Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 09:40

Қатынас қағидасын қатаң сақтауға тиіспіз

Мамандардың сөзіне сүйенсек ай мен күннің аманында тәуелсіздігімізді алған жылдан бастап жол апатынан қаза болғандардың саны соғыс жылдарындағы өлім деңгейінен де асып түскен. Қазақ саны көбейсе екен деп жүргенде көк темірден келген ажал көбіне жастарды жалмап жатқаны өкінішті. «Тағдыр ғой» деп жылы жауып қойғанымызбен бұл мәселенің түрлі себептері бары анық. Еліміздегі автомобиль жолдарының сапасының төмендігі, азаматтардың жүргізушілік мәдениетінің төмендігі, жеке бастың жауапкершілігінің аздығы және жүргізуші куәлігін оқымай алу секілді жайттар қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруда. Бұл тақырып әрине біздің елімізге ғана тән емес, әлемге ортақ өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда Еңбекшіқазақ аудандық Полиция Басқармасы Патрульдік полиция ротасының командирі, полиция майоры Ерсін Жанатұлынан ауданымызда орын алған жол көлік оқиғаларының есебін білдік.

– ХХІ ғасырда автокөлік кезкелген адам күнделікті қолданатын техника болғандықтан және оның саны күрт көбейгендіктен жолда әртүрлі жағдайлар орын алып жатады. 2022 жылдың 10 айында біздің тарапымыздан атқарылған жұмыстарды таныстыратын болсам, Еңбекшіқазақ ауданының Полиция Басқармасының жоспарына сәйкес жол ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау және жалпы апатты жағдайдан сақтау мақсатында, Патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен 2022 жылдың 10 айы ішінде 15 алдын алу іс-шаралары өткізілді, – дейді полиция майоры Ерсін Бигелдиев.

Көлік тізгіндеген жүргізушілердің тәртіп бұзуы азаймай тұрған көрінеді. Е.Бигелдиевтің сөзіне сүйенсек, 2022 жылдың 10 айында Патрульдік полиция ротасы қызметкерлері 24501 әкімшілік хаттама толтырған екен. Оның ішінде 86-сы көлік құралын масаң күйде басқарғандар, 18-і жолдың қарсы бағытына шыққандар.

Сондай-ақ, ЖКО бойынша Профилактикалық жұмыс нәтижесінің статистикасы баян етілді. 2021 жылы ауданымызда 10 айда 270 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, биылғы жылдың 10 айында 218 ЖКО тіркеліпті. Былтырғы жылы 55 адам қаза тауып, 388 адам жарақат алған болса, 2022 жылы 58 адам қайтыс болып, 335 жан жарақат алыпты.

Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жол-көлік оқиғасына, әсіресе, көптеген адамдардың әр түрлі дене жарақаттарын алмау және адам шығынына жол бермеу үшін, жол оқиғасы болған аумақтарға сараптама, алдын алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Патруль бағыттары қарастырылған сызбалар әзірленіп, көп орын алған жол-көлік оқиғалары бойынша ұдайы негізде сараптама жасалады. Нәтижесінде полиция кешенді күштерінің жоспарына және жүру бағыттарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу жұмыстары үнемі ұйымдастырылуда.    

Жолда барынша сақ болайық, жерлестер!

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 435 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет