпті осы ретте заңсыздықтар орын алуы да мүмкін деген пікірлер бар. Мұнымен келісесіз бе?

— Екі ел арасында сауда ынтымақтастық жылдан-жылға дамып отырғандығы рас. Алыпсатарлық экономиканың қазіргі таңның өзінде дамыған. Себебі қазақстандық кәсіпкерлер, жалпы алғанда, басқа мемлекеттік кәсіпкерлері де Қытайда өндірілген тауарларды интернет сауда платформалары арқылы алып, өз елінде сату арқылы жұмыс атқарады.

Керісінше, шекараның ашылуы арқасында жеке кәсіпкерлердің саны артып, жұмыссыздық азайып, халқымыздың әл-ауқатының көтерілуіне себепкер болмақ. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілердің өз тауарларын әлемнің ең ірі нарығына сату мүмкіндігі пайда болады. Ал заңсыздықтар орын алмауы үшін ең алдымен шекарадағы тексерісті күшейту қажет, осы орайда президенттің тапсырмасы бойынша шекарадағы ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— «Визасыз режим, Қазақстандағы еңбек нарығына өз әсерін береді» деседі. Осы арқылы Қытайдан Қазақстанға арнайы мамандар топталып келіп, еліміздегі мамандардың орнын басуы мүмкін бе және бұл елде жұмыссыздық деңгейінің өсуіне ықпал етпей ме?!

— Қытай халқының 2023 жылғы орта есеппен алғандағы жалақысы 1227 долларды құрайды. Бұл шамамен қазақстандықтардың орташа жалақысынан 500 долларға артық. Осыған орай, қытайлықтардың жаппай Қазақстанға келіп, еліміздегі мамандардың орнын басуы –  екіталай.

Керісінше, визасыз режимнің пайда болуы қазақстандық кәсіпкерлерге инвесторлар мен бизнес серіктестер табуына үлкен мүмкіндіктер ашпақ. Қазақстандықтардың Қытайдың әлемдік деңгейдегі технологиялық компанияларында тағылымдама өтуіне, жинаған тәжірибені елімізде пайдалануына да септігін тигізеді.

— «Қазақстанға Қытай экпанциясынан қорқу керек» дейтіндер бар. Бұған қалай қарайсыз?

— Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау процесі 2013 жылы толығымен аяқталған. Бұл Қытайдың екі ел арасындағы шекараны толықтай мойындайтындығының айқын дәлелі. Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылдың қыркүйек айындағы елімізге сапарында Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауын қолдайтындығы жайында айтуы аталмыш үрейдің негізсіз екендігін білдіреді. Қытайдың экономикалық тұрғыдан экспансиялауы да екіталай. Себебі Қазақстанның сауда-саттық байланыстары тек Қытаймен ғана шектелмеген.

– Визасыз режим қытай азаматтарының ЖСН алып, Қазақстанда кәсіптерін заңдастыруға мүмкіндік бере ме?

— Жаңа келісім жобасына сәйкес, Қытай азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзиттік және іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстанда күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз бола алады. Сонымен бірге, визасыз режим аясында оларға және басқа да шетелдіктерге Қазақстанда еңбек немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады.

– Қытаймен арадағы визасыз қарым-қатынасты орнатудың қажеттілігі неден туындады? Экономикалық тұрғыда Ресей мен Украина соғысының әсері бар ма?

— Аталмыш қақтығыс әлемнің барлық елдеріне, соның ішінде Қытайға да әсер еткендігі рас. Екі ел арасындағы визасыз режим қазіргі дағдарыста, Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізбек. Менің ойымша, Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауына үлкен мүмкіндік ашады.

Әңгімелескен Қарлығаш Зарыққанқызы.

дереккөз

Оқылды 642 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет